Басты бет » Білім (page 10)

Білім

Бас қалаға барады

Байқау  «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Ақтөбе облысы бойынша департаменттер Астана күніне арналған «Қазақстан: балалар көзімен» атты сурет байқауын өткізді. Сайыс үш жас ерекшелігі бойынша ұйымдастырылды. Талап бойынша қатысушылар қағаз бетінде елорданың әсем көріністерін бейнелеп, бас қалаға деген махаббатын білдіруі керек-ті. Өз кезегінде олардың жұмыстарын ҚР Суретшілер одағының мүшесі Гүлбарам Асқарова, Ақтөбе қалалық көркемсурет лицейі директорының орынбасары ...

Жалғасы »

Жазғы лагерь: жолдама және саяхат

Демалыс Биыл жаздың жайдарлы күндерімен бірге балалар лагерьлері өз жұмысын бастады. Қазір олардың кейбіреуі үшінші маусымын бастап кетті. Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл облыста 107 мыңнан астам бала жазғы лагерьлерде демалады.  260 оқушы саяхат жасайды  Облыстық білім басқармасының жетекші маманы Талғат Сүлейменовтің айтуынша, биылғы жылы лагерь жұмысын ұйымдастыруға 131 млн 094 мың теңге қаржы бөлінген. Жазғы лагерьде демалып жатқан ...

Жалғасы »

«Балаусадағы» бақытты күндер

Лагерь Ақтөбе қаласындағы №53 орта мектепте маусым айында ашылған «Балауса» жазғы демалыс лагері екі ауысым бойынша жұмыс жасады. Лагерьде көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары демалды. Жазғы лагерьде балалардың уақытымен тамақтанып, демалысын қызықты өткізуіне барлық жағдай жасалды. Мектеп директоры Ж.Романова мен лагерь басшысы А.Тілеуқұлова бастаған тәрбиешілер, музыка пәнінің жетекшілері балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуіне жағдай жасап, оларға тәрбиелік, спорттық ...

Жалғасы »

1087 педагог біліктілігін арттырды

Ғылым-білім саласындағы көптеген өзгерістер мен жаңалықтарға байланысты оқу жүйесін, оның бағдарламасын жаңартып, заманына лайық педагог дайындап отыру — уақыт талабы. Ақтөбе облысының педагогтары әр кез өзгерістер мен жаңалықтарды дер кезінде естіп, танысып, өз білімдерін жаңа жағдайға негізделген әдіс-тәсілдер арқылы жетілдіріп отырады. Осы орайда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жоспарына сәйкес, осы жылдың 28 ...

Жалғасы »

Үздік нәтижелер

Фестиваль  Аудан көлемінде алғаш рет ұйымдастырылған «Жастар фестивалі-2016» қоғамдық-көпшілік шарасы  биылғы мектеп бітірушілердің «Сәт сапар саған, жас түлек!» атты дәстүрлі мерекесімен  бірге өтті. Орталық стадионға жиналған алғалықтар мазмұнды мереке барысында  үздіктерді марапаттау рәсімін, концерттік  бағдарлама мен  үлкен экраннан көрсетілген аудан  мектептерінің   жетістіктерін тамашалады. Биыл аудан бойынша 386 оқушы мектепті аяқтап, оның 14-і «Алтын белгі», 22-сі «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Бір ...

Жалғасы »

Ақ жол саған, жас түлек!

Ақтөбе қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық саябақта «Жас түлек — 2016» мектеп бітірушілердің кеші салтанатты түрде өтті. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағын қатысты. Жиында алдымен сөз алған облыс басшысы Бердібек Сапарбаев түлектерді мерекемен құттықтап, ақ тілегін жеткізді. Тәуелсіздігіміздің 25 жылында Елбасымыздың арқасында білім саласында көптеген игі істер жасалды. Соңғы жылдары облысымызда жаңа ...

Жалғасы »

Мектеп формасының көрмесі өтті

Бейсенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Еркесылқым» сән үйінде оқушыларға арналған мектеп формаларының көрмесі өтті. Онда қаладағы жеке шаруашылық серіктестіктері мен тігін шеберханалары өз өнімдерін ұсынды. Көрмеге Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасова қатысты. Ол жергілікті тігіншілерге мектеп формалары мен спорттық киімдерді, сондай-ақ оқушылардың сөмкелерін тігуді ұсынды. — Қазір шағын және орта бизнеске көп көңіл бөлініп жатыр. Сондықтан жергілікті кәсіпкерлер осы мүмкіндікті ...

Жалғасы »

Шырайлы Шымкенттің жүлдесі

Байқау  Шымкент қаласында өткен республикалық «Шырайлы Шымкент» оқушылар арасындағы эссе байқауында хромтаулық Салтанат Оразғали бас жүлдені жеңіп алды. Еліміздің әр түкпірінен жиналған екі жүзден аса оқушының шығармасы  ішінде Хромтау ауданы Аққұдық орта мектебінің оқушысы Салатанаттың «Мен Шымкентті қалай көргім келеді» атты эссесі жоғары бағаланды. Аққұдық орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі  Амангүл Баянбаеваның жетекшілігімен дайындалып жазылған  шығарма қазылар ...

Жалғасы »

Баланың оқуына ақша жинақтаудың жаңа тетігі

2013 жылдан бастап елімізде мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жүзеге асырылып жатыр. Жүйе Қазақстан Республикасының әр азаматына өзінің атына немесе баласының атына білім беру жинақтау салымын ашып, оны болашақта Қазақстанның және шетелдердің колледждері мен ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға мүмкіндік береді. Жүйенің операторы — «Қаржы орталығы» АҚ. Қазір 14 760-қа жуық білім беру жинақтау салымы ашылды. Білім беру жинақтау салымына ...

Жалғасы »

ҰБТ-ға 4598 түлек қатысты

Маусымның 3-7-сінде біздің  облыстағы мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды. Нәтижесінде, облыстың орташа балы — 82,8. Өңірдегі жайсыз жағдайлардан кейін Ақтөбе қаласындағы екі тестілеу пунктінде 6 маусымда өткізу жоспарланған ҰБТ 7 маусымға ауыстырылды. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің базасындағы пункттердің қауіпсіздігін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің өзі келіп қадағалап, түлектерге қолдау көрсетті.   ...

Жалғасы »