Басты бет » Спорт (page 21)

Спорт

Тоғыз өңір Ақтөбеде тоқайласты

Ұлттық спорт  Ақтөбеде ат спортынан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Қазанның 18-22-сі аралығында Ақтөбе ипподромында ат спортынан жарыстар өткізілуде. Республиканың 9 өңірінен келген спортшылар ұлттық ойынның көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату түрлерінен  сынға түспек. Чемпионат барысында көкпардан 8 команда келді. Әзірге Шымкент пен Жамбыл облыстарының спортшылары мықтылықтарын дәлелдеуде. Себебі оңтүстік облыстарда ат спорты жақсы дамыған. Көкпар ойынының ақтық ...

Жалғасы »

Әкеге қарап өскен ұл

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің туған жері — бізге көршілес жатқан Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданындағы Қайыңды ауылы. Данияр осы ауылдағы ең сыйлы әулетте дүниеге келген. Жерлестерінен білгеніміздей, оның атасы Тәліп — ауыл мектебінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен, «КСРО халық ағарту ісінің үздігі» атанған жан. Ал әкесі Марат та еңбек жолын мектепте ұстаздықтан бастаған. Иә, Данияр туралы сөзді оның ...

Жалғасы »

Дидар тағы да гол соқты

Премьер-Лига «Ақтөбе»-«Оқжетпес» — 2:2  «Ертіс» өзін қола медальмен алдын ала қамтамасыз ету мүмкіндігін қолдан сусытып алды. Ал «Оқжетпестің» қола медальға енді тіпті де иегі қышымайтын болды. Жеңіске жеткен «Қайраттың» әлі де чемпиондықтан күдер үзгісі келмейтіні аңғарылады. 30-турда «Ақтөбе» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдады. Бұған дейін төрт командадан («Ақтөбе», «Ордабасы», «Ертіс», «Астана») қатарынан жеңілген көкшетаулықтар біздің шаһарға барынша жігерленіп келгені даусыз ...

Жалғасы »

Тең текетірес

Қазақстан-Румыния — 0:0  Сейсенбі күні Астанада 2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарының үшінші туры барысында Қазақстан мен Румыния құрамалары кездесті. Осының алдындағы турда Черногориядан 0:5 есебімен ұтылған Қазақстан мен Арменияны 5:0 есебімен жеңген Румынияның алдында бәрібір бір ғана міндет тұрғаны белгілі еді — жеңіс. Бірақ жеңіс екі құрамаға да бұйырмады. Әсіресе румын жанкүйерлері көбірек өкінген болуы керек. Олар бұл кездесуден ...

Жалғасы »

Еуропалық доданың Ақтөбедегі екінші дүбірі

Футбол Қазақстан U-21-Норвегия U-21 — 0:3  Сейсенбі күні Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда футбол мерекесі тағы да жалғасын тапты. Қазақстанның жастар құрамасы норвегиялық жас футболшыларды қабылдады. Осылайша облыс басшылығы биыл ақтөбелік жанкүйерлерге еуропалық маңызды футболдық доданы екі мәрте тамашалауға мүмкіндік әперді. Ойынға жерлестеріміз өткен жолғы кездесудегі секілді тағы да қобалжып кірісті, әуелгіде тіпті қақпа маңынан әрі ұзай алмады. ...

Жалғасы »

Белгілі әндегідей болды да қойды

Футбол  Черногория-Қазақстан — 5:0  Әуелі кеңестік, одан соң ресейлік «Чайф» рок-тобы айтатын әлгі бір белгілі әннің қайырмасы есіңізде шығар: «Какая боль, какая боль, Аргентина-Ямайка — 5:0». Солай болды да қойды. Черногория-Қазақстан — 5:0. Рас, бірінші таймды Қазақстан құрамасы тым дәрменсіз өткізді деуге келмес. Кәдімгідей-ақ тырысып ойнады. Аса кереметтей қарымта шабуылдың үлгісін көрсетпесе де, мейлі, бұрыштама доп соғу мүмкіндігіне қол жетпей ...

Жалғасы »

Ағылшындар бар-жоғы бір гол соқты

Еуропа чемпионаты  Ақтөбе жанкүйерлері бейсенбі күні зор футбол мерекесін тамашалады. Бұрын Астанада немесе Алматыда өткізіліп жүрген халықаралық кездесулер енді Ақтөбеге келді. Біздің шаһарымыздың жанкүйерлері еліміздегі ең қызуқанды, ең жанашыр көрермендер екендігін жақсы білетін облыс басшылығы қалалықтарға, олар ғана емес, жалпы облыс тұрғындарына осындай мереке сыйлады. Бұл сыйды жерлестеріміз ыстық ықыласпен қабылдады. Стадионда ине шаншар жер қалмай, жас футболшыларымызға 90 минут ...

Жалғасы »

Алаң иелерінің айрықша белсенділігі

Премьер-Лига Биыл «Ордабасы» не ұтып, не тең ойнап «Қайратқа» есе бермей қойды. Бұл жолы да тең есеп нәтижесі тіркелді. Ал жеңіске жеткен, оның үстіне бір ойыны кем «Астана» алтын медальдан үмітін үзгісі келмейтін алматылықтардан алты ұпайға алға озып кетті. Әлі бір ойын артықшылығы болғанымен «Оқжетпес» те Еуропа кубогына таласуға мүмкіндік беретін төртінші орындағы «Ордабасы» командасынан төрт ұпайға кейін қалып қойып ...

Жалғасы »

Кахабер Цхададзе: бұл мен «Қайратқа» келгеннен бергі ең қиын жеңісіміз болды деп ойлаймын

Премьер-Лига «Ақтөбе»-«Қайрат» — 0:1 28-турда «Астана» мен «Қайрат» әзер дегенде үш ұпайдан олжалады. Бұлар қарсыластарын өткен турда да бір гол артықшылығымен ғана ұтқанын және ұмыта қойғанымыз жоқ. Бұған дейін қатарынан бес рет ұтылған «Ертіс» сырт алаңда «Оқжетпесті» ойсырата жеңіп, қайтадан үшінші орынға оралды. Ақтөбеде өткен турдағы өкініш тағы да қайталанды. Бұл жолы да бір гол басымдық қонақтарға үш ұпай әперді. ...

Жалғасы »

Алғашқы жарысқа қатысқандар — 160

Спартакиада  Жақында «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында XVII облыстық спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жарыстың мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттай отырып, облыстың ең үздік құрама командаларын анықтау, республикалық жарыстарға облыс құрама командасын іріктеу. Алдымен XVI облыстық спартакиаданың қорытындысы жарияланды. Бұл жарысқа 3189 мектеп оқушылары мен колледж білім алушылары қатысқан. Спорттық жарыстың 9 ...

Жалғасы »