Басты бет » Экономика (page 10)

Экономика

«ЕВРАЗМЕТАЛЛ» айына 600 тонна болат шар шығарады

Ақтөбе қаласының Индустрияландыру картасына енген өндірістік нысанның бірі — «ЕвразМеталл» кәсіпорны. Кәсіпорын өткен жылы «Даму —  өндіріс» бағдарламасы аясында  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан  230 миллион теңге көлемінде несие алып, жұмысты бастады. Қазір өндірісте айына  600 тонна ұнтақтаушы болат шарлар шығарылады. Кәсіпорын директоры Алексей  Чеботарянудың айтуынша, зауыттың алғашқы жобасы 2013 жылы басталыпты. Бір жылдан астам уақыт бойы жобалық-монтаждау жұмыстары жүргізілген. Бұрын ...

Жалғасы »

Екінші кемпингтің ертеңі

Кәсіпкерлік  Биыл Қобдада екінші кемпинг пайдалануға беріледі. Самара-Шымкент тасжолы мен Ойыл ауданына барар жолдың тоғысқан тұсынан салынып жатқан жаңа  ғимарат қобдалық кәсіпкер Роза Жаманқұлованың иелігінде. Газ тартылмай жатыр… Осыдан екі жыл бұрын ол Самара-Шымкент тасжолының 613-ші шақырымында сервистік қызмет көрсету орталығын салу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, 20 миллион теңге көлемінде несие алған еді. Үстемеақысы ...

Жалғасы »

«Енді балалар кешенін ашқым келеді…»

Кәсіпкер Өз кәсібін ұршықша үйіріп жүрген қандыағаштық кәсіпкер Мейрамгүл Көбегенова аудан орталығынан балаларға арналған шағын ойын-сауық кешені мен наубайхана ашпақшы. Тек «мойнындағы» несиесі кәсіпкерге қолбайлау болып отыр. Мейрамгүл Көбегенова екі қабатты сауда үйін салу үшін өткен жылы қазан айында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының көмегімен «Қазақстан Халық Банкінен» 4 пайыз жеңілдікпен 6 миллион теңге көлемінде несие алыпты. Аталған сауда орталығын биыл ...

Жалғасы »

4629 отбасының баспана мәселесі шешілді

 Брифинг  2015 жылы Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысына 32,3 миллиард теңге жұмсалды деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» орталығы. Аталған орталықта өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі Нұрлан Боранбаев өткен жылы облысымызда құрылыс саласында жасалған жұмыстар туралы ақпараттармен бөлісті. Оның айтуынша, 2015 жылы өңірде әлеуметтік салаға тиесілі 146 нысанның құрылысы жүргізілді. Олардың 110-ы республикалық бюджеттің, ал ...

Жалғасы »

Шағын бизнес еңсе тіктейді

Облыста шағын және орта бизнесті дамыту бойынша үш жақты бағдарламаға қол қойылды. Бұл әріптестік қозғалыс аясында жасалып отырған шара түпкі нәтижеде экономиканың көтерілуіне де әсерін тигізбекші. — Мемлекет басшысының ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес субъектілерімен кооперация құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес бұл бағытты жүйелі түрде жүргізетін боламыз, — деді жиынды ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. — Бүгінгі басты міндетіміз — ...

Жалғасы »

Несие неге толық алынбайды?

Ауылдың шаруасын ілгері бастыруға септігі тиер селолық несиелік серіктестіктері біздің облысымызда қанатын кеңге жая алмай отыр. Неге? Осы мәселе облыс әкімдігінде өткен жиынның күн тәртібіне қойылды. Ауыл аймақтағы несие серіктестіктерінің даму перспективасы облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың аудан әкімдері және серіктестік белсенділерімен өткен кездесуінде талқыланды. Егер дерек көздеріне сүйенсек, 2015 жылдың қорытындысына сәйкес, ресурстарды несие серіктестіктері арқылы игеру бойынша Ақтөбе облысы ...

Жалғасы »

Индустриялық-инновациялық даму: биылғы меже — 4 жоба

Кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау — бүгінгі күні ерекше қолға алынып отырған өзекті мәселелердің бірі. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында осы жайға баса назар аударылды. Отырыста кәсіпкерлікті қолдау картасына қосу үшін облыстың жаңа инвестициялық жобалары таныстырылды. «Қазақстан мұнай компаниясы» ЖШС директоры Серік Қарымсақов қуаттылығы жылына 45 мың тонна бензол өндіретін зауыттың құрылысы жобасы туралы ...

Жалғасы »

Дәнді дақыл егісі ұлғаяды

Көктемгі егіс  Егіс егуге ынталылар биыл аз болмауға тиіс. Өйткені ылғалдың молдығын, егіс егуге жағдайдың қолайлылығын шаруа өз көзімен көріп отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Әбтиев осылай деп санайды. Мұны біз әңгіме үстінде ол келтірген деректерден де аңғардық. Өткен жылы облыс бойынша 320 мың гектар егіс егілсе, биыл дәнді дақыл егісінің көлемі 330 мың гектарға жетеді. Себебі ...

Жалғасы »

Өзіміздің өнім өзгеден артық

Елімізде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін іргедегі Қытайға сатудың қандай қиындығы бар? Соңғы кездері дәл осы тақырып қозғалғалы бері қисынды-қисынсыз әңгіме де көбейіп кетті. Онсыз да қазақтың еті мен қауын-қарбызы берісі Ресейде, арысы Еуропада саудаланып жатыр емес пе? Мыңдаған шақырымға шаршамай жеткізген қандастарға дәл иектің астында тұрған көршіге тасымалдау әлдеқайда жеңіл ғой. Оның үстіне, кәрі құрлықтағы барша елді қосып санасаң да ...

Жалғасы »

Екі айдың есебі

Статистика  Облысымыздың 2016 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары  Ақшалай табыс  2015 жылғы III тоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 62 534 теңгені құрады. Өсім 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 0,5 пайызға, нақты ақшалай табыстар үшін 2,8 пайызға төмендеген.  Жұмыс  Биылғы жылғы ақпанның аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2 ...

Жалғасы »