Басты бет » Денсаулық (page 30)

Денсаулық

Денсаулық

Тіс ауырса… Егер тісіңіз қатты қақсап ауырса, анальгин мен аспиринді қолданбай, пияз бен сарымсақ қоспасын басқан жөн. Себебі біріншіден, дәріні үнемі пайдалану денсаулыққа зиян, екіншіден, анальгин тісті емдемейді, керісінше дәрінің уыты қайтқаннан кейін ауру қайта басталады. Сондықтан алдымен кариес түскен тісті тазалап, бірдей мөлшердегі сарымсақ пен пияздың езбесіне тұз қосып, тіске басады да оның үстіне мақта салады. Сарымсақ пен пияздың ...

Жалғасы »

Жатыр мойнының қатерлі ісігі

Дәрігерлік кеңес Аталған ауруға шалдыққан кезде адамның салмағы азайып, әлсіздік пайда болады. Тіпті аурудың алғашқы сатысы білінбеуі мүмкін, яғни  ешбір белгі бермей өрши береді. Сондықтан да «жатыр мой­нындағы қатерлі ісік» деген диаг­ноз әйелдер үшін қашан да болса төбеден тас түскендей болатыны рас.  Дегенмен жаңадан пайда болған қатерлі ісік бірден ұлғайып кетпейтінін ескерсек, бұл аурудан айығуға болады. Бұған қазіргі  медицинаның құдіреті ...

Жалғасы »

Тұмау қауіпті ме?

Бұл сұраққа көп адам атүсті жауап бере салады. Әйтсе де тұмау оңай жау емес екені күнделікті тұрмыста көрініп жүр. Вирустық инфекциялардың арасында көп тарағаны — тұмау. Тұмау кішкентай балаларға, қарттарға және қант диабетімен, жүректің, өкпенің, бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратындар үшін өте қауіпті болып келеді. Дене қызуы, қалтырау, құрғақ жөтел, қалжырау, бас ауруы пайда болады. Осыған орай облыстық салауатты өмір салтын ...

Жалғасы »

Бас дәрігер

Облыс орталығындағы жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Сәубет Келімбердиевті ақтөбеліктер білікті дәрігер ретінде жақсы біледі. … ол дәрігер болу туралы шешімді мектеп бітірер кезде қабылдады. Адамдарға неғұрлым пайдалырақ, өмірге жақын мамандық ретінде дәрігерлікті дұрыс көріп, Ақтөбедегі медицина институтына оқуға түсті. Дәрігер болғанда да, әр күнгі еңбегі ауыр халдегі науқастардың аяғынан тік тұрып кетуіне арналатын хирург болуды таңдады. ...

Жалғасы »

Тіл мүкістігі неден пайда болады?

Логопед мамандардың айтуынша, соңғы жылдары  елімізде тілінің мүкістігі бар балалар көбейіп барады.  Бұның себебі неде? Осы орайда тиісті мамандардың пікірін білген едік. Ақтөбе қаласындағы №7 түзету мектебінің логопед маманы Яфурай Төленова бұл туралы былай дейді: — Соңғы жылдары балабақшаға келетін бүлдіршіндердің ішінде тілінің мүкістігі бар, тіпті сөйлемейтін, дыбыстық еліктеулері жоқ балалар көп. Мәселен, өзім жұмыс істейтін №13 «Бөбек» балабақшасындағы 24 ...

Жалғасы »

Неліктен шектен тыс семіреміз?

Дәрігерлік кеңес Соңғы жиырма жылда әлем халқын алаңдатып отырған аурулардың бірі —семіздік. Қазір бұл ауру Қазақстанда да кеңінен етек алып бара жатыр. Статистикалық мәліметтер нәтижесіне сүйенетін болсақ,  қазірде  әрбір екінші әйел артық салмақтан зардап шегіп,  артық салмағы бар балалар саны да жыл сайын артуда. Адам дене салмағының реттеуші жүйесінің орталық тізбегі — бас мида орналасқан гипоталамус. Май тіні мен гипоталамус ...

Жалғасы »

Сенімді сәулелі диагностика

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, остеопороз әлемде жүрек-тамыр, онкология және қант диабетінен кейінгі төртінші орында болса, бүгінгі таңда Қазақстанда сүйектің сыну қаупі (остеопороз) кеселі сүт безі қатерлі ісігінің өсуі салдарынан 8 есе жоғарылады. Бұл жөнінде облысымызға арнайы іссапармен келген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас рентгено-радиологы, «Астана медициналық университеті» АҚ №1 радиология кафедрасының меңгерушісі Раушан Рахымжанова М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан ...

Жалғасы »

Көк шамдар жанған күн

Ақтөбе қаласындағы №35 мектепте «Қант диабетінің алғашқы белгілері», «Диабет ауруының алдын алу» тақырыптарында мұғалімдер мен оқушылар арасында акция өтті.   Халықаралық диабетпен күрес күніне орай ұйымдастырылған акцияға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қатысты. Акция барысында оқушылар мен ұстаздар қант диабетіне қарсы тексерістен өтіп, салмақтарын өлшетті. Аурудың алғашқы белгілері туралы дәрігер-терапевт Гүлнар Сидашева жан-жақты әңгімелеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оның  айтуынша, ...

Жалғасы »

Мүгедектер көмексіз қалмайды

Біздің қоғамымызда мүгедектерге қаншалықты көңіл бөлініп жатқаны, тағдырдың ауыр сынына төзіп келе жатқан мұндай жандарға көрсетілетін көмектер көпшілікке белгілі. Сонда да жалпы жұртшылық тап басып біле бермейтін кейбір мәселелер бар. Біз, міне, осы жөнінде сөз қозғамақпыз. Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету негізінен мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес атқарылады. Бұл — протездеу, протездік-ортопедиялық құралдармен белгіленген тәртіп бойынша қамтамасыз ету, сондай-ақ осы құрал-жабдықтарды ...

Жалғасы »

Алдыңызға келген қандай ас?

«Ауру — астан» екені рас. Аурудың 75-80 пайызы ішкен тамаққа байланысты пайда болатыны да жиі айтылып жүр. Мәселен, Дүниежүзілік медицина орталығының мәліметіне сүйенсек, сырқатқа шалдыққан адамға медицинаның тигізетін көмегі -— 12 пайыз, ал қалғаны салауатты өмір салтын қалай ұстануыңызға байланысты екен. Қазір мемлекет тарапынан да осы мәселеге баса назар аударылып жатыр. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты ...

Жалғасы »