Басты бет » Мәселе (page 5)

Мәселе

Түйінді төрт мәселе бар. оны кім шешеді?

Тасөткел — Хромтау ауданының бірыңғай қазақтар шоғырланған елді мекені. Қазір Тасөткел ауылында 150-ге тарта отбасы тұрмыс кешіп жатыр. 2014 жылы 60 орынға шақталған жаңа орта мектеп пайдалануға берілді. Ауылдық округтің аумағынан Хромтау-Алтынсарин теміржолы өтіп жатыр. «Ақтөбе-Үйтас» ЖШС-ның қиыршықтас-мәрмәр өндіретін зауыты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, бір кәсіпкердің төрт түлігі сай мал шаруашылығы фермасы өркендеп келеді. Естуімізше, ауылдың маңы қазба байлыққа ...

Жалғасы »

Жайылым жайы қалай?

Қазақта «Отынды шапқанға жақтыр, малды тапқанға бақтыр» деген мақал бар. Осы жағынан келгенде, Бақберген Қарақов — мал бағудың, пайда табудың жолын меңгерген, облысымыздың Байғанин ауданында ұзақ жыл шаруашылық басқарған, көпшілік есімін жақсы білетін белгілі маман. Сондықтан зейнеткерлікке әлдеқашан шықса да, еңбектен қалмай, шет жүріп, алыс қоныстанып, шаруа қожалығын басқарып келе жатқан ауыл шаруашылығы саласы шеберінің жайылым туралы мақаласы көпшілікке ой ...

Жалғасы »

Адамдар ажалға неге асығады?

Қоғамдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған суицид бүгінде қазақстандықтарды да ерекше алаңдатады. Өйткені жыл өткен сайын өзіне-өзі қол салатындардың саны, өкінішке қарай, бізде де азаймай отыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулерінің көрсеткішіне сәйкес, еліміздің ТМД мемлекеттерінің арасында бұл жағынан алдыңғы шепте екенін ескерсек, дабыл қағатындай-ақ жөніміз бар. …Бөріктілер бейім! Суицид терминінің өзі XVII ғасырда пайда болған деседі. Латын ...

Жалғасы »

Вакцинадан бас тартқан дұрыс па?

Өткен айларда елімізде 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында қызылшаға қарсы вакцина егу шарасы жасалды. Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жасөспірімдер арасында қосымша иммунизациялау шарасын өткізу туралы шешімі дүниежүзінде қызылша індетінің өршуіне байланысты қабылданған еді. Иә, үкімет аурудың алдын алу шарасын жасады. Алайда жасөспірімдерді вакциналау кезінде Қазақстанның бес облысында 396 азамат екпе алғаннан кейін өздерін жайсыз сезініп тұрғанын айтып ...

Жалғасы »

Мұсылмандық неке — ойыншық емес!..

Қасиетті Құранда: «Біз әр нәрсені жұп қылып жараттық» (Зарият сүресі 49-аят), — деген аят бар. Жалғыздық тек Аллаға ғана жарасқандығын ескерсек, жасы жеткен әр адамның өз сыңарын тауып, некелескені абзал іс саналады. Құран кәрім некелесуді әмір етеді. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінде: «Некелесіңдер, көбейіңдер! Қиямет күні мен сендердің көп екендіктеріңмен мақтанамын» және «Неке қию — менің сүннетім. Сүннетімді тәрк еткен адам ...

Жалғасы »

Егін неге шықпайды?

 Бір қарағанда, егіншілік — көктем мен жаздың, әрі кеткенде жерге шыққан өнімді жинап алатын күздің ғана шаруасы сияқты көрінуі әбден мүмкін. «Мәскеудің студенттері нан егінжайда бөлке болып өсетіндей көреді» деп анау жылдары бір мемлекет басшысы айтқандай, диқаншылық кәсіптің қыр-сырын білмейтіндерге қаңтардың ішінде астық туралы сөз қозғау үйлесімсіздеу естілуі де мүмкін. Алайда ауыл өмірімен біте қайнасқан адамдар егіншілік жұмыстың жыл он ...

Жалғасы »

АВТООРЫНДЫҒЫҢЫЗ БАР МА?

 Қоғамда шу тудырған автоорындық мәселесі әлі де басылар емес. Көпшілік  балаларға арналған қауіпсіздік құралдарының пайдалану ережесін түсінбей дал. Біреулері бұл талаптың біздің елімізге сай еместігін алға тартса, бірі әлеуметтік жағдайын, енді бірі көпбалалы отбасы екенін айтады. Мәселеге бейжай қарамаған   халық қалаулылары да  автоорындық пайдалану мерзімін кейінге шегеруді ұсынды. Ал ішкі істер қызметкерлері заң күшіне енгеніне қарамастан жұртшылыққа тек түсіндіру жұмыстарын ...

Жалғасы »

«Бомж» және баспана

Бүгінгі күні қаламыздың қай түкпірінен болсын, «бомждарды», яғни белгілі тұрағы жоқ жандарды жиі жолықтыратын болдық. Жазда олар қала аралап, көше кезеді. Ал қыста қайда барады? Қай жерден пана іздейді? Баспанасыз жандардың жай-күйін баяндап көрейік.   «Көшеде түнеп жүрмін…»   Орталық базар маңы. Ығы-жығы халық. Бір-бірімен жарыса таласып, асыққан көліктер, артынып-тартынып, жанталасып  жүрген адамдар. Шағын дүкеннің алдында бүк түскен біреу жатыр. ...

Жалғасы »

Жолдың сапасы қандай?

  Бір жол бар жақын, жақын да болса алыс…   Қазақ «Бір жол бар жақын, жақын да болса алыс. Бір жол бар алыс, алыс та болса жақын» дейді. Мұның мәнісі — жол нашар болса, жақын болса да жолаушы жол азабын тартып, жетер жеріне сағаттап жүріп баруы мүмкін. Ал жол жақсы болса кідірмей, алыс болса да жетер жеріне тез жетеді, қиындық ...

Жалғасы »

Қарақұрттан бәріміз қорқамыз ал паразитолог маман неге тапшы?

Шілде айының соңында облыста бес жасар қыз баланы қарақұрт шақты. Мамандардың айтуынша, аудан орталығындағы ауруханада қарақұрт уына қарсы сарысу болмаған. Соның себебінен поселкеге облыс орталығынан санитарлық авиация қызметін шақыруға тура келіпті. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі  Ветеринариялық  бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кесіпорны облыстық филиалының паразитология және ихтиопатология бөлімінің паразитолог маманы Бисенғали Ареновтың ...

Жалғасы »