Басты бет » Ауыл (page 20)

Ауыл

Қиылда 3 қабатты мектепте 5 оқушы оқиды

Қиыл ауылы аудан орталығынан 90 шақырым жерде орналасқан. Батыс Қазақстан облысына шекаралас жатқан елді мекеннің бүгінде сиқы қашқан. Қазір Қиылда қалған 58 үйдің 25-інде ғана адам тұрады. Ауылда жұмыстың жоқтығынан тұрғындар өзге жаққа қоныс аударуға мәжбүр.                       5 оқушыға 10 адам қызмет етеді  Кезінде 400 балаға арнап салынған типтік үлгідегі ...

Жалғасы »

Ауыл шаруашылығының тұрақты даму жолы — кооперация

Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик  Қазіргі уақытта дүниежүзі жаһандық қаржылық, экономикалық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Соған қарамастан, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында Қазақстан Тәуелсіздік алған уақыттан бері дербес даму жолына түсіп, әлемдік қауымдастық алдында өз орнын айқындап, дағдарыстар толқынын еңсеріп келеді. Бұл ретте Мемлекет басшысының бастамасымен республикамызда ауқымы кең ұтымды жобалар мен инновациялық бағдарламалар ...

Жалғасы »

Мал — игілік, сауда — пайда

Төрт түлік түгел өреді  Байғанин ауданы қашаннан мал бағуға ықтиятты ел. Қай ауылына барсаң да, қора-қора мал. Кешегі кезде ол қоғамдыкі болса, қазір жекенікі. Шығанда жатқан Оймауыт пен Дияр жағында даланың төскейі қысы-жазы малға толы. Төрт түлік түгел өреді. Әсіресе, шудаларын шаң басқан түйе, жал-құйрығын жел сауған жылқы көп. Көлік алдынан иен далада иесіз жортқан құлан сынды шыға келгенде, «Бұл ...

Жалғасы »

Қарауылкелдінің жиһазы

Кешегі кеңестік заманда үй жиһазын ауыл, аудан түгілі, Ақтөбе қаласының өзінде де келістіріп шығара алған жоқ. Фабрикадан үйге жеткенше қақырап қалатын ұсқынсыз дүниелерді, тұтынушы одан өзге алатын көзі болмағасын ғана, шарасыздан сатып алатын. Себебі, сырттан келетін жиһаздарға көпшіліктің қолы жете бермейтін. Еліміздің тәуелсіздік алуымен жиһазға деген зәрулік жойылды. Түрлі елдердің дүниелері сауда орындарында толып тұратын болды. Бірақ олардың бағасы бұрында ...

Жалғасы »

БІРЛІКТІҢ БАЯНДЫ КЕПІЛІ

АЛҒА Сайлауға Алға ауданының тұрғындары белсене қатысты. Аудандағы барлығы 34 сайлау учаскесі таңғы сағат 7.00-ден бастап дауыс берушілерді қабылдады. Саяси шараға Алға ауданы бойынша 25809 сайлаушы тіркелген. Түске дейін сайлаушылардың 60 пайызы өз таңдауын жасапты. Аудандағы №161 сайлау учаскесіне келушілерді комиссия мүшелері жылы қабылдады. Көңілді әуен, көтеріңкі көңіл күй бұл шараның жалпыхалықтық мерекеге айналғанының дәлелі болды. — Аудандағы сайлау учаскелерінің ...

Жалғасы »

Кішкенебаевтың кемпингі

Кәсіпкерлік Облыс өңірінде халықаралық жол — «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің пайдалануға берілуі енді осы ауқымда түрлі қызметтердің қажеттігін сездіре бастады. Әйтекебилік кәсіпкер Сағындық Кішкенебаев — осы талапқа сай алғашқы үн қосқан азаматтардың бірі. Қарабұтақ селосына кіреберістегі екі қабатты зәулім ғимарат — кемпинг енді көп ұзамай пайдалануға берілмекші. Сағындық бұл құрылыстың жобасын өзі жасапты. Оған бұған дейін аудан орталығы — Комсомол ...

Жалғасы »

«Сыбағаның» көмегімен ауылға оралды

Мемлекеттік бағдарлама  Аудан орталығынан шалғай ауылдың бірі —  Қызылжар шөбі шүйгін, шаруаға қолайлы мекен. Бұл аймақта соңғы жылдары атакәсібімен несібесін айырып отырған шаруашылықтардың саны артты. Олардың көбі малды асылдандыру бағытына ден қоя бастады. Бұған «Сыбаға» сынды тиімді несиелердің, субсидиялар арқылы демеу болып отырған мемлекеттік қолдаулардың да тигізген септігі мол. Қаладағы табысты азаматтардың туған елде шаруашылыққа бет бұруы да жиілеп келеді. ...

Жалғасы »

«Айбек» — ауылдық тұтыну кооперативі

…Бүгінгі ірі кәсіпкерлер, бизнес иелері бір-бірімен қауышқанда не айтуы мүмкін? Облысымызға белгілі «Рейімқұл» және «Парижская коммуна-XXI» шаруашылықтарының  басшылары Самат Қалдығұлов пен Гайк Тертерян Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінде ұшырасып, өзара аман-саулық сұраса бастағанда, осыны білмекке ықыласым ауғаны рас еді. Шынын айтсам, екінің бірінің ауызындағы дағдарыс қиыншылығы, доллар, теңге бағамы жайында болар деп ойлағанмын. Алайда екеуі де бір-біріне қуаныштарын жеткізуге асыққандай, шаруашылықтарындағы жаңалықтарды ...

Жалғасы »

Мейрамбектің құдығы

Адамгершілікке арналған үш сауапты істің бірі — құдық қазу. Жазушы Әбіш Кекілбаевтың әйгілі «Шыңырау» повесіндегі: «Құдықтың ауыз жағы қылдырықтанып жіңішкере түсті. Ауыздағы адамдардың жобасы жоғалып, әлдеқандай қара ноқаттар қылауытады. Екі жүз қадам жердің асты…» деген тереңдікке түспесе де, ауылдарға бүгінгідей жаңа технологияның көмегімен жерді ұңғып, тәтті су шығарып, халықтың ризашылығына бөленіп жүрген жеке кәсіпкер Мейрамбек Төлеуғалиұлы осы істі өзіне серік ...

Жалғасы »

Еңбек ерінің баласы қоян бағып, құс өсіреді

Қарауылкелділік азамат Хайролла Шалқарбаевтың үйі шетте, Ақтөбе-Атырау- Астрахан тасжолына жақын. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып, бірінші топтағы мүгедек апасы Мәнеттің атына берілген осы баспанада қазір төрт отбасы тұрып жатыр. Бұлар бір кездері осы жерде маңдай терін төгіп еңбек етіп, Социалистік Еңбек Ері атағын алған Хафиз Шалқарбаевтың балалары, немере, шөберелері. Сол әке қанымен келген қасиет бұларды да өз еңбегімен күн көруге, тырбынып ...

Жалғасы »