Басты бет » «Ақтөбе — құтты мекен» (page 4)

«Ақтөбе — құтты мекен»

Елуінші жылдар…

ХХ ғасырдың 50-жылдарының басы жасампаз істерге, үлкен жаңалықтарға толы болды деп айта алмаймыз. Ең бастысы — кешегі соғыс кезіндегі үрей, уайым бірте-бірте сейіліп, алаңсыз, бейбіт тірлік жалғасып жатты. Облыс шежіресі саналатын  «Социалистік жол» газетінің 1950-1952 жылдардағы тігінділеріне үңілсек: Міндеті шашынан көп… Соғыстан кейінгі қалпына келтіру жылдарында мал шаруашылығы еңбеккерлеріне мал басын көбейтуден бөлек, мемлекетке ет тапсыру, сүт тапсыру, жүн тапсыру, ...

Жалғасы »

Қайрат пен бейнет

Тұрар Рысқұлов, Ұзақбай Құлымбетов бастаған қайраткерлеріміз Қазақстанның бар аймағында үлкен кәсіпорындар ашуды, өнеркәсіпті, жол қатынасын дамытуды жоспарлады. Алайда олар 1937-нің сүргініне ұшырады. Жұрт бұл сүргіннен ес жиып үлгермей, соғыс басталды. Ал соғыс біткеннен кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру жылдарында Сталин жетекшілік еткен КСРО басшылығы біздің республикаға қатысты түпкі ниетін ашық жария етті: «Қазақстанды шығыстағы социалистік мал шаруашылығының негізгі базасына айналдырайық!» — ...

Жалғасы »

Өндірісті өңір: оң өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер

Туған жерім — нұрлы елім Темір — болашағы айқын, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудан. Ауданда өндіріс пен ауыл шаруашылығы саласы қатар дамыған.  Өңірдегі 26 елді мекенде 37 мың 700 тұрғын бар. Орталығы — Шұбарқұдық  ауылы. Халықтың әл-ауқатын арттыру — басты мақсат. Бұл бағыттағы міндеттер де Темірде өз деңгейінде орындалып жатыр. Ауданда  орташа айлық атаулы жалақы — 119 377 теңге. 2002 ...

Жалғасы »

Жеңістен кейінгі жыл

1946 жылды, бүкіл кеңес халқы секілді, ақтөбеліктер де үлкен оқиғамен қарсы алды: сол жылдың 10 ақпанына КСРО Жоғары Кеңесінің сайлауы белгіленген еді. Жаңа жылдың алғашқы күндерінде барлық еңбек ұжымдарында кандидаттар ұсыну мақсатындағы жиындар өтіп, жұрт абыр-дабыр болып жатты. Бұл 1937 жылдың желтоқсанынан кейін өткелі тұрған сайлау еді. Жоғары Кеңес депутаттары ол уақытта 4 жылға сайланған. 1941 жылдың 5 желтоқсанында КСРО ...

Жалғасы »

Облыстық газеттер — Ойыл ауданында

Акция Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамды қозғаушы күш ретінде рөлі арта түсуде. Сондықтан да басылымдар мен оқырмандардың арасындағы байланысты нығайту, жұртшылықтың ой-пікірін, ұсыныстарын биліктің назарына жеткізу міндеті қалам иелері үшін кәсіби парыз ғана емес, сондай-ақ Елбасы Жолдауларында айтылған елді ілгерілету, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге қосылған үлес те болмақшы.    Осындай бағытты берік ұстанған облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» қоғамдық-саяси газеттерінің ...

Жалғасы »

«Аңсаған қуанышты күн келді»

Тұрмысы жүдеу, көңілі алаң болғанмен, 1945 жылды кеңес халқы үлкен үмітпен қарсы алды. Бұл уақытта ел аумағы жаудан азат етілген еді. Облыстық «Социалистік жол» газетінің 1945 жылғы алғашқы санындағы басты мақала: «Былтырғы жылы сонау Мұзды мұхиттан Балқанға дейінгі жалпы майданда бұрын-соңды болып көрмеген ұрыс қимылдары басталды. Қызыл армия жауға үсті-үстіне, түйдектете соққы берді. Бірінен бірі асып түскен және әртүрлі бағытта ...

Жалғасы »

«Аты төбе болғанмен, таудан биік тұлғасы!»

19-20 мамыр күндері Ақтөбеде облыстың құрылғанына 85 жыл толуына арналған «Ақтөбем менің еңселі, Жырыма қосам мен сені» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Соңғы екі жыл ішінде Ақтөбеде үшінші рет республикалық айтыс ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы да жерлестеріміз айтыс өнерінің бүкіл елге танылған, талай додада топ жарған, «менмін» деген жүйріктерімен қауышты:Ринат Зайытов, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Төлеген Жаманов, Жансая Мусина, Дидар ...

Жалғасы »

Жеңіс жолындағы жігерлі бастамалар

«…Ақжібек үркектеп, кемпірге жақындады да: — Қане, әже, — деді. Кемпір қағазды берді. Бірақ баласының қолын одан сайын қатты қыса түсті. Ақжібек орыс сөздерін аздап бұзып оқи жөнелді. Әуелі дауыстап, сосын даусы төмендей берді. Ақырында, ең соңында, «погиб» деген сөзді тіпті жай, әрең айтты. Бірақ бұлардың ішінде осы сөздің шын мәнін білетін өзінен бөтен ешкім жоқ еді. Дегенмен, беті бозарып, ...

Жалғасы »

Күніне 46 грамм нан…

КСРО халқы соғыс басталған алғашқы күндерден бастап, әр апта соңындағы демалыстан бас тартқан-ды. Елдегі жұрттың қуанышы да, уайым-мұңы да майданнан келген хабарларға байланысты болды.Әлеуметтік-тұрмыстықауыртпалықтардыкөпжағдайда елемеуге тырысты, алайда қарапайым бұқара азық-түлікпенөнеркәсіптауарларынантапшылықкөрді. Мемлекеттікбөлшексауданыңқысқаруынабайланыстыбаға өсіп, қымбатшылық жайлады. Жау қолында қалған аймақтардан көшіп келушілердің көптігінен тұрғын үймен қамтукөрсеткіші күрт төмендеді. Қазақстан қалаларындауақытша санитарлық-тұрғын үй нормасы енгізілді: бір адамға 5 шаршы метр тиесілі болды, ал ...

Жалғасы »

Ақтөбе жерлестерін шақырады!

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қыркүйекте «Ақтөбе — құтты мекен» облыстық форумы өтеді.  «Туған жерге тағзым» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылатын бұл шара Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға да өзіндік үлес қосады. Сондай-ақ, облысымыздың 85 жылдық мерейтойының жоғары деңгейде өтуіне де септігін тигізбек. Өйткені форум аясында көптеген игі істер тындырылатын болады. Бұл қандай шаруалар? ...

Жалғасы »