Басты бет » Әлеумет (page 10)

Әлеумет

«Мейірім бумерангы»: тіркеліңіз, сыйлыққа ие болыңыз!

Биыл Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Қазпошта» акционерлік қоғамы «Мейірім бумерангы» акциясын өткізіп жатыр. «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының маркетинг, жарнама және PR cекторының жетекшісі Лилия Годлевскаяның айтуынша, бұл жоба — бұған дейін ұйымдастырылған «Аяз атаға хат» акцияның баламасы. — «Қазпошта» акционерлік қоғамы 2014 жылдан бастап «Аяз атаға хат» акциясын ұйымдастырып, бұл идеяны көптеген компаниялар мен қоғамдық ұйымдар қолдады. Қазір Жаңа жыл ...

Жалғасы »

2018 жылдың 8 -12 қаңтары аралығында «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-ның бағыты бойынша құжаттар қабылдау жүргізіледі

«Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй қорын есепке алу секторы «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-ның бағыты бойынша Батыс-2 шағын ауданында орналасқан 10 қабатты үйден 161 пәтерді беру үшін құжаттарды қабылдау басталатындығын тұрғындардың назарына салады. Тұрғын үй кейінгі сатып алу құқығымен 20 жылға дейін жүзеге асырылады. Аталған бағдарламаға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған келесі санаттағы ...

Жалғасы »

Ел сыйлаған Есағаң

Мерей Ұзақ жылдар ел басқару қызметінде болған азаматтар арасында Есімхан Есенбаевтың есімі ерекше аталады. Оның іскерлік қабілеті, қолға алған қандай істі де  тиянақты атқарып, көпшіліктің көңілінен шыға білетін ілкімділігі, көпшілікпен тіл табыса кететін биязы мінезі — жұртшылық бағалайтын жақсы қасиеттері. Бүгінде жетпіс атты жақсы бір белеске көтеріліп отырған ол туралы жылы лебіз айтушылар жетіп артылады десе де болады. Бұған негіз ...

Жалғасы »

Жасөспірімдер қылмысы неге көп?

Облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның қорытынды жиыны өтті. Жиынға аудан әкімдерінің орынбасарлары мен білім бөлімінің өкілдері қатысты. Жиында ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілген кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мәселесі қаралды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Руслан Бегімбетовтің айтуынша, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына өткен ...

Жалғасы »

Тұрғындарды қабылдады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов Ойыл ауданына барды. Облыс әкімінің орынбасары «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалының ғимаратында жеке және заңды тұлғаларға көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындардың қатарында жеке мәселесі бойынша және жұмыс сұрап келгендер көп болды. Әр жеке тұрғынның сауалына Асқар Биахметовпен бірге аудан әкімі Бұлбұл Күзембаева да толыққанды жауап берді. ...

Жалғасы »

Мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру — басты талап

Өткен жұма күні облыс әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері: жетістіктер, проблемалар және одан кейінгі қадамдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Халықтық кеңсе» алаңында ұйымдастырылған шараға аудан әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері, сала мамандары қатысты. Дөңгелек үстелді жүргізген облыс әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету ...

Жалғасы »

Шапағатты дастарқан

Тәуелсіздік күніне орай облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында мерекелік дастарқан жайылды. ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілимамы, «НұрҒасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспанның бастамасымен, бұл күні аталғанмешіт пен Ақтөбе медресесініңқызметкерлері, қала имамдары жәнеолардың отбасылары мерекелік дастарқанда бас қосты. ТөлебиОспан алдымен жиналғандардыТәуелсіздікмерекесіменқұттықтап, ел іргесініңмықтылығы, бейбіткүнніңбаяндылығынтілеп, дұғаетті. Ақтөбемедресесінің директоры ӘбдімүтәліДәуренбеков пен қалалық орталық мешіттің бас имамы АмантайСадиев те ізгітілектерінжеткізді. Сондай-ақ, өкіл имам ...

Жалғасы »

Тұнық жырдың тұмары

Байғанин ауданындағы Қарауылкелді орта мектебінде ҚР халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өтті. «Тұнық жырдың тұмары» деп аталған мәдени шарада ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалды, сондай-ақ, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әдеби-сазды кештің өтуіне мұрындық болған жоғарыда аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Назгүл Мақажанованың айтуынша, мақсат — Фариза Оңғарсынованың шығармашылық ...

Жалғасы »

Мүгедектерге тегін қызмет көрсетіледі

Иә, Ойыл ауданының орталығында сондай орталық бар. Бұл өңірде де мүмкіндігі шектеулі жандардың саны аз емес. Сол себепті аудан әкімі  аудандағы мүгедек жандардың санын азайтуды көздеп аудан орталығынан оңалту орталығын ашуды басты мақсат етіп қойды. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін бұрынғы көне ғимаратты жөндеу қажет болды. Оған белгілі кәсіпкер, жерлесіміз, Ақтөбе қаласындағы «Анвар» ірі сауда желісінің басшысы, жерлесіміз Талғат Салфиков ...

Жалғасы »

Бірыңғай жәрдемақы — жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек

Анық-қанық 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі. Жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайызға төмен отбасыларға және азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке жарамды мүшелері жоқ немесе еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын (1 және ...

Жалғасы »