Басты бет » Мереке (page 2)

Мереке

Тоқсан жылға таяу тарихымыз бар

Тоқсан жылға таяу тарихы бар «Ойыл» газеті — талай қабырғалы қаламгерлер түлеген орда. Уақыт ағымына орай атауы да, меншігі де бірнеше рет өзгерді. Бүгінде бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпірге айналған басылымның ат төбеліндей тілшілері қал-қадірінше тұрғындарды ақпаратпен қамтып,  ауданның тынысына айналып отыр. Қазақы тәрбиенің қайнарынан сусындаған газет тілшісі Самат Нарегеевтің сөз саптасы мен оқиғаны суреттеуі оның осы мектепте ысылып, ...

Жалғасы »

Әсерлі сәттер аз емес

1935 жылдан «За болшевисткие колхозы» деген атаумен шыққан аудандық басылым 2001 жылдан «Мәртөк тынысы» болды. Осыдан екі жыл бұрын сексен жылдығын атап өткен газеттің тарихына үнемі көз жүгіртіп отырамыз.  Газеттің алғашқы редакторы Дарья Мастерова болған. Ал елуінші жылдардың ортасынан бері қарай басылым тізгінін Борис Лускань, Александр Урясов ұстады. 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Сәттіғұл Қаракеев басқарып келеді. ...

Жалғасы »

Біз — алғашқы оқырмандармыз!

Біз, баспа қызметкерлері, журналистермен тығыз байланыста, қазақша айтқанда, тонның ішкі бауындай болып араласып жұмыс істейміз. Олардың шығармашылық еңбектері газет бетінде жиылып, оқырманға жол тартады. Ол үшін газет баспаханада басылуы тиіс, яғни біздің қолымыздан өтеді. Менің күллі саналы ғұмырым баспаханада өтіп келеді деп айтуға болады. Кешегі «Коммунизм жолы», бүгінгі «Ақтөбе» газетінің талай жаңа сандары ең алдымен менің қолыма тиетінін қалай мақтанышпен ...

Жалғасы »

Олар — мәртебелі міндетті жүзеге асырушылар

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы Жарлығымен маусым айының 23-і Мемлекеттік қызметшілер күні болып белгіленгені мәлім. Міне, бұл кәсіби мереке биыл төртінші рет атап өтілуде. Кеше М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің А.Досжанова атындағы конференц-холда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күніне арналған салтанатты шарасы өтті. — Бұл кәсіби мереке — Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру барысындағы ...

Жалғасы »

«…Журналист болу үшін талант керек!»

Келесі жылы 100 жылдығын тойлағалы отырған облыстық қоғамдық-саяси «Актюбинский вестник» газетінде бас редакторлық қызметті атқарған, бүгінде мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алып жатқан Айгүл Нүркееваға хабарласып, шетелдегі оқуының жай-жапсары, қазақстандық және сырттағы журналистердің айырмашылығы, жалпы осы салаға қатысты ой-толғамдарын білген едік. — Қазіргі таңда Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетінде «Медиа және журналистика» мамандығы бойынша магистратурада оқып жүрмін. Түрлі зерттеу орталықтары жүргізген ...

Жалғасы »

Алғыс арқалаған әріптес

2012 жылдың аязды қысы болатын. «Актюбинский вестник» газеті редакциясының журналистер отыратын кабинеттерінің бірі бірнеше күнге «қоймаға» айналды: азық-түлік, балаларға арналған киімдер, тұрмысқа қажетті заттар үйіліп тұрды. Бұлар — журналист Гүлсім Назарбаевның кейіпкері, жалғызбасты ана Аннаға көмек көрсету үшін редакцияға бірінен соң бірі хабарласып жатқан оқырмандар ұсынған заттар еді. Саяжайда тұратынын, балаларын жалғыз тәрбиелеп отырғанын, оның үстіне олардың бірі мүгедек екенін, ...

Жалғасы »

Екі тілге бірдей жүйрік журналист

Жантас Мақсұтовты жұртшылық алдымен спорт журналисі ретінде таныды. Расында, Жантасты БАҚ саласына алып келген спортқа деген құштарлығы еді. Әсіресе, 1994 жылғы қысқы Олимпиадаға жанкүйерлік еткені, Владимир Смирновтың жеңісіне есі шыға қуанған сәттер қатты есінде қалды. Осыдан кейін ол, әсіресе, қысқы спорт түрлерінен өтетін әлемдік деңгейдегі жарыстарды жібермей қарайтын болды. Оның үстіне, ес білгеннен футбол жанкүйері болып өсті. 90-жылдардың ортасында ұлттық ...

Жалғасы »

«Нақ осы ұжымда жұмыс істесем деген тілек болды»

Сырттай қарағанда құйттақандай, нақ бір оқушы қыз сияқты көрінетін Нина Грузинованы әріптестері ізденімпаз, ойлы журналист ретінде сыйлайды. «Актюбинский вестник» газетіне жұмысқа тұрған екі жылға жуық уақыттың ішінде ол өзінің еңбекқорлығы, елгезектігі, жұмысқа деген жауапкершілігі арқылы әріптестерінің құрметіне бөленді. Нинаның да өз ұжымына деген ықыласы бөлек: — Мамандығым бойынша мен — филологпын. 2015 жылы «Актюбинский вестник» газетінен тілшілер қажеттігі жөнінде хабарландыру ...

Жалғасы »

Облыстық телевидениенің майталмандары

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасы — талай қазақ тележурналистерінің қаламын шыңдап, қанаттандырған орда. Қазір телеарнада білікті, кәсіби мамандардың қатары көп. Мереке қарсаңында олардың бірқатарын  әңгімеге тарттық.   ӘНУАРБЕК «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасындағы кәсіби журналистің бірі — Әнуарбек Мырзатайұлы. Үнемі қолынан микрофоны түспейтін елгезек жігітті ақтөбеліктер жақсы таниды. Әнуарбек —  Ырғыз өңірінің перзенті. Алғашқы еңбек жолын «Отырар» кейін «31-ші арна-Ақтөбе» атанған телеарнада бастаған. Ал «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында  ...

Жалғасы »

Кешеден — бүгінге

Жаңа айдар: Қалам мен қоғам Нұрқайыр ТЕЛЕУОВ, «Ақтөбе» («Коммунизм жолы») газетінің 1965-1992 жылдардағы редакторы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері УАҚЫТ ӨЗГЕРІП, БҮКІЛ АҚПАРАТ АҒЫНЫ КОМПЬЮТЕР АРҚЫЛЫ ҚОЗҒАЛЫСҚА КЕЛІП, АЙНАЛАҒА ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАРАЛҒАНЫМЕН, КЕЗІНДЕ ҚАЛАМ МЕН ҚАҒАЗДЫ БАСТЫ ҚАРУ ЕТКЕН АЛДЫҢҒЫ БУЫН ӨКІЛДЕРІ — ЖУРНАЛИСТ АҒАЛАРЫМЫЗ ӘЛІ КҮНГЕ СОЛ ДӘСТҮРІНЕН АЙНЫҒАН ЖОҚ. ОЛАР БҮГІНГІ КҮНІ ДЕ КӨКЕЙДЕГІ КӨРІКТІ ОЙЛАРЫН ҚАҒАЗҒА ...

Жалғасы »