Басты бет » «Ақтөбе — құтты мекен» (page 3)

«Ақтөбе — құтты мекен»

Қайта оралған мереке

Мыңдаған жылдар бойғы дәстүрге сай, Наурыз — қазақтың басты мерекесі еді. Кеңес заманының алғашқы жылдарында да солай болды. 1925 жылғы 22 наурызда сол кездегі қазақтың басты басылымы — «Еңбекші қазақ» газеті: «Қыс өтіп, қар кетіп, Шырайлы жаз жетіп. Шаруаның кенелген Мейрамы ежелден» — деген жыр жолдарын келтіріп, қалың көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтаған. Бірақ 1926 жылдан бастап бұл мерекені тойлау тоқтатылды. ...

Жалғасы »

Озаттар қатарынан көрінгендер

1933 жылдың ақпанында Филипп Голощекин республика басшылығынан кеткен еді. Орнына Левон Мирзоян келді. Облыстық мемлекетік мұрағатта сақталған «Социалистік жол» және «Актюбинская правда» басылымдары беттерін ақтарып отырсақ, 1937-нің зұлматына дейінгі аралықта қазақ даласында бірер жыл тыныштық орнағандай сезіледі. Бұрынғыдай бірыңғай «жау» іздеу жоқ, керісінше, озаттардың есімдері жиі ауызға алынып, әр саланың үздіктерін басқаларға үлгі етуге ерекше көңіл бөлініпті.    Байқаумен басталған ...

Жалғасы »

Әбілқайыр Досов — 1934-1936 жылдардағы басшы

1934 жылдың наурыз айында Ақтөбе облысына жаңа басшы болып Әбілқайыр Досов келді. Облыстық мемлекеттік мұрағатта (13-қор) Әбілқайыр Досовтың БК(б)П мүшесі ретіндегі есептік карточкасы сақтаулы тұр. Құжатта атын орыс тілінде «Абль-хаир» деп көрсетіпті. Ә.Досов 1899 жылы дүниеге келген. Партия қатарына 1919 жылы кірген. 1919 жылдың ақпан айынан 1920 жылдың желтоқсанына дейін Омбыдағы губерниялық партия комитетінде ұлттық бюрода қызмет еткен. 1921 жылдың қаңтар ...

Жалғасы »

Бүкілодақтық көрмеге кімдер барды?

10 наурыз күні облысымыздың құрылғанына 85 жыл толды. Ақтөбе облысының құрылуы ұжымдастыру кезеңі мен тұспа-тұс келді. Алғашқы ауыл шаруашылығы артельдері 1920-жылдары құрыла бастады, бірақ Ақтөбе округінде ұжымдастыру мақсатындағы қарқынды жұмыстар 1929 жылдан басталды.1930-жылдары округте 393 ұжымшар құрылып, ауылға көмек ретінде 800 шамасында маман, яғни тракторшылар, есепшілер, колхоз басшылары жіберілген. Ауылшаруашылығы жабдықтарын жөндейтін 21 бригада болды. Қазақ Өлкелік атқару комитеті Қазақстаннан ...

Жалғасы »

Алыс жылдар мен алыс жолдар

Өткен ғасырдың 30-жылдары ел тарихындағы ең бір қайшылықты кезең болғаны белгілі. Ұлы Даланың бір бөлшегі — Ақтөбе өңірініңшежіресі саналатын «Социалистік жол» және «Актюбинская правда» газеттерінің сарғайған беттерінде сол кезең іздері сайрап жатыр… «Жаңа әріптің жауы, арапшаның шын досы» Ғасырлар бойы араб графикасын қолданып келген жұрт1929 жылы латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшті. Бұл ұлттың өз таңдауы емес-тін. Алфавит ауыстырудың зардаптары ...

Жалғасы »

Алғашқы басшы

1932 жылы құрылған Ақтөбе облысының алғашқы басшысы, яғни облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Шаяхмет Ярмұхаметов болды. Облыстық мемлекеттік мұрағатта оның БКП(б) мүшесі ретіндегі есептік карточкасы сақталған. Шаяхмет Ярмұхамбетов 1902 жылы Жетісу губерниясындағы Қаракөл деген жерде дүниеге келген. Ұлты қазақ. Шыққан тегі жөнінде «шаруа отбасынан» деп көрсетілген. Шаяхмет Ярмұхаметов Кеңес өкіметін орнату ісіне 17 жасынан араласқан екен. 1919-1921 жылдар аралығында Алматыдакомсомол ...

Жалғасы »

Астық үшін күрес…

1932-33 жылдар туралы қазіргі тарихшылар, жазушылар, журналистер айналып өте алмайтын бір тақырып бар: аштық. Ал нақ сол кездегі баспасөзге үңілсек, облыс жұртшылығы бір ғана тірлікке жұмылған секілді көрінеді: астық… «Астық үшін күрес — социализм үшін күрес», «Партия ұйымдарының астық жолындағы күреске әзірлігін тексереміз!» сынды қаптаған ұрандар… Бірақ, ұрандаған сайын, астық үшін күрес жолында кедергілер көбейе береді, көбейе береді. Мысалы, Ақбұлақ ...

Жалғасы »

Облыс құрылған жыл: он дерек

  1932 жылғы 25 наурызда «Актюбинская правда» газетіне жарияланған баяндамасында облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Шаяхмет Ярмұхаметов облыс құрамында 18 аудан бар екенін айтқан еді. Бұлар: Арал, Ырғыз, Табын, Торғай, Шалқар, Ақбұлақ, Ақтөбе, Темір, Қобда, Жетіқара, Қостанай, Қарабалық, Меңдіқара, Батпаққара, Семиозерный, Обаған, Федоров және Адамов аудандары. Ал 1 шілдеде Ойыл ауданы да Батыс Қазақстан облысы құрамынан алынып, Ақтөбе облысына берілді. ...

Жалғасы »

Алғашқы қадамдар

«Ақтөбеге келгеннен кейін Хакімге өзгеше жігер пайда болды. Ол бірнеше күннен бергі үздіксіз кездескен уақиғалардың ауыр салмағы ең қиын іске тірелгенін анық сезді. Құр сезген жоқ — қолмен ұстап, көзбен көргендей болды. Ол қиын іс бір ғана халық тағдырымен байланысты, көшкен елді қонысына қайтару, оны күйзелісінің зілді жағдайынан құтқару міндеті еді. Бұл баспанасыз, жұмыссыз, көбі азықсыз жылжыған шаруалардың алдында қатал ...

Жалғасы »

Зейнеткерлер өздері оқыған мектепке 15 парта, 30 орындық сыйлады

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің 1957 жылғы 16 түлегі арада аттай 60 жыл өткенде бір-бірімен құшақ жая қауышты. Сол бір қимас жылдарда қалған бозбала мен бойжеткен шақтарын сағынышпен еске түсірген буынды бүгінде жасы 90-ды еңсерген қымбатты сынып жетекшілері Қибат Қауановнаның тағылымды тәрбие сағаты рухани бақытқа бөледі. Әсіресе, ұрыншақ ұлдардың бұзықтықтары мен қылықты қыздардың еркелігі көз ...

Жалғасы »