Басты бет » Денсаулық (page 4)

Денсаулық

Бауырға жасалған отадан кейінгі науқастардың жағдайы қалай?

Өткен жылдан бастап Ақтөбеде бауыр трансплантациясы жасалып жатыр. Осы уақытқа дейін жеті адамның бауыры ауыстырылды. Алайда көпшілікті науқастардың отадан кейінгі жағдайы алаңдатады. Денсаулықтары түзеліп, қатарға қосылып кететініне күмәнмен қарайтындар бар. Осы ретте ота жасатқан науқастармен сөйлесіп, олардың қазіргі жай-күйін  білген едік.  Дәметкен донор болды Апта басында Ақтөбеде жетінші рет бауыр ауыстыру отасы жасалғанын жазған болатынбыз.  22 жастағы  Дәметкен Сағиева анасы ...

Жалғасы »

Биыл бес бауыр трансплантациясы жасалады

Облыстық ауруханада трансплантология мәселелеріне қатысты конференция өтті. Жиынға Сеул ұлттық университетінің профессоры Кванг Пунг Ли қатысты. Жиында қазіргі трансплантология мәселелері сөз болды. Оның ішінде өңірдегі ахуал айтылды. Облыста трансплантология қызметі соңғы 5-6 жылдықта қарқынды дамып келеді. Әсіресе, бүйрек ауыстыру отасы сәтті жасалып жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, 2014 жылдан бастап 21 бүйрек ауыстыру отасы жасалыпты. Ал ...

Жалғасы »

Ақтөбеде 24 жастағы қыз анасына бауырын берді

Ақтөбеде жетінші рет бауыр ауыстыру отасы жасалды. Бұл жолы 24 жастағы қыз 48 жастағы анасына бауырының жартысын берді. Отаны Сеул ұлттық университетінің профессоры Кванг Вунг Ли бастаған оңтүстіккореялық мамандар мен ақтөбелік хирургтер бірлесе жасады. Бұл жолғы ота лапароскопиялық және 3D әдісімен жасалды. Оның ерекшелігі — ота ашық әдіспен жасалмайды, яғни жарақаты, тілігі аз шағын инвазитті әдіспен жүзеге асырылады. Бұндай ота ...

Жалғасы »

Ақтөбеде салмағы 100 келіден асатын екі адамға ота жасалды

Медицина Облыстық көпсалалы ауруханада науқастарға отаны Астана қаласынан келген білікті маман, «Қазақстан Бариатрикалық және метаболикалық хирургтер қоғамы»  қоғамдық бірлестігінің президенті, профессор, жоғары санаттағы хирург Орал Оспанов бастаған ақтөбелік хирургтер жасады. Салмағы жүз келіден асатын екі адамға  бұл жолы ерекше әдіспен ота жасалды. Яғни лапараскопиялық жолмен асқазанды кішірейту, шнуттау отасы жасалды. (мини гастрошунтирование) Бұл — күрделі ота. Бірақ артық салмақтан зардап шеккен  ...

Жалғасы »

Екпе — тиімді әдіс

Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектепте «Баланы аурудан қорғаудың ең тиімді әдісі —  екпе!» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті. Жиынға ҚР ардагерлер қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе қаласы бойынша төрағасы Ахат Мырзалин, Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Нұрғиса Пұсырманов, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теологы Мәди Орынбай қатысты. Сондай-ақ қаладағы №5 емханадан дәрігерлер келді. Кездесуде екпенің бала денсаулығына әсері айтылды. Оның ішінде жұқпалы аурулардың ...

Жалғасы »

9358 бала «А» вирусты гепатитіне қарсы егілді

«А» вирусты гепатиті — кең таралған инфекциялық ауру. Адамға сапасы нашар су мен тағам арқылы жұғады. Бұл вирустың ерекшелігі — қоршаған ортаға төзімді, бөлме температурасында бірнеше аптадан бастап бірнеше айға дейін  сақталады. Аурудың көзі — науқас адам. Ауру адамнан тамақ, су, күнделікті пайдаланатын заттар мен ойыншықтар арқылы таралады. Аурудың профилактикасы — вакцина. Екі жастағы балаларға вакцина егіледі. Вирус жұқтырмау үшін ...

Жалғасы »

Облыста 2538 бала екпе алмаған

Тікелей телефон   Облыста екпеден бас тартатын ата-аналардың қатары көбейіп барады. Қазіргі таңда екпе алмаған 2538 бала тіркеуде тұр. Оның ішінде 1534 бала туғаннан бері бірде-бір рет егілмеген.  Ата-аналардың 74 пайыздан астамы діни көзқарасына байланысты екпеден  бас тартқан. Жалпы қоғамда екпеге қатысты екіұдай пікір қалыптасқан. Бірі оның бала денсаулығына пайдасы бар деп есептесе, екінші тарап бұл пікірмен келіспейді. Бір сөзбен ...

Жалғасы »

Құрт ауруы қайтсе құрықталады?

Қоғамдық кеңес Туберкулезге қарсы кешенді күрестің тиімділігі жөнінде Ақтөбе қалалық қоғамдық кеңес қоғамдық тыңдау өткізді.   Жиында туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу,  олардың әрі қарай қоғамнан шеттетілмей өмір сүруіне жағдай жасау және туберкулезге қарсы вакцина алудан бас тартатындар мәселесі қаралды. Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасова бұл проблемаларды бірігіп шешу қажеттігін ескертті. «Береке-Даму» әлеуметтік даму қорының директоры Алма Қанатбаева баяндама жасады. ...

Жалғасы »

556 әйел жатыр обырына шалдыққан

Баспасөз кеңесі Дүнежүзілік обырға қарсы күрес күніне орай қалада «Менің қолымнан келеді! Біздің қолымыздан келеді!» атты онкүндік басталды. Шара аясында қатерлі дерттің алдын алу, дұрыс тамақтану, вирустық аурулардан сақтануға қатысты халықты ақпараттандыру жұмыстары жүреді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы ретте арнайы баспасөз кеңесін өткізді. Жиынға қатысушы онкологтардың мәліметінше, былтыр 556 ақтөбелік қыз-келіншектен  жатыр обыры анықталса, 157 әйел сүт безі қатерлі ...

Жалғасы »

ҚР ғылым академиясының академигі Раиса Көзденбаева: Ақтөбеде қазақ халық медицинасын дамытуға үлес қоссам деймін…

Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары ел медицинасында да түрлі  қиындықтар орын алды. Әсіресе ауруханаларда дәрі-дәрмектер жетіспеді. Бұған қоса елімізге сырт елдерден сапасы белгісіз препараттар көптеп келе бастады. Ал олардың барлығын тексеріп отыру егемендігін енді алған ел үшін өте күрделі жұмыстардың бірі еді. Осы қиын кезде медициналық препараттардың сапасын тексеріп, сараптау, бақылау жұмыстарының басы-қасында жүрген және осы шаруалардың жандануына, жалпы ел медицинасының дамуына  ...

Жалғасы »