Басты бет » Мереке (page 8)

Мереке

Мерекеге келіңіз!

1 маусым—Халықаралық балаларды қорғау күні 1 маусымда Ақтөбеде көптеген мерекелік шаралар өтеді. Кітапханаларда, саябақтарда, мұражайларда, театрда, планетарийде, аула клубтарында ақтөбелік балақайлардың қатысуымен шаралар ұйымдастырылады. «Нұрлы болашақ» бүкілқазақстандық акциясы аясында 1 маусым күні сағат 10.00-де Ақтөбеде облыс әкімдігінің алаңынан Қобыланды батыр атындағы стадионға дейін Әбілқайыр хан даңғылымен балалар және жастар музыкалық ансамбльдерінің шеруі өтеді. Ақтөбеліктер және қала қонақтары қаламызда алғаш рет ...

Жалғасы »

Ақтөбе қаласы 148 жылдығын атап өтті

Кеше ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық демалыс және мәдениет саябағында Ақтөбе қаласының 148 жылдығына орай «Сүйікті қалам, Ақтөбе!» атты шоу-бағдарламасы ұйымдастырылды. Қолайсыз ауа райына қарамастан, шараны көрем деушілер аз болмады. Жиналғандарды қала күнімен құттықтаған  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев толассыз жауған жауын-шашынды Алланың нұрына балап, бұның ауыл шаруашылығы саласы үшін пайдалы екенін атап өтті: — Менің ойымша, бүгін саябаққа Ақтөбенің ...

Жалғасы »

Қала күнін бірге қарсы алайық!

АҚТӨБЕГЕ — 148 ЖЫЛ! Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары! Ақтөбе қаласының әкімдігі 28 мамырда 148 жыл толатын біздің қаламыздың туған күнімен шын жүректен құттықтайды! Барлық ақтөбеліктерге зор денсаулық, амандық, біздің сүйікті қаламызға әрі қарай даму мен гүлденуді тілейміз.  Сіздерді осы күндері Ақтөбе қаласында өтетін мерекелік мәдени-көпшілік және спорттық шараларға шақырамыз. Қала күні қарсаңында Ақтөбеде оқу орындарында, мектепке дейінгі және мектептен ...

Жалғасы »

Жеңіс күнгі шеру

Ақтөбеліктер Жеңіс күні салтанатты шеруді тамашалады. Бұл күні он мыңға жуық адам «Мәңгілік даңқ» акциясына қатысты. Ақтөбеде 92 соғыс ардагері бар Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқандарды еске алуға арналған 72-ші салтанатты шеру Ақтөбе қаласы мен облыстың барлық ауданында ұйымдастырылды. Жеңіс күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров бастаған топ  ...

Жалғасы »

Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті ақтөбеліктер!

Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Осынау қасиетті мереке біз үшін батырлықтың және халқымыздың ержүректігінің символына айналды. Біз азат етуші жауынгерлердің ерлігіне бас иіп, Отанымыздың тәуелсіздігі мен абыройын сақтап, әлемді фашизмнен құтқарған әкелеріміз бен аталарымыздың ұлы ерліктерін мақтан етеміз. Ұлы Отан соғысының әрбір жауынгерінің есімі еліміздің тарихына, бүкіл адамзаттың тарихына алтын әріптермен жазылған. Біздің тарихымызда бұл ұлы күннің қалай келгенін ...

Жалғасы »

Ұлы даланың сенімді қорғаны

7 мамырда Ақтөбеде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. 7 мамыр күні облыстық әкімдік ғимараты алдында өткен жиында ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары, әскери қызметкерлер, курсанттар, әскери-патриоттық клубтар мүшелері бас қосты. Олар алдымен тікелей көрсетілім арқылы Астанада өткен салтантты шеруді қарады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің ...

Жалғасы »

5 әскери қызметкерге пәтер берілді

7 мамыр — Отан қорғаушылар күнінде Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімде ашық есік күні ұйымдастырылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері, офицерлер мен қатардағы сарбаздар, әскери қызметкерлердің отбасы мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен қонақтар назарына әскери бөлімдегі техника, қару-жарақ үлгілері ұсынылды. Бұдан соң облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналғандарды мерекемен құттықтап сөз сөйледі. Әскери бөлімнің басшы ...

Жалғасы »

Дәстүрлі салтанат

Облыстық прокуратура ғимаратында Отан қорғаушылар және Жеңіс күнін атап өтуге арналған жиын өтті. Салтанатты шараның ашылуында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров мерекемен құттықтап, бейбітшілік, тыныштық тіледі. Сондай-ақ прокуратура саласы ардагерлерінің еңбегін айрықша атады. Іс-шара барысында республика прокуратурасы тарихында есімі алтын әріптермен жазылған Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, I-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Қазақ  ССР Прокуроры Өтеген Сейітовке құрмет көрсетіліп, облыс прокуратурасы ...

Жалғасы »

Ардагерлерге құрмет көрсетіліп, полиция қызметкерлері марапатталды

Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекесі қарсаңында облыстық ішкі істер департаментінде мерекелік шара өтті. Шараға  соғыс және тыл ардагерлері шақырылды. Мерекелік шара қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскерилердің рухына тағзым етуден басталды. Ескерткішке гүл шоқтары қойылып, бір минуттық үнсіздік жарияланды. Осыдан кейін жиналғандар акт залдағы арнайы кешті тамашалады. Жиында  облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Махамбет Абисатов ардагерлер ...

Жалғасы »

Офицерлер ардагерлердің үйлеріне барды

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Сейткерім Арапбаев Жеңіс мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап, сый-сияпат жасады. Сейткерім Арапбаев бастаған департамент өкілдері алдымен майдангер Сағидолла Разбаевтың шаңырағында болды. Сағидолла Разбаев әскерге Мұғалжар ауданынан шақырылған. Ленгинград, Балтық бойы елдерін жаудан азат етуге қатысқан. Соғыстың соңғы сәттеріне дейін ұрыс алаңында болған. Мұғалжар ауданында ұзақ жылдар бойы оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті ...

Жалғасы »