Басты бет » Жаңалықтар

Жаңалықтар

Тікелей байланыста: Қарғалы ауданының әкімі

Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакциясында 2018 жылғы 19 шілде күні сағат 15.00-де Қарғалы ауданының әкімі Рахат Сыдықовпен тікелей телефон байланысы арқылы сұхбат ұйымдастырылады. Сауалдарды алдын ала 8 (7132) 55-11-11, 90-71-66 телефондары немесе aktobegazeti@mail.ru элек­тронды поштасы арқылы жолдай аласыз. Тікелей байланыста тілдесу телефоны: 8 (7132) 56-33-80.

Жалғасы »

Табиғатқа зияны жоқ…

Астананың 20 жылдық мерекесінде «Ақтөбе» индустриялық аймағында экологиялық жағынан тиімді полиэтилен қалташалар өндірісі іске қосылды. Көп жағдайда қолданылатын полиэтилен қалташалардың шіріп, топыраққа сіңбейтіні белгілі. Ал мұнда өндірілетін полиэтилен қалташалардың құрамына арнайы заттар қосылып, соның арқасында олар бір жылдың ішінде толықтай ыдырап кетеді. Бұл өндірісті «Поливест» ЖШС қолға алып отыр. Кәсіпорын жылына 1200 тонна өнім шығармақ, бұлар — түрлі мақсаттағы полиэтилен ...

Жалғасы »

Маралдар төлдеп жатыр

Кәсіп Өткен жылы күзде Шығыс Қазақстан облысынан Ақтөбеге жеткізілген 150 маралдың бүгінде он шақтысы төлдеп тұр. Ақтөбеде марал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер Бану Тілегенованың айтуынша, қазір мұндағы маралдарға барлық жағдай жасалған. Мәртөк ауданының Қазан ауылы маңынан берілген 700 гектар жер түгелдей қоршалыпты. Себебі маралдар  қауіпсіз әрі еркін жайылуы керек. — Ақтөбенің табиғаты маралдар үшін қолайлы болды. Ең бастысы — олар қыстан ...

Жалғасы »

Партия қатарына қабылданды

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясының қатары толықты. Астана құрдастарына партиялық билеттер партияның Ақтөбе облыстық филиалында салтанатты түрде тапсырылды. — Мен əсем қала Астанамызбен бірге бой түзеп, есейіп келемін. Астана қаласының мерейтойында «Нұр Отан» партиясының қатарына өту мен үшін үлкен мәртебе. Партияның «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыратын білікті мамандар даярлауға, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге жұмсап отырған күш-жігері ...

Жалғасы »

Құрмет пен алғыс

Белгілі публицист, ҚР мәдениет қайраткері, Журналистер одағының және Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Мақсат Рсалин биылғы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай еліміздің тарихын, әдебиеті мен тілін дамытуға қосқан үлесі үшін Ұлттық ғылым академиясы философия, саясаттану және дінтану институтының Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, оған М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Алғыс хаты да табыс етілді. Жерлесіміз Мақсат Ахметқалиұлын шығармашылық ...

Жалғасы »

«Астана 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау туралы

Үзінді ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен наградталсын: Ақтөбе облысы бойынша Абдуллин Бердіқұл Тайбасұлы – «Қазақтелеком» АҚ Мәртөк желілік-техникалық цехының бастығы. Азизов Рахиб Хазайыр оглы – «Бабэк Құрылыс» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы. Айжарықов Түрікпенбай Жұбанұлы – еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы. Аймағанбетов Ізбасқан Нұраддинұлы – еңбек ардагері, Ақтөбе ...

Жалғасы »

20 сәбиге туу туралы куәлік тапсырылды

Астана күні қарсаңында туған 20 сәбиге туу туралы куәліктері салтанатты түрде табысталды. Жаңа Неке сарайының ғимаратында өткен шараға қала әкімі Ілияс Испанов қатысып, сәбилерге арнайы сыйлықтар берді. — 6 шілде — еліміздегі елеулі күндердің бірі. Бұл — еліміздің бас қаласы әсем Астананың туған күні. Осы айтулы күннің қарсаңында дүние есігін ашып жатқан сәбилеріңіздің бауы берік болсын. Еліміздегі әрбір бала бақытты ...

Жалғасы »

Нұрмұханбет Дияров — ақпарат саласының үздігі

Биыл мерейлі алпыс жасқа толған әріптесіміз, «Ақтөбе» газетінің бөлім меңгерушісі Нұрмұханбет Дияровты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі  ұзақ жылдар баспасөз саласындағы жемісті еңбегі үшін  «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады. Кеше  «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин аталған марапатты қаламы жүйрік журналиске салтанатты жағдайда тапсырды. Бұл хабарды екі газеттің қуанышы ретінде қабылдаған әріптестері марапат иесін қызу құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. ...

Жалғасы »

Астана күніне орай Ақтөбеде 30-дан астам нысан ашылады

Ақтөбе облысында Астананың 20 жылдық тойына орай отыздан аса әлеуметтік, өндірістік және сауда орындарын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олардың құрылысы үшін 10 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жаңа ғимараттардың іске қосылуымен  300-ге жуық жұмыс орны ашылады. Мысалы, Ақтөбеде тәулігіне 50-ден 70 тоннаға дейін тәтті тағамдар шығаратын«Айс плюс» ЖШС балмұздақ өндіру цехы ашылады. «Ақтөбе» индустриалды аймағы қуаттылығы жылына 1 200 тонна өнім ...

Жалғасы »

Момын ағаның қуанышы

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев күйші, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Момын Байғанинді Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Момын Байғанин — тұлпардың тұяғы, халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің кенже ұлы. Облыс әкімі оған мерекеге орай жаңа домбыра сыйға тартты. Момын аға — домбыраны алғаш әкесінен үйреніп, үш жасынан бері серік етіп келе жатқан жан. Оған сыйға тартылған домбыра арнайы тапсырыспен жасалған. Меймандар алдында ...

Жалғасы »