Басты бет » Экономика (page 30)

Экономика

Бюджет: көрпеңізге қарай көсіліңіз…

Парламент «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер енгізу жөніндегі және 2010-2012 жылдарға арналған ел бюджеті туралы заң жобаларын қабылдады. Әрине, дағдарыс салқыны сейілмей тұрған кезеңде үш жылға арнап бюджетті қалыптастырудың өзіндік қиыншылықтары бар. Оның үстіне бұл бір ғана Қазақстанның басындағы дағдарыс емес. Бір сөзбен айтқанда, 2010 жылдың бюджеті «қысқа жіпті күрмеуге келтірмейтін», сонда да болса  «көрпеге қарай көсілуді» ...

Жалғасы »

Бір қызметкер 7,6 млн. теңге жинады

Кеден Облыстық кедендік бақылау департаменті биылғы жылдың 9 айының қортындысын шығарды. Кеден қызметінің қай саласы бойынша да өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда артықшылықтар көрініп тұр. Кеден қызметінің мемлекет қазынасы үшін атқаратын ең бір үлкен жұмысы — республикалық бюджетті толықтыру. Есепті уақыт ішінде болжанған 41 миллиард теңгенің орнына 42,2 миллиард теңге түсті. Орта есеппен бір қызметкер 7,6 миллион теңгенің кедендік төлемдері ...

Жалғасы »

Дағдарысқа қарсы шараның жемістері

Жол картасы Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ, «Ақтөбе» Елбасының көрегендігі Экономикалық жаһандық қаржы дағдарысы әлемнің талай-талай алпауыт елдерін есеңгіретті. Оған қарсы тұрып, бұрынғы жағдайын сақтап қалған елдер көп емес. Біздің еліміз, Қазақстан, сол санаулылардың қатарында. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  ұстанған сара саясатының, дағдарысқа қарсы алған шұғыл шараларының арқасында мүмкін болды. Сол шараларының бірі — «Жол картасы» бағдарламасы. Мұның қайдан келген ырыздық екенін көп ...

Жалғасы »

Жанар-жағармай және баға

Сейсенбі күні облыстық әкімдіктің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы жанар-жағармай нарығына қатысты ақпараттық сағат өткізді. Бүгінгі күні облыстағы жанар-жағармайды  «Қазмұнайгаз өнімдері» АҚ, «Гелиос», «Sinooil», «Мұнай Сервис ЛТД», «Заман» сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бөлшектеп сатады. Мәселен, «Гелиос» және «Sinooil»  серіктестіктері бензин және дизель отынын өткізу жұмыстарын еліміздің барлық аумағында жүзеге асыра ...

Жалғасы »

Кәсіпкерлер тауарын сөреге жайды

Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ, «Ақтөбе» Бүгінде отандық тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмысына айрықша назар аударылып отыр. Бұл салалардың қызметі Елбасының тікелей назарында деуге болады. Аймақтарды аралаған кезде Мемлекет басшысы жергілікті жердегі жұмыстарды ең әуелі осы салалардағы атқарылған шаруаларға қарап бағалады. Ел бойынша бұл бағыттағы жұмыстардың әлі де баяу жүргізіліп отырғанына қынжылыс білдірді. Қолымызда бола тұра, біз елдің ішінде өңдеу кәсіпорындары ...

Жалғасы »

Энергетикалық апталықтың айшықтары

21-25 қыркүйек аралығында Астанадағы Тәуелсіздік сарайында қазақ мұнайының 110 жылдық мерейтойына арналған энергетикалық апталық өтті. Апталықтың ақпараттық демеушілерінің қатарында облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттері де бар. Кімдер келді? Атырау облысындағы Қарашүңгіл кен орнынан мұнай атқылағалы 110 жыл уақыт өтіпті. 1999 жылы қазақ мұнайының ғасырлық тойы мұнайлы астанада атап өтілген болатын. Тәуелсіздік алғанына әлі 10 жыл да толмаған Қазақстан ел ...

Жалғасы »

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі – ерекше жол

«Каптитал Плаза» бизнес орталығында өткен халықаралық конференция «Батыс Еуропа – Батыс  Қытай» транзиттік дәлізі – Еуропаға жол» тақырыбында болды. Бұл басқосуды ҚР Көлік және коммуникация министрлігі ұйымдастырды.  Конференцияға Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасының және ЕуроОдақтың, сонымен бірге жобаға қатысушы – Халықаралық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі және Еуропалық қайта құру және даму банкінің ...

Жалғасы »

Шағын және орта бизнес қарымы

Елбасы нарықтық экономиканың арқауы болып табылатын шағын және орта бизнесті дамытуға әркезде де айрықша маңыз беріп келеді. Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында, Елордада өткен одан кейінгі үлкен басқосуларда бұл саланың жаһандық дағдарыс зардаптарына қарсы тұруда  шешуші маңызы барын әлденеше мәрте атап көрсетті. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бағдарламасын сараптады. Осының дұрыстығын Ақтөбе өңірінде атқарылған жұмыстар көрсетіп отыр. Бұған айғақ ...

Жалғасы »

Қазақстандық энергетикалық апта

Қазақстандық энергетикалық апта қатысушылары дағдарыс жағдайындағы стратегиялық альянстардың ролін және энергия тасымалы жеткізу қауіпсіздігі проблемаларын талқылайды Астана қаласында қыркүйектің 21-26 жұлдызы аралығында өтетін Қазақстан энергетика апталығы (Kazakhstan Energy Week)  Ұлыбритания, Германия, Испания, АҚШ, Нидерланды, Ресей, Франция, Әзербайжан, Сингапур, Оңтүстік Африка Республикасы, Норвегия, Түркия, Швеция және ҚХР елдерін қосқанда әлемнің 15 елінен сегіз жүзден астам қатысушылардың басын біріктіреді. «Ехро. KZ» көрме-конференциялық ...

Жалғасы »

Қаржы негіздері

Қор нарығы да мемлекет тарапынан реттеледі Егер де сіз жарналық инвестициялық қорға (ЖИҚ) келіп, келісім-шартқа қол қойған болсаңыз, сіздің ақшаңыз ЖИҚ шотында емес, кастодиан-банктің шотында сақталатынын білуіңіз қажет. Егер де басқарушы компания шығынды немесе қабылданған ережелер мен заңнамаға қайшы келетін болса, кастодиан-банкі мәміле жасаудан бас тартуға  құқылы.  Ал басқарушы компания таратылған жағдайда банктің өзі қордың активтерін пайдалана  алмайды. Бұл – ...

Жалғасы »