Басты бет » Әлеумет (page 2)

Әлеумет

Бағыт-бағдарымызды айқындады

Жолдау Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ұсынып отырған мүмкіндіктердің кім және не үшін қажеттілігін айқындап берді. Білім — бәсекелестікке апарудың бірден бір жолы болғандықтан, Президент білім берудің жаңа сапасына мән береді. Әсіресе, оқытудың мазмұндылығы  заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету  арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс екендігі айтылған. Қазіргі кезде  білім саласына өте қажетті цифрлық білім беру ресурстарын  дамыту, кең жолақты  интернетке ...

Жалғасы »

Ауыл шаруашылығы ел дамуына серпін береді

Жолдау Президенттің халыққа Жолдауы  халықтың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтып, күш-жігер береді, жаңа істерге жетелейді. Даму бағдарламасы іспетті құжатта қазіргі ілгерілеу жылдамдығына лайық барлық бағыттар нақты айқындалған. Әсіресе,  агроөнеркәсіп саласына ерекше көңіл бөлінген. Бұл мәселелер біздің ауданымызға да қатысты екені байқалады. Маңызды саланы қалай тиімді етуге болатыны, осы бағытта мемлекеттің қолдау тетіктері туралы да нақты көрсетілген. Біздер ауыл шаруашылығы басымдықта ...

Жалғасы »

Жұмыла көтерсе — жүк жеңіл

Жолдау Жолдауда қандай міндеттер жолданса да халық игілігі үшін бағытталатыны белгілі. Бізде басты құндылық адам капиталы болғандықтан, құрылысқа жаңа технологияларды енгізіп, оны пайдалануға мерзімін жеделдетсе де, ол салынған үйлерге халық кіреді, ғимараттар бой көтерсе, халық игілігіне жұмыс істейді, әлеуметтік жағдайды жақсарту делінсе ол да халықтың әл-ауқатын көтеруге әсерін тигізеді. Елбасы Жолдауларында білім беру, мәдениет саласында қандай жұмыстар атқарылуы керектігі үнемі ...

Жалғасы »

Біздің таңдауымыз — жемқорлықсыз болашақ

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Сыбайласып жем болғанша, бірігіп ел болайық» деген ұранмен аялдамаларда, дүкендерде, жұртшылық көп жиналатын орындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы парақшалар таратты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып жатыр. Қоғамдағы осы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуге қоғам болып белсінділік ...

Жалғасы »

«Нұр Отандағы» қабылдау

Тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін зерттеу, аз қамтылған, жай-күйі нашар топтарға қамқорлық жасау бүгінгі күннің басты міндеттерінің біріне айналуда. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында болған кезекті қабылдау да осы міндетті шешуге бағытталды. Қабылдау жүргізген облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев мұқтаж жандардың өтініштерін мұқият тыңдап, сол арада облыстың тиісті басқармалардың басшыларына нақты тапсырмалар берді. Оның қабылдауында болған үшінші топтағы мүгедек Арзумян Мамлиев төрт ...

Жалғасы »

Қыс мезгілінің қызығы

Қар түсіп, қыс басталса, қала тұрғындары қысқы спортқа ден қояды. Біреулер бос уақытында мұз айдындарына барып коньки тепсе, енді бірі қала сыртындағы туристік базаларға барып демалады. Биыл ақтөбеліктер қандай орындарға барып жүр? Облыста 321 мұз айдыны бар Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, биыл облыс бойынша жалпы саны 321 мұз айдыны жұмыс жасап жатыр. Оның 55-і Ақтөбе қаласында болса, ...

Жалғасы »

Интернеттегі алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыз

Бүгінде ғаламторды пайдаланбайтын адам кемде-кем. Уақыттың талабына сай түрлі әлеуметтік желілер адамдар арасында қарым-қатынас орнатудың ғана емес, ауқымды мәселелер туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпалы зор үлкен күшке айналып отыр. Дегенмен, интернетті игі мақсаттардан бөлек, арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін пайдаланатындар да кездесіп жатады. Қазіргі күні алаяқтық қылмыстардың көбі интернет арқылы жасалады екен. Облыстық Ішкі істер департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы ...

Жалғасы »

Жақсылық қылсаң — өзіңе…

Ақтөбеде «Игі іс» акциясы басталды. Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шара 22 қаңтар мен 7 ақпан аралығында өтетін болады. Акцияға мұқтаж жандарға қолдау көрсетемін деген кез келген ақтөбелік қатыса алады. Қалалық білім бөлімінің бас маманы Гүлжан Әмірованың айтуынша екі жылға жуық ұйымдастырылып келе жатқан акцияға қаламыздағы білім ордаларымен мектепке дейінгі ұйымдардың қосып жатқан үлесі ерекше. ─ Ақтөбе қалалық білім ...

Жалғасы »

14 578 қызмет электрондық форматта көрсетілді

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту, электрондық форматта қызметтердің санын ұлғайту, сондай-ақ тұтынушылар санын көбейту мақсатында Ақтөбе қаласы әкімдігі мен Ақтөбе облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесе отырып халыққа электрондық сандық қолтаңба алудың маңыздылығы жайында түсіндіру шарасын жүргізеді. Бұл орайда қала әкімі апаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімі мамандары Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірлесе отырып Ақтөбе қаласындағы ...

Жалғасы »

Кәсіпкер ауылына медпункт салып берді

 «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Құмжарған ауылында медпункт ашылды. Аталған ауылда  200-ден астам тұрғын бар. Сырқаттанған тұрғындар осы уақытқа дейін ауыл мектебінің медпунктіне немесе округ орталығына барады.  Округ әкімі Рамазан Үргенішбаевтың айтуынша, аталған ауылға бюджет қаражатына медпункт салу биыл жоспарланған. Алайда  Ақтөбе қаласындағы «Қуаныш» клиникасының иесі Қуаныш Жәлімбетов «Туған жерге тағзым» акциясы аясында перзенттік парызын өтеп, ауыл тұрғындарын бір қуантып ...

Жалғасы »