Басты бет » Денсаулық (page 20)

Денсаулық

Сарып: сақтық пен салғырттық

Қазір сарып (бруцеллез) ауруының нағыз қозатын шағы. Ауруды қоздыратын бруцелла бацилласы көп жағдайда адамға мүйізді ірі қара, қой-ешкіден жұғады. Мамандардың айтуынша, бруцеллез қай кезде де өзінің қауіптілігін жойған емес. Өткен жылы облыстық клиникалық инфекциялық ауруханада 28 адам сарып ауруынан емделсе, қазір бұл аурудың клиникалық белгілері бойынша 5 адамға тиісті ем-дом жасалып жатыр. Олар  — ауыл тұрғындары.    Шетелдіктер біздің әдісті ...

Жалғасы »

Кенеден сақтан!

Туляремия —  аса қауіпті табиғи-ошақты зоонозды инфекциялық індет. Туляремия адамның дене қызуын көтеріп, әртүрлі органдарды зақымдайды.  Аурудың қоздырғышы — туляремия бактериясы. Бұл бактерияны адамдар кез келген жасында жұқтырып, ауыруы мүмкін. Табиғатта ауру көзі — жабайы кеміргіштер мен қояндар және буынаяқты қансорғыштар тобына жататын иксодтық кенелер. Облыс аумағында, оның ішінде Алға, Әйтеке би, Ырғыз, Қобда, Ойыл аудандарында туляреминың аса қауіпті ошағы ...

Жалғасы »

«Ақсұңқар» сізді күтеді…

  «… Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі — медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу — аурудың алдын алудың негізі».   Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауынан.   Елімізде қанша адам тұрақты түрде спортпен айналысады? Ел тұрғындарының орташа өмір сүру жасын қалай арттырамыз? Балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол салушылықты азайту үшін ...

Жалғасы »

Скринингтен өтіңіз!

Ақтөбе облыстық клиникалық-диагностикалық орталығында тұрғындарды скринингтен өткізуге байланысты жиын өтті. Шараға қаладағы емдеу мекемелерінің дәрігерлері қатысты. Елімізде 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында скринингтік зерттеулерге ерекше басымдық беріліп отыр. Аталған тексеру түрі 2008 жылдан бастап қолға алына бастады. Скрининг адам бойындағы онкологиялық, қан алмасу жүйесінің ауруларын, балалар арасындағы В және С гепатиттері, ересектер арасында қант диабеті ...

Жалғасы »

Тегін тексеріліңіз, аурудың алдын аласыз!

Скринингтіктексеру ауруды алдын ала анықтауға, асқындырмауға және жүйелі ем қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бұл жүйе Еуропа елдерінде өз нәтижесін беріп отыр. Біздің елде скринингтік тексерулер 2002 жылдан бастап қолға алынды.Осы жайында біз облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Дәмеш Қайдаровамен әңгімелескен едік.   —    Әңгімемізді «скрининг» сөзінің нені білдіретінінен бастасақ. Соны түсіндіріп беріңізші? —    «Скрининг» термині ағылшын тілінің ...

Жалғасы »

Туберкулезден жеңілмеңіз!

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында Ақтөбе облысында туберкулезбен науқастанатындар санының көп болғаны соншалықты, өңір бірнеше жыл бойы туберкулез бойынша эпидемиологиялық қолайсыз аймақтардың алдыңғы қатарында болды. Жасалған жұмыстардың, яғни емдеудің және жабдықтардың заманауи түрлерінің өндіріске енгізілуі нәтижесінде мамандар бұл мәселенің түйінін біртіндеп тарқатып, туберкулезбен науқастанғандар санын азайтуға, ауруды ерте бастан анықтап, алдын алуға, науқастар арасында өлім санын азайтуға, тұрғындарды барынша бұл сырқаттан ...

Жалғасы »

Ақ халатты ардақтыларым менің!

Алғыс Мен облысымыздың жоғарғы категориялы бас дәрігері Қайрат Сабыр бастаған ақ халатты абзал жандардың алдында ақ шашты басымды иіп алғысымды айтамын.  Жасым сексен екіден асты. «Мың күнгі жұмақтан бір күнгі тірлік артық» дегендей, қартайсам да өлгім келмейді. Талай рет ауырып, қазіргі заманғы емханаларымызда жатып, емделіп шықтым. Осы жасқа келіп тірі жүргенім үшін ақ халатты абзал жандардың алдында өзімді өмірбақи қарыздармын ...

Жалғасы »

Мүмкіндігі мол аурухана

Жуырда Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша қаланың Жаңақоныс ауданынан көпсалалы 300 орынға есептелген облыстық аурухана іске қосылды. Құны 11 миллиард 800 миллион теңге тұратын  аурухана облыс тұрғындарына жаңа заман талабына сай қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда емдеу мекемесінде жетпіске жуық науқас ем алып жатыр. Аурухананың емдеу мүмкіндігі жөнінде бас дәрігер Самат Данияровпен тілдескен едік. Сонымен…   16 бөлімше қызмет ...

Жалғасы »

Қатерлі ісіктен емделді!

Қатерлі ісік диагнозы — көп ұзамай науқас өмірмен қоштасады деген сөз емес. Мұның айқын дәлелі — біздің кейіпкеріміз Ұлболсын Тәженова — обыр ауруынан емделді. Ол кісіге осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын асқазан обыры деген диагноз қойылыпты. Дәрігерлерге кеш тексерілуінің салдарынан ауру асқынып, дерттің ІV сатысында ауруханаға түскен. Оған шұғыл ота жасалып, асқазаны мүлде алынып тасталды. Қазір кейіпкеріміздің денсаулығы жақсы. ...

Жалғасы »

Балалар тіс емханасы салынады

Ақтөбедегі қалалық балалар стоматологиялық емханасы дәрігерлерінің адам айналып өте алмайтын аядай жерде  отырып, балаларға медициналық қызмет көрсете бастағанына отыз жылдан асыпты. Құлағымызға заманауи  үлгідегі балалардың тіс емханасы салынады деген хабар тиісімен, емхананың бас дәрігерінің орынбасары Роза Салиховамен тілдесуге асықтық. — Роза Пиешқызы, өзіңіз отыз шақты жыл қызмет етіп келе жатқан емханаға жаңа ғимарат тұрғызылатын болғаны рас па? Жер телімі қай ...

Жалғасы »