Басты бет » Әлеумет (page 20)

Әлеумет

Күрделі есептің шешуі

Ғылым жолында Ол — өмірде талай күрделі есептерді шығарған адам. Математика атты ішкі қыртысын кез келген адамға аша бермейтін қиын ғылым жолын таңдауы тағдыр жазуы шығар. Бірақ ол алған бағытына адалдығын танытты, көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Жайшылық Сартабановтың есімін Ақтөбе жұртшылығы жақсы біледі. ...

Жалғасы »

Жаңғыру жолымен

Биылғы 3 қарашада Астанада Елбасының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өткені белгілі. Бұл жиында партияның 2017 жылдың 10 айында еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы аясында атқарған жұмысы қаралады. Кеңейтілген отырыста ақтөбелік делегация құрамында — Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Сергей Вишняк, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің директоры, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі ...

Жалғасы »

Тұлпардың тұяғы

Мерей Тамырында тектілік тасып тұрған тұлпардың өзі де, жалы да, тіпті өзінен қалған тұяғы да текті болары сөзсіз. Тіл білімінің тұңғыш профессоры, кезінде білімнің биігіне шығып, солақай саясаттың жазықсыз құрбаны болған Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың тұяғы Асқар Жұбанов бүгінде атаның асыл жолын арқалап, білім шоғырын болашаққа мұра етіп қалдырып жатқандай. Қазақ жадында «Жұбановтар әулеті» деген атпен сақталған саңлақтардың есімі қазіргі таңда ...

Жалғасы »

Күлпаршын Айдарханова: Ауыл әйелдері жаңа технологияны меңгеруі керек

Әйелдер әлемі Облыста 44 мың кәсіпкер болса, соның тең жартысын әйелдер құрайды.  Көпшілігі шағын бизнеспен айналысады. Ал ауылшаруашылығы өнімін өндіретін 5 мыңдай кәсіпорынның 700-ін әйелдер басқарып отыр. Бизнесте ерлермен тең иық тіресе жүрген  400 әйел ірі серіктестіктің тізгінін қолына алған. Жыл өткен сайын жеке кәсібін ашқысы келетін әйелдердің, оның ішінде ауыл әйелдерінің қатары көбейіп келеді. Жалпы ауыл әйелдерін бизнеске қалай ...

Жалғасы »

Жаңа леп, тың серпіліс

Жаңа әліпби Латын әліпбиі — XXI  ғасырдағы ғылым мен техниканың, интернеттің және IT-технологияның тілі. Қазақ тілінің  жаңғыруы жаңа технологияларды, білімді, ғылымды меңгеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ, ұлттық бірегейлігімізді нығайтады. Жаһандану үрдісі барысында  өркениеттер төрінен орын аламыз десек, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қана қоймай, оны әлемдік сападағы брендке айналдыру керек, демек, бұл өз кезегінде тілдің қолданыс аясының кеңеюі арқылы жүзеге аспақ. Бүгінгі таңда ...

Жалғасы »

Тұмшалану тұтастыққа зиян

  Пікір Соңғы кезде Ақтөбеде өткізіліп, ұйымдастырылып жатқан түрлі форумдар, басқа да шаралардың кейінгі буынға берер өнегесі, тәрбиелік мәні зор. Соның бірі — «Туған жер» атты жерлестер форумы. Бұл өзгелерге үлгі боларлықтай шара болды. Мұдай шараның өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, патриоттық сезімді, рухты қалыптастыруда маңызы зор. Егер осы шараның мазмұнын, осының негізінде жинақталған материалдарды әр мұғалім әр мектепте дұрыс пайдалана ...

Жалғасы »

Ақтөбе жылу-электр орталығы: тариф көтеріле ме?

Қоғамдық тыңдау Алдағы 17 қарашада Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыстық департаменті «Ақтөбе жылу-электр орталығы» АҚ-ның тарифті көтеру туралы өтініміне өз жауабын береді. Табиғи монополия субъектісі өз қызметтерінің құнын биылғы жылы 4,4, ал 2018 жылы 83 пайызға көтеруді жоспарлауда. Өз тұтынушыларын жылумен толық қамтамасыз ету және қалыпты жұмыс істеу үшін кәсіпорынға осындай қайтарым ...

Жалғасы »

Халықтың көзі үйренген әліпби

Жаңа әліпби Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мемлекет ретіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру және осы мемлекетке атау берген қазақ халқының рухани әлеуетін күшейту үшін қашанда жаңғыруға бастайтын идеяларды ортаға салып, олардың орындалуына мән беріп келеді. Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қазіргі кезеңдегі қазақ елінің бүгінін сараптап, ертеңгі бағытын айқындаған бағдарламалық еңбек. Осы еңбекте Елбасы таяу жылдардағы ең маңызды міндеттерді атап ...

Жалғасы »

60 оқушы экспедицияға барды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Есет Көкіұлының мәңгі өшпес рухы» атты өлкетану экспедициясы батырдың мәңгі тыныстаған мекені — Алға ауданының Бестамақ өңіріне ұйымдастырылды. Есет Көкіұлының 350 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған өлкетану экспедициясы Ақтөбе қаласынан бастау алды. Оқушылар Бестамақ ауылындағы Есет батырға арналған мемориалдық кесенемен танысып, ондағы батырға арналған музейді тамашалады. Экспедиция барысында оқушылар Есет Көкіұлының өмірі мен жорық ...

Жалғасы »