Басты бет » Ауыл (page 2)

Ауыл

400 гектар алқапқа мақсары егілді

Ауыл тынысы Калиновка  ауылындағы «Қазақстанның 30 жылдығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылма-жыл Бегалы мен аталған ауылдың аралығындағы құнарлы кең алқапқа егіс салады. Биыл да 1000 гектар жерге дәнді дақыл себуді жоспарлап отыр. Қазір Абат Қаржауов басқаратын серіктестік көктемгі далалық жұмыстарды жедел қарқынмен жүргізуде. Ылғал жабу жұмыстарын ыждағатты аяқтады. Қобда ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Нұрпейісов мұндағы көктемгі науқандық жұмыстардың барысы ...

Жалғасы »

Науқан қарқын ала бастады

Көктемгі егіс Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Әбтиевпен сөйлескен едік. — Көктемгі егіс науқанына байланысты биылғы меже қандай? — Жалпы егістің көлемі облыс бойынша 642 мың гектар болады деп отырмыз. Бұл былтырғы жылғыдан 74 мың гектарға көп. Оның ішінде дәнді дақыл егісі 384 мың гектар. Ол да өткен жылғымен салыстырғанда 43 мың гектарға артық. Мал азығы дақылдары, өткен ...

Жалғасы »

Радиосы бар мектеп

Шалқар ауданындағы №8 орта мектепте мектепішілік «Шалқар шабыт» радио торабы өз жұмысын бастады. Күн сайын өткізілетін хабарға мектептегі сыныптар белсенділік танытып, үзіліс кезінде жүргізілетін бағдарламаларға оқушылар қызықты мәліметтерін әкелді. Радионың «Ойлан тап» айдарында оқушылар логикалық сұрақтардың жауабын тауып, сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие болса, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» айдары бойынша оқушылар пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, үш тілде  ...

Жалғасы »

«Бизнес-Кеңесші»: жаңа жоба және мол мүмкіндік

 Темір ауданының 30 тұрғыны «Бизнес-Кеңесші» оқу курсынан өтті. Курс интерактивті түрде өткізілді. Тренингте тұрғындар кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы мағлұмат алып, кәсіпкерлікті дамыту, бастапқы капиталды табу, табыс көзін арттыру сияқты негізгі ережелермен танысты. Темір ауданының тұрғыны 55 жастағы Ақсәуле Әкімова осымен үшінші рет бизнес курсына қатысып отыр. Семинар соңында кәсіпкер «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында өткізілген қысқа мерзімді курстан өткендігі туралы ...

Жалғасы »

Облыс омарташылары жиналды

Кеңес Қарғалы ауданының Петропавловка ауылында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен бал арасын өсіруші кәсіпкерлердің облыстық кеңесі өтті. Кеңеске  «Бал-Ара» Қазақстан омарташылар ұлттық одағының вице-президені Ғабит Нұрәділұлы қатысып, бал арасын өсірушілерге нақты ұйымдық және іскерлік кеңестер берді. Бұл саланы дамытудың мүмкіндіктері көп екенін айтып, кәсіпкерлердің назарын ара шаруашылығын ілгерілетудің  жолдарына, одаққа мүше болу тәртібіне аударды. Елбасының  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге ...

Жалғасы »

Қожалық қой тұқымын асылдандырады

Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылдық округінің Қияқты ауылындағы «Әділ» шаруа қожалығы биылғы жылдан бастап еділбай қойын асылдандыруды қолға алмақ. Шаруа қожалығының басшысы Берік Аяповтың айтуынша, бүгінгі күні шаруашылықта 600 аналық қой, 100 тоқты, 20 қошқар, сондай-ақ  200-ден астам қазақтың ақбас сиыры мен 200 мұғалжар жылқысы бар. — Біздің шаруашылық 2013 жылдың күзінде ашылды. Қазір қожалықта мал дәрігері мен іс басқарушы, ...

Жалғасы »

«Цех жанынан асхана ашқым келеді…»

Байғанин ауданының тұрғыны Есет Абдоллаев биыл қаңтар айында аудан орталығынан тұшпара цехын ашты. Қазір тұшпара цехында сиыр, жылқы етінен жасалған жартылай дайындалған өнімдер — қазы-қарта, тартылған ет, тушенка, тұшпара, манты, тефтели, котлет, бұршақ ет  сатылады. Бағасы қолжетімді, таза. 2015 жылы «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының арқасында мемлекеттен 2 миллион теңге грант ұтып алғанмын. Сол қаржыға тұшпара шығаратын арнайы құрылғы ...

Жалғасы »

Байғанин ауданында 169 тұрғын курстан өтті

Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелдіде «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында екі күндік семинар өтті. Семинарға бизнес өкілдері, аудандағы өз кәсібін жаңа бастаған азаматтар, белгілі кәсіпкерлер, тұрғындар барлығы 169 адам қатысты. Семинарда қатысушыларға маркетинг негіздері, адами капиталды басқару, бизнес жүргізудің заңдық негіздері, кәсіпорынның қаржылық мәселелері туралы мағлұмат берілді. Семинарды кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Бекжан Асаухан жүргізді. Оның айтуынша, ауыл кәсіпкерлері үшін семинар-тренингтің пайдасы зор. Курсты ...

Жалғасы »

Қыдырбайдың қожалығы

Әлия ауылындағы «Табанов» шаруа қожалығының басты мақсаты — етті бағыттағы мал санын көбейту.   Асылтұқымды мал санын көбейту бағытындағы жұмыстар ауданда тиімді жүзеге асырылуда. Қыдырбай Табанов иелік ететін шаруашылық осы бағытта жұмыс жасайды. Биыл  бұл шаруашылықтың нәтижелі жұмыс жасап жатқанына алты жыл болды. Қожалық басшысы Қыдырбай — Әлия ауылының тұрғыны. Зайыбы Гүлжамиға да осы ауылдың  қызы. Бастапқыда егін шаруашылығымен айналысқан ...

Жалғасы »

Кедергі — кепілмүлік

Қараой ауылындағы «Сатым» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі — Ойыл ауданында алғаш құрылған кооперативтердің бірі. Бүгінде бұл кооперативтің құрамында 5 мүше бар. Кооператив басшысы Жақсылық Хамзиннің айтуынша, кооператив өткен жылы мамыр айында құрылған. Кооператив материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында лизинг бойынша «АқтөбеАгросервис» ЖШС несиелік мекемесі арқылы қажетті техникаларға тапсырыс бермекші. — Облыс орталығына барып, құжаттарымызды дайындауға жол қатынасы қиындық келтіріп отыр. Көп ...

Жалғасы »