Басты бет » Мәселе (page 10)

Мәселе

Жарнама жасаушы да, беруші де — жауапты

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабында барлық көрнекі ақпараттардың әуелі мемлекеттік тілде, содан соң орыс тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жазылуы қажеттігі атап көрсетілген. Осы талаптар Ақтөбе көшесіндегі жарнамаларда сақталып отыр ма? Облыстық тілдерді дамыту басқармасы осы заңдылықтың сақталу барысына бақылау жасайды. Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша жергілікті атқарушы органдар ...

Жалғасы »

Ақтөбеде үй қымбат па? Шаршы метрдің бағасы шарықтап тұр

Зерттеулерге сүйенсек, қазіргі заманда отыз жасқа дейінгі он жігіттің үйленуге лайықты тұрмыстық тәуір жағдайы жоқ, жағдайы болмаған соң құлқы да жоқ. Көбі отызға дейін үйленбеген соң, бойдақтық өмірге әбден үйреніп кеткен сияқты. Жігіттер солай болғанда, қыздар ше? Олар да материалдық күйін түзегісі келеді. Олар үшін тұрмысқа шығып, бала сүйіп, ана болу — екінші «пландағы» шаруа болып тұр. Ата-бабаларымызды тыңдасақ: «үй ...

Жалғасы »

«Жасанды» бала, «жалдамалы» жатыр һәм жат құрсақ…

елімізде белең алып бара жатқан бедеулік мәселесін шешу үшін мемлекет жыл сайын қаржы бөлетін болды. Әрбір баласыз әйел бала тууды армандайды. Қазақстандағы отбасылардың 14-18 пайызы бала сүйе алмай отыр. Әрбір оныншы әйел жасанды ұрықтандыру жолымен бала көтеруді ойлайды. Әрбір отыз бесінші әйел жетімдер үйінен бала асырап алуға бел байлайды. Жұбайлардың 30 пайызы қосалқы репродуктивтiк технология бойынша емделудi қажет етеді. Жер ...

Жалғасы »

Шаралар мен «Мыналар»

Айна Журналистер үнемі ат үстінде жүретін жұрағаттың өкілдері. Қайда сапар шексе де, мысалы, аудандар мен ауылдарда оқырмандары өте көп «Ақтөбе» газетінің қалам иелері әйтпесе қалың жұрт ықыластана қарайтын «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының тілшілері ең әуелі жақсыны көрмекті мақсат тұтады. Тәуелсіз мемлекетіміздің әр табысына шын жүректен қуанатын оларға тырнақ астынан кір іздеу тіпті де тән емес. Әттең, кей тұстарда сол табыстарды, сол жетістіктерді ...

Жалғасы »

Киік — киелі жануар. Біз ше?..

Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Қазақ елінің ұшы-қиырсыз даласындағы киіктің саны … 1 миллион 20 мыңнан асып жығылыпты!.. Ал 2003 жылы сол далада, киікті киелі санап келген қазақтың атақонысында небәрі … 21 мыңдай ғана киік қалған… Қорқынышты, қасіретті көрсеткіш бұл. Әрине, түсінгенге, ұққанға. Қиындықты өз қолымен жасап алып, соңынан — болары болып, бояуы сіңгесін! — өкінетін, өкінгенситін қоғамға не дауа: сол ...

Жалғасы »

Дінаралық келісім — бірлік негізі

Экономикалық, әлеуметтік-саяси, демократиялық тұрғыдан алғанда, әлем Қазақстанды қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі ретінде мойындайды. Біздің еліміз бұл жетістікке, ең алдымен, қоғамдағы татулық пен тұрақтылық арқылы жетіп отыр. Қоғамдағы тұрақтылықты нығайту мақсатында дінаралық келісімді сақтау ерекше маңызды мәселе болып табылады. «Дінаралық келісім — біздің халықтарымыздың бірлігінің негізі», — деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінгі күні елімізде дінаралық келісімді сақтау бағытындағы мемлекеттік ...

Жалғасы »

Ауыз суды тасып ішетін алты ауыл

Үкімет халықтың әл-ау­қа­тын, білімі мен ден­саулық жағдайын жақсартуға бағыт­тал­ған бірқатар ма­қ­сатты бағ­дар­ла­ма­лар­ды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның бірі ауыз су мәселесіне қатысты. Ғұлама Ибн Сина «Ауру көбіне ішкен астан, әсіресе, ауыз судан пайда болады» деп ескерткен. Халық үшін сапалы ауыз суға қолжетімділіктің маңызы өте зор. Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, облыста 6 елді мекеннің тұрғындары ауыз суды тасып ...

Жалғасы »

Мектеп формасын кию міндет пе?

Облыстық білім басқармасы оқушылардың барлығына бірдей мектеп формасын киюді міндеттеп жатыр. Бұл жөнінде қойылатын  талапты күшейте түсу туралы мектеп басшыларына тапсырма берілген. Соған байланысты, кейбір мектептердің жарғыларына өзгерістер енгізіліпті. Ережеге сәйкес, енді оқушылар ғана емес, мұғалімдер де біркелкі киім киюі тиіс. Сонымен қатар колледж оқушылары да білім беру мекемелерінің ішкі тәртіп ережелеріне сай киінуге көшіп жатыр. Қазір колледж бен мектепке ...

Жалғасы »

Кітап. Хиджаб. Намазхана

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасы талқыланып жатқаны белгілі. Онда ұсынылған толықтырулардың ішінде діни әдебиеттер арнайы сараптамадан өтетіндігі көрсетілген. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерде, білім ордаларында, ауруханалар мен әскери бөлімшелерде намазхана ашуға тыйым салынады. Құлшылық жасайтын адам, тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы да мүмкін. Заң жобасында көптен бері айтылып келе жатқан хиджаб мәселесі де қозғалды. Жоба авторлары «хиджаб кию ұлттық ...

Жалғасы »

Мемлекет және дін

Амангелді Айталы, Ақтөбе мемлекеттік педагогика    институтының профессоры, философия     ғылымдарының   докторы, ғылыми орталықтың жетекшісі.   (Соңы. Басы газеттің №112-113 санында) Жаңа діни ағымдар шабуылы Жаһандану заманының  ерекшеліктерінің бірі — миссионерлік қызметтің қарқындап өсіп, әр түрлі сарындағы діни бірлестіктердің әлемге тарауы. Ғылыми-публицистикалық басылымдарда жаңа діни бірлестіктерді «секта», «тоталитарлық секта», «балама діндер», «дәстүрлі емес діндер» немесе «іріткі салушы культтер», тіпті «жаңа ғасыр діндері» ...

Жалғасы »