Басты бет » Саясат (page 2)

Саясат

Сұлупан Шынтасова: Әлеуметтік қажеттіліктерді қаржыландыру бюджеттің 81,9 пайызын құрап отыр

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрайымы Сұлупан Шынтасованың есімі көпшілікке таныс. Ол ұзақ жылдар бойы жергілікті атқару органдарында қызмет атқарды. 2007 жылдың тамыз айында қалалық мәслихат хатшысы болып сайланды. Біз Сұлупан Шынтасованы Ақтөбенің бүгіні мен болашағы туралы әңгімеге тартқан едік.   — Сұлупан Панақызы, құжатта атап көрсетілгендей, «мәслихат — белгілі бір аймақтың жай-күйіне жауапты өкілдік орган». ...

Жалғасы »

Жиырма жыл: қаржы «көзімен»

Ел Тәуелсіздігінің   жиырма  жылдығы қарсаңында, біз,   Қазақстан   қаржыгерлері екі  ерекше  күнді   атап  өтеміз — мемлекеттік  қаржылық  саясатты   жүргізудегі  дербестігіміздің  20 жылдығы   және  Қазақстанның   қаржы  жүйесінің  90 жылдығы. Ерекшелігі сол, 1991 жылы  17 желтоқсанда, яғни Тәуелсіз ел атанғаннан кейін бір күннен соң мемлекетіміздің маңызды заң актілерінің бірі  —  «Қазақстан Республикасының  бюджеттік  жүйесі  туралы»   заң   қолданысқа  енгізілді.   2008 жылдан  бастап  Қазақстан Республикасының  ...

Жалғасы »

Сайлау алдындағы дайындық

Алдағы жылдың қаңтар айында өтетін Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына саяси орта қызу дайындалып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша, саяси дода алдындағы дайындыққа еліміздегі 9 мың 757 жергілікті сайлау учаскелері бел шеше кірісіп кетті. Орталық сайлау комиссиясы да бірнеше отырыстарын өткізіп, қаулылар қабылдады. Сенім білдірілген адамдарды тіркеу тәртібі мен шарттары, сондай-ақ дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу, сайлау бюллетендерін ...

Жалғасы »

Мәжіліске қай партиялар келеді?

16 қараша күні төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі тарады. ҚР Президентінің Жарлығымен Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы 2012 жылдың 15 қаңтарында өткізілетін болды.   Саяси дода басталды. Партиялар етек-жеңдерін жинап, алдағы сайлау науқанына дайындала бастады. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин Парламент Мәжілісі және мәслихат сайлауларына толық дайын екендіктерін мәлімдеді. Ертең, 25 қараша күні «Нұр Отан» партиясының ...

Жалғасы »

Ел

Этномәдени орталықтар да қатыстырылады   Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Әлеуметтік жауапкершілік форумы болып өтті. Форум арнайы ұйым­дас­тырылған үш секциялы көр­ме­нің тұсаукесерімен ашыл­ды. Онда этномәдени бірлес­тіктердің бизнес, ауыл ша­руа­шылығы, индустриялық-ин­но­вациялық даму сала­ла­рын­дағы бастамалары жан-жақты көрсетілген. Сондай-ақ әлеу­меттік жаңғыртуларға бағыт­тал­ған бірқатар жобалар да бар. Әсіресе, келушілерді елі­міздің әр аймағынан келген қолөнер шеберлерінің туын­ды­лары тәнті етті. Сонымен қатар, көрмеде Астана қала­сы­ның «ЕХРО-2017» халы­қ­ара­лық ...

Жалғасы »

Съезге 28 делегат барады

Өткен жұмада «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында  партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуға облыстық басқармалар мен мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Жиында партияның сайлау алды платформасының жобасы және партияның ХІV съезіне қатысатын делегаттар тізімін бекіту туралы мәселе сөз болды. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Балғали Ордабаев партияның 2017 жылға арналған стратегиялық жоспары мен алдағы бес жылда  ...

Жалғасы »

Үнемдеу үшін… Ақша жұмсау керек!

2020 жылға дейінгі ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын іске асыру барысында уақтылы түзетулер енгізілуі мүмкін. Терможаңғырту дегеніміз не? Оның тиімділігі неде? ҚР Құрылыс және ТКШ істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин осы және басқа да көптеген мәселелер туралы ой бөліседі.   Эстондардың жолымен   — Серік Кеңесұлы, 2020 жылға дейінгі ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы бірден бірнеше бағытта жұмыс жүргізуді көздейді. Оларды іске асыру тетіктері ...

Жалғасы »

Ақтөбе облысының әкімі Архимед МҰХАМБЕТОВ мырзаға

Құрметті Архимед БЕГЕЖАНҰЛЫ! Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі және Еуроодақтың мүше-мемлекеттері елшіліктері атынан 2011 жылдың 8-9 қыркүйек күндерінде Ақтөбе қаласында біздің делегациямыз болған сәттерде қабылдауыңыз үшін Сізге шынайы сезімімізді білдіріп, алғыс айтқымыз келеді. Біздің әсіресе көп уақыттарын бізге арнаған — сіздің орынбасарларыңыз — Сара Нұрқатова мен Роза Кемалова ханымдарға деген құрметіміз ерекше. Біз сапар барысында облыстағы әр түрлі саладағы, оның ішінде ...

Жалғасы »

Ынтымақты ықпалдастық

Өткен аптада Астраханда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Мемлекет басшыларының қатысуымен екі елдің аймақаралық ынтымақтастығының VIII форумы өтті. Форум тақырыбы —  «Трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайларда бірлесе әрекет ету». Форум барысында трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайларда бірлесе әрекет ету, соның ішінде шекаралық облыстардағы санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайларда, стихиялық апат салдарын жоюда шұғыл көмек көрсетуде өзара іс-қимыл талқыланды. Форум қарсаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан ...

Жалғасы »

Қонақтар қазақстандық сот жүйесінің артықшылығын көзбен көрді

Тәуелсіздік-20 Өткен аптада Ақтөбе қаласына Ресейдің  бізбен көршілес Орынбор облыстық сотының судьяларының арнайы  делегациясы келді.  Мұндағы сапар мақсаты —  екі елдің сот жүйесіндегі артықшылықтар мен кемшіліктерді көзбен көріп, салыстыру, өзара тәжірибе бөлісу, жақын білісу еді. Қонақтар облыстық соттың жаңа ғимаратында болып, қазақстандық әріптестерінің жұмыс жағдайларымен танысты. Алға ауданына барып, жаңа үлгідегі жобамен салынған аудандық соттың ғимаратын көрді. Тек мұнда ғана ...

Жалғасы »