Басты бет » Әлеумет (page 30)

Әлеумет

Біз жүріп өткен жол

Медицина университетіне — 60 жыл Қай қоғамда да ұстаз бен дәрігердің алар орны бөлек. Себебі, бірі адам баласының жан саулығының, екіншісі тән саулығының сақшысы депті бір ғұлама. Өзі оқыған мектебі мен институты жайлы ойласа, кім-кімнің де жүрегі елжіреп сала береді. Бүгінде ашылғанына 60 жыл толып отырған Ақтөбедегі мемлекеттік медицина институты оның алғашқы студенті ретінде табалдырығын аттаған менің әріптестерім үшін де ...

Жалғасы »

Еңбекпен елге еленген

1 қазан Халықаралық – қарттар күні Біз бүгінде ақсақалдық ауылына енген аға буынның еңбек жолдарын жастарымызға үлгі еткенді қалаймыз. Сондай жақсы жандардың бірі — Амангелді Қамашев. Мына бір жай әлі есімде. 2007 жылы Әбекең зейнет жасына жетті. Бірақ оның іскерлігін, ұйымдастырушылық қабілетін ескерген Мұғалжар ауданы басшылығы бір жыл бойы қызметінен босатқан жоқ. Содан кейін ғана қазақы дәстүрмен өзінің иығына шапан ...

Жалғасы »

PIAAC зерттеуі: мүмкіндік және бағдарлама

2017 жылғы 1 тамызда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының халықаралық PIAAC зерттеуі Қазақстанда алғаш рет бастау алды.    Бұл — халықтың оқу, математикалық және ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын анықтайтын кең ауқымды халықаралық зерттеу. Сауалнамаға және тестілеуге 16-65 жастағы 6000 қазақстандық қатысады. Зерттеу халықтың күнделікті өмірінде оқу, ақпаратты іздеу және компьютерлік технологияларды қолдану сияқты әрекеттерді қалай жүргізетіндігін анықтауға, сондай-ақ олардың білімі және жұмыс ...

Жалғасы »

Жақсылық ТҮНҒАТАРОВ, Астана қаласының тұрғыны, еңбек ардагері:

— Біздер негізінен кеңестік кезеңде еңбек еткен, сол уақыттың тәрбие-тәлімін көрген ұрпақпыз. Мен облыстың құрылыс саласында басшылық қызметте болдым, сондай-ақ облыстық партия комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі болып, көп шаруаның басы-қасында жүрдім. Сол тұста Ақтөбе аумағында көптеген өндірістік, әлеуметтік құрылыстар салдық. Біз де өз әлімізше елдің экономикасын көтердік. Дегенмен, бүгінгі мезгілде атқарылып жатқан жұмыстармен салыстырғанда мақтана алмаймыз-ау шамасы. Бүгінде Ақтөбе қаласының ...

Жалғасы »

Мұхит ІЗБАНОВ, ҚР Жоғары кеңесінің XII шақырылымының халық депутаты, Еуропадағы ынтымақтастық қауіпсіздік ұйымы вице-президенті (1992-1994), Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы:

— Халық даналығында «Туған жер — тұғырың, туған ел — қыдырың» деп бекер айтпаса керек. Туған жер, туған ел — ең асыл ұғымдардың, жоғары құндылықтардың бірі. Туған жер — әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Міне, мен үшін ең ыстық кіндік қаным тамған туған елді мекенім — Мұғалжар ауданындағы шалғайда жатқан Ащысай ауылы. Кез келген адамның болашағы да, ...

Жалғасы »

Нұрдәулет СӘДУОВ, Ақтау қаласындағы «Интер-Строй-Ақтау» фирмасының директоры:

— Ауылда туып-өскен біздердің армандарымыз алысқа жетелейтін. Жоғары білім алып, белгілі бір мамандық иесі болсақ дейтінбіз. Соның бәріне қол жеткізген кезімізде заман өзгерді, нарықтық қатынастар үстемдік ете бастады. Біз де уақыт ағымына сай қозғалыстар жасауға ұмтылдық. Бүгінде сонау Ақтау қаласында еңбек етіп жатырмын. Мен жетекшілік ететін Маңғыстау өңіріндегі «Интер-Строй-Ақтау» фирмасы құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Өмірден өз орнымды таптым дегенмен, туған жерге ...

Жалғасы »

Марал ШЕРАЛИЕВА, Қырғыз Республикасының тұрғыны, байланыс қызметкері:

— Мен кезінде Ақтөбе қаласындағы байланыс техникумында оқығанмын. Өзім туған өңірдің жақсы маманы болсам деп ойлағаным да рас кезінде. Бірақ білімімді одан әрі жетілдіргім келіп, Ташкенттегі байланыс институтына оқуға түстім. Сонда жүріп студенттік күндерді бірге өткізген қырғыздың Асанбек деген азаматымен танысып, шаңырақ құрадық. Қазіргі уақытта Ыстықкөл облысындағы Қаджысай ауылында байланыс бөлімі меңгерушісімін. Эльмира, Индира атты екі қызымыз бар, олар да ...

Жалғасы »

Бүлдіргіштермен күрес немесе бейнебақылау камерасы — тұрғындар қауіпсіздігі

  Ақтөбеде тұрғын үйлерде бейнебақылау камералары орнатыла бастады. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыру бағытында Ақтөбе облыстық телекоммуникация дирекциясы «Кіреберістер үшін бұлтты бейнебақылау» жобасын қолға  алып, алғашқы кезеңін бастап кетті. Бұл тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоба. Подьездің тазалығын берсін, Отбасының амандығын берсін! Немесе Бүлдірмесең алғыс аларсың.  Бүлдірсең қарғыс аларсың! Зейнеткер ...

Жалғасы »

Ақтөбе ірі орталыққа айналады

Бисенғали ТӘЖИЯҚОВ, «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, «Интертич» денсаулық сақтау және медициналық сақтандыру қазақ корпорациясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі: Биыл Ақтөбе облысының 85 жылдығы атап өтілетінін, облыста «Туған жер» республикалық форумы ұйымдастырылатынын естігенде ерекше қуандым. Мен туған жерім Ақтөбе өңіріне екі жылда бір барып тұрамын. Әке-шешем өсіп, өнген Байғанин ауданының мен үшін орны тіпті бөлек. Мен сонау ...

Жалғасы »

Ер-азамат туған жерін ұмытпауы тиіс

Болат ЖАНАСАЕВ,  Әскери генерал-лейтенант: — Ел жақтан осындай форумның өтетінін естіп, артынша шақырту түскенде, қуанышымда шек болған жоқ. Ақтөбеде туып, әртүрлі себептермен әлемнің әр қиырында жүрген азаматтар болып кіндік қанымыз тамған жерде жиналайық деп жатырмыз. Сөзсіз, көңілде аз-маз толқу бар. Туған жердің өзіне тартып тұратын сиқыры болады ғой. Ұйымдастырушылардан білгенімдей, екі күнге созылатын «Туған жер» республикалық жерлестер форумына жер-жерден 300-ге ...

Жалғасы »