Басты бет » Мереке (page 5)

Мереке

Дәстүрлі салтанат

Облыстық прокуратура ғимаратында Отан қорғаушылар және Жеңіс күнін атап өтуге арналған жиын өтті. Салтанатты шараның ашылуында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров мерекемен құттықтап, бейбітшілік, тыныштық тіледі. Сондай-ақ прокуратура саласы ардагерлерінің еңбегін айрықша атады. Іс-шара барысында республика прокуратурасы тарихында есімі алтын әріптермен жазылған Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, I-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Қазақ  ССР Прокуроры Өтеген Сейітовке құрмет көрсетіліп, облыс прокуратурасы ...

Жалғасы »

Ардагерлерге құрмет көрсетіліп, полиция қызметкерлері марапатталды

Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекесі қарсаңында облыстық ішкі істер департаментінде мерекелік шара өтті. Шараға  соғыс және тыл ардагерлері шақырылды. Мерекелік шара қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскерилердің рухына тағзым етуден басталды. Ескерткішке гүл шоқтары қойылып, бір минуттық үнсіздік жарияланды. Осыдан кейін жиналғандар акт залдағы арнайы кешті тамашалады. Жиында  облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Махамбет Абисатов ардагерлер ...

Жалғасы »

Офицерлер ардагерлердің үйлеріне барды

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Сейткерім Арапбаев Жеңіс мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап, сый-сияпат жасады. Сейткерім Арапбаев бастаған департамент өкілдері алдымен майдангер Сағидолла Разбаевтың шаңырағында болды. Сағидолла Разбаев әскерге Мұғалжар ауданынан шақырылған. Ленгинград, Балтық бойы елдерін жаудан азат етуге қатысқан. Соғыстың соңғы сәттеріне дейін ұрыс алаңында болған. Мұғалжар ауданында ұзақ жылдар бойы оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті ...

Жалғасы »

Сот мерекелік іс-шаралар өткізді

Ақтөбе облыстық соты мен барлық аудандық және оған теңестірілген соттарда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығы мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді Мереке күні Ақтөбе қаласындағы «Мәңгілік алау» мемориалдық кешеніне  гүл шоқтарын қойды. Соғыс  құрбандарын бір минут үнсіз тұрып еске алды. Салтанатты рәсімге облыс судьялары, соғыс және тыл,  сот жүйесінің ардагерлері қатысты. Осылай басталған іс-шара облыстық соттың ғимаратында жалғасты. Облыстық соттың ...

Жалғасы »

Соғыстың сансыз сынағы

Соғыс жылдарында, бүкіл елмен бірге, Ақтөбе өңірі де «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» ұранымен өмір сүрді. Әсіресе, 1941-1942 жылдар өте қиынға соқты. Бұрын ер-азаматтар атқарған шаруалар нәзік жаратылған әйелдер мен буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балаларға жүктелді. Әйел-аналар күнделікті тіршіліктің бейнетінен бөлек, майданға жылы киім, азық-түлік түрінде үздіксіз көмек жіберуге, қанатымен су тасыған қарлығаштай, қорғаныс саласының қажетіне үлес ...

Жалғасы »

Тағдыры бөлек адам

Майдангер Елтоқ Сәрсенбайұлы есімі байғаниндіктерге жақсы таныс болатын. Оның себебі де бар. Өмірі өзгеше өрілген бұл сарбаздың тағдырдан көрген тауқыметі жастайынан көп еді. Елтоқ аға 1924 жылы 25 қаңтарда Қара батыр деп аталатын ауылда қарапайым шаруа отбасында өмірге келеді. Жастайынан әке-шешесінен ерте айырылады. Сөйтіп, жетімдік тағдыры басталады. Қиын заманда қарақан басын сақтауды ойлайтын жылдарда қараса қоятын ет жақыны бола қоймаған ...

Жалғасы »

Берлинге дейін барған

Сұрапыл жылдары қан майданның қақ ортасында жүріп, ерлік көрсеткен, бергі бейбіт кезеңде ауыл шаруашылығы саласында адал еңбек еткен майдангерлер аз емес. Солардың бірі — соғыс және еңбек ардагері Бисеналы Өмірбаев. Ол 1906 жылы Новоресей ауданы Мағаджан (қазір бұл ауыл Қарғалы селолық округіне қарайды – авт.) кеңшарындағы №5 фермада дүниеге келген. Бастауыш сыныпты бітірмей-ақ еңбекке ерте араласып, кеңшарда әртүрлі жұмыстар атқарған. ...

Жалғасы »

101-дің жауынгері

Соғыс кезінде Ақтөбеде жасақталған 101-ші атқыштар дербес бригадасының даңқын оның ержүрек жауынгерлері айналаға кеңінен танытты. Сол құрама сапында өзінің ерлігімен көзге түскен батыл майдангерлердің бірі сержант Жайылхан Мерғалиев еді. 1938 жылы жиырма бір жасында Кеңес Одағына жан-жақтан сыртқы жаулар қауіп төндіріп тұрған уақытта Қобда аудандық әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына шақырылған ол өзінің азаматтық борышын жақсы түсініп, ел қорғауды басты ...

Жалғасы »

Ажалдан арашалаған

Өмір жолы адам баласын қайда бастап кететінін бағамдау қиын. Шалқар ауданының Арал теңіз жақ бетіндегі Бақанды деп аталатын ауылындағы ата-баба мекенінен Сералы Бегжанов алыстап кетемін деп ойлады дейсіз бе?! Оның бүкіл ғұмыры, нақты айтқанда балаң кезінен азамат болып қалыптасу, еңбек ету, елге танылу сатыларының бәрі Қарақалпақ жерінде өтті. Сол өңірмен сабақтасып, сіңісіп кеткендігі сонда, оны туабітті сол елдің азаматы деп ...

Жалғасы »

Ерлерді еске алды

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан әр жауынгер — батыр. Себебі олар ел басына күн туған кезде от пен оқтың ортасына барып,  қасық қаны қалғанша күресті. Олардың сол батылдығы қазақтың талай ұлдарының бойына қуат беріп, жүрегіне от тұтатты. Ауылдан келген көптеген жас жігіттер бірден майданның алғы шебіне аттанып, ерліктерімен көзге түсті. Олардың арасында менің әкем Жанғали мен онымен бірге туған Ғани, Биғали ...

Жалғасы »