Басты бет » Экономика (page 2)

Экономика

Қарашығанақ өндірісінің өкілдері келді

Аймақтық байланыс Облысымызға «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясы ұжымының өкілдері келді. Облыс әкімі  Бердібек Сапарбаев аталған компанияның бас директоры Ренато Маролимен кездесіп, алдағы атқарылуға тиісті жұмыстарды талдады. Мұнан соң облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалығымен үлкен жиналыс өтті. Оған облыстың барлық  құрылыс және инерттік материалдар өндірушілері жиналды.Бұл жердегі мәселе — бұл компания жылына қазақстандық тауар сатып алуға миллиардтаған теңге ...

Жалғасы »

Батыс аймағының кәсіпкерлері Ақтөбеде бас қосты

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ҚР Ұлттық экономика министрлігі және «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамының қолдауымен экономиканың жекелеген секторларында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалардың үлгілік конкурстық құжаттары мен келісімшарт әдістерін түсіндіруге арналған семинар Ақтөбе қалалық әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің қатысуымен болған өңірлік семинарға Ақтөбеден бөлек, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан кәсіпкерлер қатысты.    Қазір облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы ...

Жалғасы »

Кооперативтер құру — ауыл болашағы

Соңғы жылдары елімізде ауыл шаруашылығын кеңінен дамытуға баса көңіл бөлініп, әсіресе бұл бағыттағы өңдеуші кәсіпорындар үлесін арттыру ерекше назарға алынды, оған мемлекеттік қолдау көрсету жайы жаңа деңгейге шықты. Ауыл шаруашылығы кооперативтері ісін жандандыру күн тәртібіне берік қойылды. Облыстық әкімшілікте өткен жиында осы мәселелер кеңінен талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов өңірдегі ахуалды қысқаша баяндап, алдағы міндеттер жөнінде ой бөлісті. Жиында ...

Жалғасы »

Бизнес ортаны жақсарту үшін кәсіпкерлерге жағдай жасалу керек…

Өңірімізге іссапармен келген ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев, ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов «Капитал Плаза» бизнес орталығының мәжіліс залында жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Отырыста бүгінгі күні кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі келтіретін факторлар назарға алынып, Елбасының биылғы Жолдауында айтылған екінші басымдық — бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту мәселелері сөз болды. Бүгінгі күні бизнес ортаны дамытуда шешілмей жатқан ...

Жалғасы »

Рымбек ІЗҒАЛИ: Ақтөбені «Силикон аңғары» етуге болады

Біздің жерлестеріміз Ақпараттық технологиялар саласын дамытуды Елбасы биылғы Жолдауында ерекше атап өтті. Әлем көшіне ілесудің бірден-бір жолы ретінде қарастырылатын салада еліміз әлі уыздай жас. Десе де, нәтижелер де жоқ емес. «IT-дің жілігін шағып жүрген мамандар кімдер?» десе, көбіне ақтөбеліктердің есімі аталады. Бұл — біз үшін үлкен мақтаныш. Байғанин ауданы Жарлы ауылында дүниеге келген Рымбек Ізғали бүгінде Астанада NM SIA компаниясында ...

Жалғасы »

Ақтөбеде құс еті өндірісі қашан дамиды? 

Былтыр облыста 174 миллион дана жұмыртқа өндірілді. Аймақ халқын жұмыртқамен 100 пайыз қамтамасыз етіп отырған «Рамазан» құс фабрикасының өзінде өткен жылы 101 миллион дана жұмыртқа сатылымға шығарылды. Қазір аталған фабрикада модернизациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңарту жұмыстарынан кейін кәсіпорын жылына 130 миллион дана жұмыртқа өндіру мүмкіндігіне қол жеткізбек.   Екі фабриканың ертеңі Қазір облыста екі құс фабрикасы бар. Оның бірі — ...

Жалғасы »

Бір бағыттағы елеулі екі жоба

ЭКСПО-2017 Дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетіні белгілі. Облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының туризм бөлімінің басшысы Жанна Бүркітбаеваның айтуынша, «жасыл экономика» саласында Ақтөбе өңірі тарапынан іріктелген 25 инновациялық жобаның екеуі су ресурстары бағыттары бойынша ұсынылған. Олар — «Болат ЛТД» ЖШС әзірлеген «Суармалы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру» жобасы және «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-ның «Жасыл технология» тақырыбындағы  қалдықсыз өндірісі. ...

Жалғасы »

Ақтөбе—Жамбыл: өңіраралық байланыс нығаяды

Ақтөбедегі Жамбыл облысының күндері Өткен сенбіде Ақтөбедегі Жамбыл облысының күндері аясында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне қатысты. Сондай-ақ екі облыстың басшылары өңіраралық кооперацияны дамыту мәселелері бойынша жиын өткізіп, меморандумға қол қойды. 177 тонна өнім сатылды  Алдымен екі облыстың басшылары «ҚазАгроФинанс» АҚ қолдауымен үдемелі индустриялық-инновациялық даму ...

Жалғасы »

Израильдік кәсіпкерлер Ақтөбеге келді

Бизнес-форум Сәрсенбі күні Ақтөбеде қазақстандық-израильдік бизнес-форум өтті. Израильдік қонақтар аймақтың экономикалық әлеуетімен, инвесторларға жасалып отырған жағдайлармен танысты. Оның алдында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасындағы Израиль мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Михаэль Бродскиймен кездескен болатын. Екі жақты мүдделілік жақындастырды Форум В2В форматында өткен кездесу екі елдің іскер топтарының  арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуды күшейтуді көздейді.Кездесуде өңірдің экономикалық әлеуеті таныстырылып, инвесторларды ынталандыратын ...

Жалғасы »

Ақтөбеде баламалы энергия көзі дамиды

“Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады”. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” Жолдауынан. Халықаралық энергетика агенттігінің деректеріне сүйенсек, әлемде жыл сайын энергияны пайдалану көрсеткіші өсіп барады. Мәселен, 1990 жыл мен  2008 жыл аралығында энергияны пайдалану көрсеткіші әр адам басына шаққанда 10 пайыздан асса, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш бірнеше ...

Жалғасы »