Басты бет » Мереке (page 3)

Мереке

Сырым Ержанов: Қаза болған полицейлер — бейбіт өмірдің қаһармандары

Аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық және стратегиялық маңызы бар экономика саласының нысандары күзет қызметінің қорғауында. Ішкі істер органдарының маңызды құрамдас бөлігі — күзет қызметі басқармасы мекемелердің қауіпсіздігіне жауапты. Қауіп-қатерге толы жұмыс туралы басқарманың бастығы полиция полковнигі Сырым Ержановпен сұхбаттастық.  — Сырым Сайынұлы, Сізді және қарамағыңыздағы жеке құрамды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Барша қазақстандық полиция қызметкерлері үшін осы жылдағы айтулы оқиға – 25 ...

Жалғасы »

Учаскелік инспектор

Ол — қазақ пен әзірбайжан отбасын құда қылған шаңырақтың бел баласы. Ол — бүгінде Ақтөбе полициясының қатарында абыроймен қызмет етіп, жергілікті халықтың алғысына бөленіп жүр, кейіпкеріміз — аға лейтенант Рамиль Оруджев. — Рамиль, алдымен өзіңіздің туып-өскен ортаңыз, отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз? — Мен Ақтөбе қаласында туып-өстім. Осы жерде мектепті, жоғары оқу орнын бітірдім. Әскери борышымды Алматы аумағында өткердім. Отбасымда ата-анам, ...

Жалғасы »

Ақтөбеде медицина қызметкерлерінің күні ерекше атап өтілді

Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шара  Батыс-2 ауданында  жаңадан салынған «Денсаулық» саябағында өтті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және арнайы шақырылған қонақтар ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері, Бейбітшілік және рухани келісім жөніндегі Президент сыйлығының иегері, медицина ғылымының докторы Нина Қаюпова, Сеул ұлттық университеті госпиталінің вице-президенті Кванг Вунг Ли мен бауыр трансплантациясы бөлімінің клиникалық профессоры Кьюнг ...

Жалғасы »

Әсет ҚАЛИЕВ: Ақтөбе медицина саласы бойынша батыс аймақтың астанасына айналады

Қазір облыста медициналық кластер құру бағытында қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Оның ішінде хирургияның ең күрделі саласы —  трансплантологияны дамыту қолға алынды. Соңғы екі-үш жылдықта ақтөбелік хирургтер 28 бүйрек, 9 бауыр ауыстыру отасын жасады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, хирургия саласында жиырма жылдық тәжірибесі бар білікті хирург Әсет Қалиевпен мереке қарсаңында сұхбаттасқан едік. — Трансплантологияны дамыту бойынша қазір қандай жұмыстар атқарылып ...

Жалғасы »

Төл мерекесін тойлады

Кәсіподақ Облыстың кәсіподақтар активі қаладағы «Зере» мейрамханасында сенбі күні Қазақстанның кәсіподағы күнін атап өтті. Бұл шараға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, салалық кәсіподақтардың жетекшілері, әлеуметтік әріптестер шақырылды. Салтанатты шара басталар алдында Қазақстан кәсіподағы туралы фильм көрсетілді. Облыс кәсіподақтарының жұмысшылардың әлеуметтік еңбек құқықтарын қорғау бойынша жүргізген жұмыстары туралы әңгіме болды. Облыстың кәсіподақ активін Жалпы Еңбек Конфедерациясының, ҚР Кәсіподақтары федерациясының, салалық кәсіподақтардың атынан ...

Жалғасы »

Мемлекеттік рәміздер мәртебесі

Облыстық сотта, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттарда мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай мемлекеттік рәміздер Қазақстан Тәуелсіздігінің біріктіруші бейнесін білдіретінін атап өтті. Атап айтқанда, біздің мемлекеттілігіміздің, егемендігіміздің басты негіздерінің бірі – мемлекеттік рәміздерінің құрылуы Елбасының тікелей бастамасымен өтті. Бүгін біздің ел халықтың әл-ауқатын нығайтуға және жақсартуға бағытталған жоғары дамыған әлеуметтік және экономикалық ...

Жалғасы »

Ақтөбе Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтті

Мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына тура 25 жыл толды. Мерейлі мерекені облыс жұртшылығы кең көлемде тойлады.  4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара облыс әкімдігі алаңынан бастау алды. Шаһарымыздың бас алаңынан авто-вело-мото шерушілер және атты әскерлер тобы қолдарына мемлекеттік нышан — көк Байрағымызды алып, сап түзеді. Егемен еліміздің ең қастерлі нышанын ұстаған топ қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, ...

Жалғасы »

Жиырма жылдың жемісі

Мерей Бірлігі мен ынтымағы жарасқан аймақтық «Славяне» этномәдени бірлестігінің құрылғанына 20 жыл толды. Осыған орай Ақтөбе қаласындағы «Бірлік пен келісім» сулы-жасыл гүлзарының маңында мерекелік кеш өтті. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. «Славяне» этномәдени бірлестігі — 1997 жылдың мамырында славян мәдениетін, этникалық ерекшеліктерін сақтап, дамыту мақсатында құрылған орталық. Бірлестік мүшелері 20 жылдық мерейтойында ақтөбеліктерге ...

Жалғасы »

«Бірлік» тобы — жеңімпаз

Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 25 жыл толуына орай, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен, Ақтөбе мұнай және газ колледжінде «Рәміздер — Тәуелсіздік тұмары» атты білгірлер сайысы өтті. Сайыс таныстыру кезеңі, сұрақ-жауап, тест сұрақтары және «Мақал-мәтел — сөз мәйегі» атты кезеңдерден тұрды. Сайысқа қатысушылар 3 топқа бөлінді: «Бірлік», «Жалын» және «Қыран» топтары. Шараға қатысушылар алдында кітапхана қызметкері Б.Хамидуллина  сөз алып, Қазақстанның мемлекеттік ...

Жалғасы »

Мемлекеттік рәміздер — қасиетті құндылықтар

Қай елдің де егемендігі мен біртұтастығының бірден-бір айқын нышаны — мемлекеттік рәміздері. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы, Елтаңбасы, Әнұраны ресми түрде 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Міне, сол тарихи күнге де ширек ғасыр толып, бүкіл еліміз осы мерейтойды мерекелеп жатыр. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздіктің айнасы ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Рәміздерді пайдаланудың өзіндік тәртібі бар. Рәміздерді пайдалану тәртібі Конституцияда, «Қазақстан ...

Жалғасы »