Басты бет » Мереке (page 10)

Мереке

Исламбек Салжанов: Ақтөбенің мен үшін қашанда орны бөлек

Бизнес саласындағы бірегей тұлғалардың бірі, атымтай жомарттығымен қазаққа танылған «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжанов — Ақтөбенің төл перзенті. Ұлттық ауқымда атқарылып жатқан игі істерге демеуші болып жүрген азамат туған жерінің көркеюіне де орасан зор үлесін қосып жүр. Наурыз мерекесі қарсаңында жерлесімізден қысқаша-сұхбат алған едік. — Сіз үшін Наурыз мерекесінің маңызы қандай? Қалай атап өтесіз? — Наурыз —  ...

Жалғасы »

«Наурызкөжені екі рет пісіремін»

Наурыз мейрамында қазақ дастарқанының ажарын кіргізетін ұлттық тағамдардың ішінде молшылықтың, берекенің белгісіндей наурызкөженің жөні бөлек. Бұл жолы дәстүрлі тағамды жыл сайын  әзірлейтін Алға ауданының тұрғыны Бибіжамал Шабенованы сөзге тартқан едік. — Наурыз деген тамаша мейрам, көктем келіп, көңілің жадырап, үйіңнің ішін, айналасын қысқы күл-қоқыстардан тазартып, бітеліп қалған бұлақтың көзін ашып, тал егіп, жан-жағың жаңарып, дүниеге жан бітеді. Кеңес заманында да ...

Жалғасы »

Киіз үй жасайтын жалғыз үйші

 Ерекше қасиетті баспана Көшпенді қазақ тұрмысына ыңғайлап жасалған киіз үйдің артықшылығы көп. Тез құрылады, тез жиналады. Бір түйенің қомына сыйып кететін ықшам әрі жеңіл. Салтанаты да асып тұрады. Қазақтың күллі қолөнері соның ішінде. Үзігі, басқұры, өрнекті, оюлы сықырлауығы бірінен-бірі асып, көз тартады. «Ши ораулы болмаса, үйдің сәні келер ме?» дейтіні тағы бар. Өңшең бір жарасымы үйлескен анық, қанық бояулар ертегі ...

Жалғасы »

Ұлы істің ұлы күні…

Қазақ ұғымында Наурыз — бір ұлыстық не  ұлттық емес, тіпті адамзаттық емес, ғаламдық деңгейдегі жаратқандық іс. Наурызға қатысты салтанат пен той «наурыздама» аталған. Ол 13-22 наурыз аралығын қамтығанда, кемінде 8-9 күнге созылған. Бұл кезде қысқы тоң кетіп, жер беті жібиді, қардың еруі басталады, қар аралас жаңбыр себелейді. Бұл кезді «аласапыран» атайды. «Аласапыран» — түрлі нәрсенің, дүниенің мидай араласуы. Қазақтар табиғаттың ...

Жалғасы »

Тауық жылы табысты жыл болсын!

Жұлдызжорамал Жыл он екі айға болжам жасайтын күншығыс елдерінің жұлдызжорамалына сүйенсек, биылғы жыл жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып, үміттер ақталатын жыл болмақ. Алайда тарихи деректерге сүйенсек, қазақ халқының басындағы нәубет жылдары көбіне  мешін, тауық жылдарына сәйкес келіпті. Алайда қазақ халқы қашанда жаңа жылды жақсылыққа жориды, жаңа жылдан жаңалық күтеді. Сондықтан биылғы жыл ырыс пен табысқа, құт-берекеге толы жыл болады деп сенеміз. ...

Жалғасы »

Наурыз қазақ мифологиясында Қазақ атаның інісі болып есептеледі

Наурыз мейрамы қарсаңында белгілі өлкетанушы Бекарыстан Мырзабаймен әңгімелескен едік. Григориан күнтізбесі өзгере ме? — Бекарыстан аға, Қазақстанның батыс облыстары  Жаңа жылды 14 наурызда, өзге өңірлері 22-сінде қарсы алады.  Қайсысы дұрыс? — Наурыз дегеніміз — Жаңа жыл, Күн мен Түннің теңелуі ғой. Күн мен Түн қашан теңеледі? Астрономияға жүгінейік.  Кеше интернетке үңілсем, 17 наурыз күні күннің ұзақтығы  11 сағат 59 минут, ...

Жалғасы »

Ардақты аналар! Аяулы арулар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі — 8 наурыз мейрамымен ыстық ықыласымызбен құттықтаймыз! Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры. Қазақ халқының тарихында дана, ақылына көркі сай, ержүрек аруларымыз аз болмаған. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де әйел-ананың ақ сүті мен ақ ниетінен тарайды» деген тамаша сөзі бар. Қазіргі тәуелсіз Қазақстанда әйел — тек отбасының береке-бірлігін ...

Жалғасы »

Димаштың анасы

Ол — ғажап әнші! Ол — облыстық мәслихаттың депутаты. Ол — жақсы келін, жақсы жар. Ол — ана! Димаштың анасы! Әңгіме белгілі әнші Света Айтбаева туралы.  — Бұрын жұрт Димашты Қанат пен Света Айтбаевтардың перзенті ретінде танитын. Енді сендерді Димаштың әке-шешесі деп атай бастапты. Қалай, жаңа  «атауға» бойларың үйренді ме? — (Күліп) Үйреніп келеміз. Димаш негізі ата-енемнің баласы ғой. Бізге ...

Жалғасы »

Облыстағы аудан басқарып отырған жалғыз қыз

Ойыл ауданының әкімі Бұлбұл Күзембаева қазіргідей талабы көп, талғамы биік уақытта тізгін ұстап отырған санаулы қыздарымыздың бірі. Ат үстінде жүрген атпалдай азаматтардың өзі нар көтерер жүкке арқасын төсей алмай жүрген кезде қаршадай нәзік жанның жігерін жаныған бір жағы облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың берік сенімі болса керек. Негізінде ойшылдардың есебінше, адамның есімі мен оның мінезін және тағдырын байланыстырып тұрған құпия байланыс ...

Жалғасы »

Мұңсыздың автобусына мініңіз!

Ұзақ жылдардан бері әуелі троллейбус тізгінін ұстаудан бастап, кейіннен автобус жүргізіп келе жатқан Мұңсыз Тілегенова — Ақтөбе қаласындағы осындай кәсіпті меңгерген жалғыз әйел. Нәзік болмысымен автобус тұтқасын ұстаған кейіпкеріміздің жүзі, әсіресе, №19 қоғамдық көліктің тұрақты жолаушыларына жақсы таныс. Күні бойы жолда жүретін автобус жүргізушісінің жұмыс кестесі тығыз болатыны түсінікті. Сол себепті Мұңсыз Тілегеновамен тілдесу үшін №19 автобус бағытымен айналым жасауымызға ...

Жалғасы »