Басты бет » Денсаулық (page 2)

Денсаулық

Туабітті кемістік сәби өліміне әкеліп отыр

Конференция Облыстық балалар клиникалық ауруханасында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің 60 жылдығына орай  «Туа біткен даму ауытқулары», «Антеонталды және неонаталды диагностика мәселелері»,  «Басқару тактикасы», «Хирургиялық түзетулер мүмкіндіктері» тақырыптарында  ғылыми-практикалық конференция өтті. Мақсаты —  туабітті кемістіктерден болатын сәбилер өлімін азайту. Облыста туабітті кемістіктердің әсерінен сәбилер өлімі жиі тіркеледі. Мамандар сәби өлімін азайту үшін жыл сайын материалдық-техникалық база нығайтылғанымен,  ауруға ...

Жалғасы »

Жарнаны кім төлейді: мемлекет пе, өзің бе?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Елімізде 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Осыған орай елімізде  республикалық науқан өткізіліп жатыр. Әрбір тұрғын өзі қаралатын емханаға барып, қай санатқа жататынын анықтап алуы  керек. Бұл — жарнаны кім төлейтінін, яғни мемлекет пе немесе өзі ме, соны анықтауға мүмкіндік береді. Республикалық науқан мамыр айының соңына дейін жалғасады. Бұл ...

Жалғасы »

Әлсіздікке жол берме!

Неміс философы Артур Шопенгауэр «Біздің бақытымыздың тоғыздан бір бөлігі денсаулыққа негізделген. Денсаулық болмаса сыртқы игіліктер рахатқа бөлемейді, тіпті ақыл-ой, жан, мінез-құлық сапасы сияқты өзіндік игіліктер әлсірейді және өшеді» деген екен. Күнделікті күйбелең тіршілікте денсаулыққа мән бермейтініміз рас. Ал көктем мезгілінде денсаулыққа  бейжай қарауға болмайды. Көктем — қараөзек шақ, «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін» кезі.  Осы кезде адамның ұйқысы келіп, тез шаршайды. ...

Жалғасы »

Қатерлі ісіктен емделуге болады

Соңғы жылдары елімізде қатерлі сүт безі ісігіне шалдыққан әйелдер саны өсіп барады. Біздің өңірде де бұл көрсеткіш жоғары. Соңғы төрт айда 58 әйелден қатерлі ісік анықталса, оның 25 пайызы аурудың соңғы сатысында дәрігерге қаралған.  Ал төрт айда 20 әйел көз жұмыпты. Облыстық әкімдікте өткен жиында осы мәселелер сөз болды. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті медицина орталығына Қазақ онкология ...

Жалғасы »

Алматыдан онкологтар келді

«Жоғары технология күндері» республикалық акциясы аясында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина орталығына  Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтынан білікті мамандар келді. Олар — аталған ғылыми-зерттеу институттың директоры, онкогинеколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Д.Қайдарова және  маммология орталығының меңгерушісі Ш.Талаева. Мамандар тақырыптық дәріс өткізді. Сондай-ақ науқастарды қарап, оларға кеңес берді. 15-16 мамыр күндері екі науқастың сүт безіне  күрделі операция жасады. Жалпы акция ...

Жалғасы »

Екпеден бас тартпаңыз!

Елімізде туберкулез, күл, сіреспе, көкжөтел, сал, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, «В», «А»  гепатиттері және «b» типтегі мофильді инфекцияға қарсы  балаларға екпе жүргізіледі. Екпенің аса ауыр инфекциялық аурулардың алдын алуға тиімділігі зор. Мәселен, 1978 жылы екпенің көмегімен жер шарында бүтіндей ауылдар мен қалаларды жойып жіберген, ал тірі қалғандарының денесі мен бетін адам көргісіз жағдайға әкелген  шешек ауруы жойылды. 2002 жылы әлемнің ...

Жалғасы »

Медбикелерге құрмет көрсетілді

12 мамыр — Халықаралық медбикелер күні. Бұл күн медбике кәсібінің негізін қалаушы ұлыбританиялық медбике Флоренс Найтингейлді еске алу мақсатында бекітілген. Атаулы күнге орай Қазақстан халқы Ассамблеясының  ғимаратында  салтанатты жиын өтті. Шараға облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарында еңбек ететін медбикелер қатысты. Жиында облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова медбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтап 10 медбикеге облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Алғыс хатын табыс етті.  Ұзақ ...

Жалғасы »

Астана мен Алматыдан дәрігерлер келді

Ақтөбеге Астана мен Алматы қалаларынан  түрлі бағыт бойынша дәрігерлер келіп, науқастарға көмек көрсетіп жатыр. Облыстық балалар ауруханасына Алматы қаласындағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығынан бір топ маман келді. Дәрігерлер үш күн бойы науқас балаларды қарап, ота жасады, кеңес берді. Аталған орталықтың педиатрия бағыты бойынша директорының  орынбасары, медицина ғылымының кандидаты Гүлнар Әбділова денсаулығында күрделі ақауы бар төрт баланы қарады. Балаларды  ...

Жалғасы »

Астанадан келген дәрігерлер ота жасады

Ақтөбе қалалық жедел жәрдем ауруханасында Астана қаласындағы травмотология және ортопедия ғылыми зерттеу институтынан білікті мамандар келіп, науқастарға ота жасап жатыр. Аталған ғылыми институттың бөлім меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты Нығымет Мұрсалов пен реабилитолог дәрігер Галина Жанасбаева науқастарға ота жасап, кеңес беруде. Нығымет Мұрсалов бұл жолғы сапарында буын ауруына шалдыққан және жамбасы сынған бес адамға ота жасады. — Туған жерім — Шалқар ...

Жалғасы »

Жыныстық жолмен берілетін аурулардан сақтан!

Жыныстық  қатынас  арқылы ауру жұқтырған адамдарға медициналық көмек  қалалық   тері-венерологиялық   диспансерінде   көрсетіледі. Жалпы бұл жолмен берілетін аурудың 20 түрі жиі кездеседі. Қазақстанда  негізінен мерез, соз, трихомониаз, хламидиоз, СПИД, остроконечный кондилематоз, аногенитальный  герпес секілді түрлері кездеседі. Оның ішінде мерез аса қауіпті, жұқпалы ауру саналады. Ауру адамның  барлық  мүшелерін, талшықтарын зақымдайды. Егер емдемесе, балаларына да жұғады. Мерез ауру адамнан сау адамға тері ...

Жалғасы »