Басты бет » Мәдениет (page 20)

Мәдениет

«Сұлулық осындай болады екен…»

Байқау Студенттер сарайында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Университет аруы — 2017» байқауы өтті. Жыл сайын өтетін дәстүрлі қыз сынына бұл жолы әртүрлі мамандықта оқитын бас-аяғы 12 ару қатысты. Аталған оқу орнына қарасты студенттер және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің қызметкері Данагүл Базарбаеваның айтуынша, мақсат — көп қыздардың арасынан ақылына көркі сай, қазақтың барлық салт-дәстүрін білетін, өнерлісін анықтау. Биыл ...

Жалғасы »

Этносағат бесікке арналды  

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында «Қазақтың қазынасы — бесік жыры» этносағатын өткізді.  Әуелі оқырмандар кітап көрмесін тамашалды. Этносағатты бастаған ардақты әже Салтанат Айтжанова бесіктің пайдасы,  «Бесікке  салу» дәстүрі туралы әңгімелеп,  «Әй-әй бөпем» халық әнін орындап берді. Суретші, зергер, қолөнер шебері Ерқосай Әбілов бесіктің жасалу жолын түсіндіріп, оның қарапайым талдан жасалатынын және  өзінің сүйектен жасаған бесік жабдығы ...

Жалғасы »

Димаш туралы франциялық журналистер хабар түсірді

Қытайдың «Hunan TV» телеарнасы ұйымдастырған «Мен әншімін» байқауында бақ сынап жатқан жерлесіміз Димаш Құдайберген туралы Францияның «France 2» телеарнасы бейнематериал түсірді. Шетелдік тілшілер өнер иесінің Қытайдағы танымалдылығын сөз еткен.                     «ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, таңертеңгелік бағдарламаның сюжеті «Сіз мына керемет дауысты естіп тұрсыз ба? Бұл ғажап дауыс иесінің есімі —Димаш. Бүгін біз ...

Жалғасы »

«Екі езу» езу жиғызбады

Жаңа бағдарлама   Наурыз мерекесіне орай Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының «Екі езу» сатира труппасы 21-22 наурыз күндері Студенттер сарайында «Сатира — сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» деген ұранмен өзінің  мерекелік бағдарламасын ұсынды. «Екі езудің» бұл жолғы интермедиялары да, формасы да ерекше болды.  Труппа ҚР Мәдениет қайраткері, сатирик Нұрлыбек Жұбатқанның «Құбылу», «Бала жасау», «Бос орын жоқ», «Ұят бар ма?» және қалжыңның ...

Жалғасы »

Қобызды қолдан жасаған

Қобыз деген киелі асапты өздігінен үйреніп, оны қолдан жасап, қосылып  жыр айтатын Жетес Жәмеков Ақтөбе қаласында тұрады. Наурыз мейрамы қарсаңында Жетеспен бірер ауыз сұхбаттасқан едік. — Қобызға деген қызығушылығыңды оятқан не нәрсе? — Жасымнан халықтық өнерге, оның ішінде домбыра, қобызға ерекше көңілім ауды. Біздің бала кезімізде ауылда жыр-дастанды оқу ешкімге  таңсық емес, бәрі оқиды. Сол сияқты  Қазақ  радиосын өліп-өшіп тыңдаушы ...

Жалғасы »

Адамның сұңқары атанған бабаға құрмет

Т.Ахтанов атындағы драма театрда Мырзан Кенжебайдың «Тілеу батыр» тарихи драмасының премьерасы өтті. Премьераға Алматыдан «Тілеу батыр» тарихи драмасының авторы, ақын, журналист Мырзан Кенжебай, жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері  Дулат Исабеков,  академик Өмірзақ Айтбаев, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Қажыбек, «Арыс» баспасының директоры, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамының вице-президенті  Ғарифолла Әнес тәрізді елге танымал тұлғалар келді. ...

Жалғасы »

«Қайдасың сен, махаббат?» кітабы таңдалды

«Оқитын өлке» Жуырда С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында   «Оқитын өлке» акциясын ұйымдастыру комитетінің алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске белгілі журналист Идош Асқар, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,  ақын Жақсылық Айжанұлы, зағип жандар және көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының директоры, ақын Нұрлыбек Қалауов, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары Үржан Құдасова, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Сұлушаш Хакимова, С.Бәйішев атындағы ...

Жалғасы »

«Оқы, ақтөбелік өренім!»

Акция Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында республикалық «Бір ел — бір кітап», облыстық «Оқитын өлке» акцияларының ізімен балалар арасында жергілікті ақын-жазушылардың әдеби мұрасын насихаттап, өскелең ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Оқы, ақтөбелік өренім!» атты облыстық оқу марафоны жарияланған болатын. Биыл белгілі ақын, Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі, республикалық «Жалын», «Балауса» баспалары жариялаған жабық конкурстардың екі мәрте жүлдегері Мұхтар Құрманалиннің ...

Жалғасы »

«Сағындырған әуендер»

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда Көрісу күніне орай «Сағындырған әуендер» атты ретро концерт өтті. Кешті қалың көрерменмен бірге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тамашалады. Кеш барысында камералық оркестрдің сүйемелдеуімен облыстық филармония әншілері өнер көрсетті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі — Әли Ермекбаев. Сахна шымылдығы филармония әншісі Арман Төлесіновтің орындауындағы Нұрғиса Тілендиевтің «Сарыжайлау» әнімен ашылды. Сондай-ақ өзіндік тарихы бар, құлаққа сіңген «Өз елім», «Куә бол», ...

Жалғасы »

Ахтанов театрында — «Тілеу батыр»

Тұсаукесер Наурыздың 16-17 күндері Т.Ахтанов атындағы драма театрда ақын, журналист жерлесіміз Мырзан Кенжебайдың пьесасы бойынша «Тілеу батыр» тарихи драмасының премьерасы болады. Ел тәуелсіздігі жолында жан аямай күрескен қазақ батырларының ішінде 1681-1684 жылдарда Кіші жүзден 17 мың қол жинап, атақты Сайрам соғысына қатысқан, би әрі әскери қолбасшы Тілеу батыр Айтұлының ұлт тарихында алар орны айрықша. Жоңғарлармен шайқаста баласы Жолдыаяқ екеуі де ...

Жалғасы »