Басты бет » Ауыл (page 3)

Ауыл

Бақытжанның бөденелері

Бүгінде облысымызда бөдене өсіру ісі дамып келеді. Әсіресе ауылдық жерлерде бөдене өсірумен айналысатындар көп. Солардың бірі — әйтекебилік Бақытжан Тайгелдин. Ол өткен жылы 200-ге жуық бөдене өсірген. Қазір оның ауласында 120 шақтысы ғана қалыпты. — Өткен жылы жақсы араласатын таныс жігіттер Орск қаласынан 30 шақты бөдене әкеліп, сыйға тартқан. Содан оның санын көбейтуге бел будым. Күзге дейін жұмыртқа бастырып, бөдененің ...

Жалғасы »

Қысқа уақытта жедел қимыл қажет

Көктемгі егіс Ақтөбе аймағында биыл қыс созылып, көктем көп кешігіп жетті. Бұған дейінгі жылдарда сәуір айында көп шаруашылықтарда көктемгі егіс науқаны бірыңғайланып қалатын еді. Биыл олай болмады. Міне, мамыр айы табалдырық аттағалы тұр, бізде қырға техникасын шығармаған шаруашылықтар бар. Тіпті бірсыпыра серіктестіктер мен шаруа қожалықтары әлі күнге күбінумен отыр. Бұлай бөгелуге науқанның қалған аз күні мұрса бермейді. Ылғал жабу, егіс ...

Жалғасы »

Дін мен дәстүр — егіз ұғым

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы Осы аптаның басында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында  жұмыс тобының 1 және 4 бағыттары Байғанин ауданында іс-шаралар ұйымдастырды. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов бастаған жұмыс тобының құрамында ҚМДБ өкілдері мен теолог мамандар, дінтану пәнінің мұғалімдері бар. Олар аудан орталығындағы 4 мектеп пен Жарлы ауылындағы Байғанин орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Жиында  ...

Жалғасы »

Нұраға су келді

Ауыл тынысы Биылғы көктемде жоғарыдан  мол су келіп, өзен-сулары арнасынан асқан Нұра ауылының тұрғындарының қуанышында шек жоқ.  Ен судың ортасында орналасқан мекеннің алдағы шаруасы да өрге басса керек. — Биыл да өңірдегі өзен, көлдерге су келіп, тұрғындар жылдағы үрдіспен бақша салуға қамдануда, — дейді Нұра ауылдық округінің әкімі Жолаушыбай Төлебай, — Ырғыз өзенінен тасыған су Телғара өзені арқылы Нұра ауылының ...

Жалғасы »

Тасқопа мен Ақсайға газ барады

Ауыл тынысы Өндірісті бұл өңір табиғи газдың игілігін көріп отыр. Қазір аудан тұрғындарының 82,7 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Әрине, газ құбырының тартылуын күтіп отырған Алтықарасу, Қайыңды, Тасқопа, Ақсай сынды алыс ауылдар әлі де бар. Жақында соңғы екі ауылға газ баратыны белгілі болды. «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте аудан әкімі Асқар Жүсібалиев: «Тасқопа, Ақсай ауылдарының газ құбырының құрылысының жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалып, ...

Жалғасы »

Балаларға демеушілік көрсетті

Ауыл тынысы Аудандық Мәдениет үйінде білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мейрімді жүрек» акциясы өткізілді. Алғашқылардың қатарында аудандық кәсіпкерлер  қоғамының төрайымы Мәдина Ысқақова Ащылысай орта мектебі жанындағы «Балапан» балабақшасының бүлдіршіндеріне өз қаржысына ойыншықтар сатып алып берді. Бұл акцияға қатысушылардың бір бөлігі аудандағы қолдау мен қамқорлық күткен балалардың банкідегі есепшотына қаржылай үлес қосты. Аталған шараға аудандағы қамқорлыққа зәру балалар, жасөспірімдер арнайы шақырылып, оларға қолдан ...

Жалғасы »

Ырғызда Арал ауданының күндері өтті

Барыс-келіс Екі аймақтың көршілік байланысының тамыры тереңде жатыр. Қазірде де бұл өңірлердің мәдени байланысы жақсы жолға қойылған. Ырғызда жыл сайын тұрақты өткізілетін «Аймақты әнмен тербетіп» өнер байқауына, көршілес өзге өңірлермен бірге, аралдық өнерпаздар да тұрақты қатысып тұрады. Арал ауданының мәдени күндері атақты шайыр Нұртуған Кенжеғұлұлының туғанына — 130, талантты ақын, жазушы Зейнолла Шүкіровтің туғанына — 90, мемлекет қайраткері Ұзақбай Қарамановтың ...

Жалғасы »

Медициналық сақтандырудың маңызы түсіндірілді

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ақпараттық жұмыс тобы Байғанин ауданында болды. Топ құрамында облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Е.Мырзаханова, облыстық мәслихаттың депутаты А.Есіркепов, Ақтөбе қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Қ.Бекенов, мәдениет қызметкері Е.Әзи бар. Үш күнге жоспарланған шараның бірінші күнінде жұмыс тобы Ащы, Көлтабан ауылдық округтеріндегі халықпен кездесті. Еркеназ Мырзаханованың айтуынша, бұл шара — жоба аясындағы 33-інші кездесу. Кездесу ...

Жалғасы »

Діни ахуалды жақсартуды көздейді

Жақында Темір ауданына «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының I және IV бағыттарын іске асыру бойынша облыстық дін істері басқармасы  басшысы Ж.Қалмағанбетов бастаған облыстық жұмыс тобы келді. Жұмыс тобы құрамында теолог, психолог, дінтанушы және имамдар бар. Олар топтың іс-жоспарына сәйкес 5 күн бойы ауданның діни ахуалын тұрақтандыруға бағытталған кешенді  шаралар өткізеді. Тұрғындардың мекенжайларында  жеке кездесулер, семинарлар  ұйымдастырады. Мәселен, өткен сенбі күні ...

Жалғасы »

Төрт түлігі тең қожалық

Кәсіпкер Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округіне қарасты Хамит Қалуов басшылық ететін «Кішіқұм» шаруа қожалығының бүгінгі тыныс-тіршілігі көңіл қуантады. «Мал баққанға бітеді» демекші, осыдан он үш жыл бұрын құрылған шаруашылық меншігіне тиесілі қазір 170-ке жуық ірі қара, 2 үйір жылқы, 30-дың үстінде түйе, 100-ге жуық қой малы, 2 жүк, 2 жеңіл автокөліктері, 2 трактор, күн сәулесінен қуат алатын қондырғы және 3,5 ...

Жалғасы »