Басты бет » Мәселе (page 3)

Мәселе

Төрт ауданда мал дәрігерлері жетіспейді

 Ветеринария  Ветеринария — мал шаруашылығының ең беделді саласы. Оған дәлел — «Медицина адамды емдейтін болса, ветеринария адамзатты емдейді» деген қанатты сөз. Осы орайда біз облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ұзақбай Үркімбаевпен облыстағы ветеринария қызметі туралы әңгімелескен едік.      Әр жылдардағы заңнамаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстар мен аудандар деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық қызметтерін күшейтуді ұсынды. Қазақстан ...

Жалғасы »

Қызылсудың көпірі 50 жылдан бері жөнделмей тұр

Бұл ауылға аудан, ауыл әкімдері сирек келеді…   Хромтау ауданына қарасты Қызылсу ауылы  тұрғындарының көктем келген сайын берекесі кетеді. Ылдида орналасқан ауыл халқы үшін басты қорқыныш — Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты Мұғалжар лагері жағажайы және сол маңдағы плотинаның артық суының көктемде Қызылсу өзеніне келіп құйылуы. Тасыған су ауылға апаратын жалғыз жолдың бойындағы өткелді бұзып, қатынасты шектейді. Көктем шықса, көпір ...

Жалғасы »

Мал індетінің себебі — пастереллез

5 мамыр күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдұлданов Атырау мен Ақтөбе облыстарында 30-дан астам ірі қараның қырылуына пастереллез себеп болғанын мәлімдеді.  «ҚазАқпарат» агенттігі таратқан ақпаратта: «Бүгінгі күні Атырау облысындағы жағдай бойынша пастереллез диагнозы қойылды. Сараптамаға сәйкес шаралар атқарылуда, жануарлар, малдар пастереллезге қарсы егіліп жатыр. Қайта індетке шалдыққан малдар байқалмады. Жағдай толық бақылауда», ...

Жалғасы »

Ғалымдар бар. жоба дайын. енді қаражат болса…

Ақтөбелік ғалымдар «Халық денсаулығын сақтаудағы витаминдер мен пробиотиктермен байытылған сүт және сүт қышқылды өнімдердің маңызы» атты жобаны жүзеге асырғысы келеді.  Егер қаражат табылса, сөрелерде сатылып жатқан сансыз сүт тағамдарының құрамы, оның адам ағзасына қалай әсер ететіні анықталып, нәтижесінде түрлі дәрумендермен байытылған инновациялық сүт өнімін алуға қол жеткізер едік.  Бұл жобаны М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің қызметкерлері — ғылыми ...

Жалғасы »

Ақтөбенің ауасы өте лас…

Жыл өткен сайын Ақтөбенің экологиялық жағдайы нашарлап барады. Бұған өндірістен шыққан улы газдар, климаттың құрғауы секілді түрлі факторлар себеп болып отыр. Ұлттық сараптама орталығы облыстық филиалының мәліметінше, ауа  құрамындағы күкіртті сутектің мөлшері талаптан 20,8 пайызға көп.  Ал судың сапасы сын көтермейді.  Сынамалар талапқа сай емес Ғалымдардың айтуынша, ауаның  ластануына бірден-бір себепкер — қаладағы ірі өндіріс орындары.  «Феррохром», «Ақтөбе мұнайгаз», «АЗХС» ...

Жалғасы »

Ақтөбенің көшелері зиялыларын менсінбей ме?

  Ақтөбенің көшелері идеологиядан жұрдай. Қала көшелерінде көбейген билбордтар, жарнама баннерлері тек сауда-саттық саласына қолдау көрсетуге арналған сияқты. Солайы солай ғой. Нарық заманы. «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса». Дегенмен, Ұлы даланың азаматтары ұрпақ үшін де, ұрпақтың тәрбиесі үшін де жауапты екендіктерін ұмытпауы тиіс. Редакцияға келген облыстық мәслихат депутаты, әнші Светлана Айтбаева әңгімесін осылай бастады: — Біз өнер адамы болғандықтан, ...

Жалғасы »

Жылқы шаруашылығына мемлекет тарапынан қолдау керек

Ақтөбеде жылқы шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Ақтөбе Тәжірибе стансасы  жылқы шаруашылығы  бөлімінің меңгерушісі, ғалым-селекционер, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығынының иегері Серікбай Рзабаевтың пікірінше, бұл салаға деген көзқарас түбегейлі өзгеруі қажет. Сонда ет, сүт мәселесінде проблема болмайтыны өз алдына, еліміз тұрғындарының денсаулығы да түзелер еді.    Жылқыңыздың «руы» кім? 1929 жылы қазақ даласында кәмпеске болғаны мәлім. Мұғалжар тауының етегінде өмір сүрген Назар ...

Жалғасы »

Су қырға өзі шыға ма?

Соңғы ондаған жылдар бойы өңірде жалғасқан қуаңшылық егіншілікпен айналысатын кәсіпкерлердің біразын қажытты. Олардың арасында жылма-жылғы науқан кезінде алған несиесін қайтара алмай, қарызға белшесінен батқандары да аз болмады. Бір кездері астық өсірумен аймақта даңқы шыққан бірқатар серіктестіктер, шаруа қожалықтары өнім алудан біржола түңіліп, егіншілікпен шұғылдануды қойып кетті. Шынында да, ауа райының жыл сайын қытымырлана түсуі табиғатқа тәуелді болмаудың түрлі жағдайларын қарастыруды ...

Жалғасы »

Тұрғындар бақылаушыларға өкпелі. Неге?

Ақтөбеліктер тұтынып отырған ауызсу биыл тағы қымбаттады. Қарапайым халық үшін бір текше метр судың құны — 76 теңге 41 тиын. Ал кәріз суының бір текше метрі — 54 теңге 95 тиын. Бүгінгідей қымбатшылық қарқындап тұрған шақта тіршілік нәрінің бұлай қымбаттауы тұрғындарға қиынға соғып отыр. Оның үстіне халықты сумен қамтамасыз етіп отырған «Ақбұлақ» акционерлік қоғамының бақылаушылары тұрғын үйлердегі есептегіш құралдарының көрсеткішін ...

Жалғасы »

Темір ауданында тендер неге әділ өтпейді?

Кәсіпкер Серік Ерғалиев он жылда бірде-бір тендер ала алмаған. Бірақ тендерді жеңіп алғандар, айналып келгенде, жергілікті кәсіпкерлердің қызметіне жүгінеді. Серік Ерғалиевтің әу бастағы негізгі мамандығы мұнай өндіру саласына байланысты. Кеңес дәуірі кезінде мұнай кеніштерінде бұрғылау мұнараларын жинаушы болып еңбек еткен еді. Тоқсаныншы жылдары елдегі кәсіпорындар жаппай жабылып, жалақылар төленбей, жұмысшылар қысқартуға ұшыраған қиын кезеңде ол өз отбасын асырау үшін еш ...

Жалғасы »