Басты бет » Спорт (page 18)

Спорт

24 команда жиналды

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік  қосымша  білім беру орталығы ХVІI облыстық cпартакиада бағдарламасы аясында «Жастар» облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде колледж білім алушылары  арасында гір спортынан жарыс ұйымдастырды.    Облыстың ең үздік құрама командаларын анықтап, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен жарысқа барлығы 24 команда, 111 колледж оқушысы қатысты. Арнайы бекітілген ережеге сәйкес, колледж құрама командалары өзара сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегер ...

Жалғасы »

27 қаңтарда Ақтөбеде Алау эстафетасы басталады

Қысқы универсиада-2017  27 қаңтарда Ақтөбеде Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ашылуына арналған Алау эстафетасы басталады. 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін қысқы Универсиадада спортшылар спорттың 12 түрінен, анығы, биатлон, тау шаңғысы, коньки спорты, шаңғымен жарыс, кёрлинг, трамплиннен секіру, сноутборд, мәнерлеп сырғанау, хоккей, шорт-трек, шаңғы қоссайысынан бақтарын сынайтын болады. 55 елден екі мыңға жуық спортшы, үш мыңдай ерікті қатысады. ...

Жалғасы »

Армысың Универсиада!

28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматыда ХХVІІІ қысқы Универсиада өтеді. Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) 2017 жылғы қысқы Универсиаданы Алматыда өткізу туралы  ресми шешімі 2011 жылы 29 қарашада қабылданды. Қазақстан, бұрынғы КСРО елдері арасында, қысқы Универсиаданы бірінші болып өткізгелі отыр. Бұған дейін 1973 жылы Мәскеуде, 2013 жылы Қазан қаласында жазғы Универсиада өткен. Жалпы, студенттер арасындағы ең алғашқы халықаралық жарыс ...

Жалғасы »

Түркияға кімдер барады?

Футбол  Жаңа жыл қарсаңында «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі Ақтөбе қаласында өткізілген жаттығулардың нәтижесінде іріктелген алғашқы жергілікті футболшылардың тізімін мәлім етті. Түркияда өтетін бірінші оқу-жаттығу жиынына төмендегі футболшылар баратын болды: Бағдат Қайыров; Асланбек Кәкімов; Антон Шурыгин; Игорь Трофимец; Әбілхан Әбдікәрімов; Игорь Бойчук; Мұхамбет Тамабай, Саят Жұмағали. Сондай-ақ бұл ақпаратта Нұрбол Жұмашев пен Евгений Дяденконың бұл бірінші жиынға негізгі команда сапында ...

Жалғасы »

Спортшылар және мемлекеттік қызмет

Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі өз шегінде жалғасуда. Өтіп бара жатқан жылда мемлекеттік қызмет көрсетуде облыс орталығының спортшылары өз жетістіктері нәтижесінде мемлекеттік қызмет алды. Есепті мерзімде Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі тарапынан 417 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың қатарында 2, 3-разрядты спортшылар, 1, 2, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшылар, сондай-ақ бiлiктiлiгi жоғары ...

Жалғасы »

Универсиада-2017: әзірлік қалай?

Мәнерлеп сырғанаудан өнер көрсететін Қазақстан құрамасының ақырғы тізімі анықталды. Бұл туралы құраманың бас бапкері Құралай Үзірова мәлімдеді. Ерлер командасына Денис Тен, Абзал Рақымғалиев және Артур Панихин кірген болса, әйелдер арасындағы сайыстарда Қазақстан намысын Айза Иманбек, Вероника Шевелева және Жансая Әдіханова қорғайтын болады. Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Алматыдағы Қысқы универсиада кезінде ерлер арасындағы жеке мәнерлеп сырғанау жарысының басты ...

Жалғасы »

Еріктілерін іріктеу байқауы аяқталды

Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізуге атсалысатын еріктілерді іріктеу байқауы аяқталды. Еріктілерді жинау кезінде 14 мыңнан аса өтінім келіп түсті. Еріктілер жинаудың бірінші кезеңі Алматыда 27 қыркүйекте басталды. Өтінімдер жазбаша сауалнама түрінде, сондай-ақ, Универсиада сайтында онлайн арқылы қабылданды. Барлығы 14 165 өтінім, көбісі алматылықтардан (Алматы қаласындағы оқып жүрген студенттер — 9 303) келіп түсті. Сондай-ақ, Универсиада-2017 еріктісі атанғысы келетіндердің дені — жақын ...

Жалғасы »

Арман «Алтын тұғыр» алды

Астана қаласында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімін өткізді. Қауымдастық жыл қорытындысын жасап,  үздік спортшыларды арнайы номинациялармен марапаттады. Осы шарада ақтөбелік спортшы Арман Сағымбаев «Үздік аударыспақшы» номинациясын жеңіп алды. Елордадағы «Астана» концерт залында үздіктерді қауымдастық президенті Бекболат Тілеухан марапаттады. Арман Сағымбаев — аударыспақтан облыс намысын қорғап жүрген спортшы. Ат спорты мектебіне 15 жасында келген. ...

Жалғасы »

Спортшылар жаңа жылды қалай қарсы алады?

Сәбина АЛТЫНБЕКОВА, қазақстандық танымал волейболшы: — Биыл жаңа жылда Астана қаласында боламын. 31 желтоқсан күні Президент шыршасына қатыспақ ойым бар. Келер жылдан көп үміт күтемін. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Машбекұлы волейбол спорт мектебін ашсақ деген ойымызға қолдау танытты. Себебі спорт сүйер жастар өте көп. Менің бала күнімнен бергі басты арманым — мықты спортшы болу. Осы жолда әлі талай еңбек ете ...

Жалғасы »

Сәбинаның волейбол мектебін ашу туралы ұсынысы қолдау тапты

Сейсенбі күні денешынықтыру-сауықтыру кешенінде жыл қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ақтөбелік 12 спортшы марапатталды. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Кездесудің құрметті қонағы жерлесіміз, танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова болды. Сондай-ақ ақтөбелік спорт шеберлері мен  жаттықтырушылар, облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері қатысты. Кездесу барысында 2016 жылдағы денешынықтыру және аймақтағы спортты дамытудың жұмыс қорытындылары, ...

Жалғасы »