Басты бет » Денсаулық (page 10)

Денсаулық

Несие арқылы оңтүстік Кореядан аппарат сатып алды

Ақтөбе қаласындағы гинекология бағытында қызмет көрсететін «Денсаулық-Жан» медициналық орталығын көпшілік жақсы біледі. Мекеменің құрылғанына биыл — 17 жыл. Былтыр орталық басшысы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының облыстық филиалы арқылы 12 миллион теңге несие алып, заманауи үлгідегі құрал-жабдықтар сатып алыпты. Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп отырған мекеме басшысы Жәнібек Қожақовты әңгімеге тарттық. Жәнібек Қожақовтың негізгі мамандығы — акушер-гинеколог. 1984 жылдан бастап қаладағы жедел ...

Жалғасы »

Мемлекет ешқашан азаматтарды көмектен тыс қалдырмайды

Міндетті медициналық сақтандыру Облыста міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне байланысты арнайы жұмыс топтары құрылды. Қазір мамандар ауыл-аймақтарды аралап, жүйенің негізгі мақсаты мен ережелерін  түсіндіріп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша,  жұмыс топтары тамыз айынан бастап екінші кезеңге көшеді. Бұл кезеңде мамандар, әсіресе жұмыс берушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түрлі сұрақтарға жауап береді.             ...

Жалғасы »

Гипертониядан сақтан!

Бұл ауру қан тамырларының тарылуы салдарынан  жүрекке күш түсіріп, артериялдық қысымды жоғарылатады. Кейде гипертония бүйрек  немесе басқа да ауру кезінде пайда болады. Жоғарғы қан қысымы кезінде  бүйректің және көздің ең ұсақ қан тамырларынан бастап мидың, жүректің, аяқ пен қолдың тамырлары зақымданады. Уақыт өткен сайын жоғарғы қан қысымы  жүрек пен бүйректің жұмысын бұзады. Қан қысымы қалыпты адамдарға қарағанда қан қысымы жоғары ...

Жалғасы »

Қатерлі ісік қалай пайда болады?

Сүт безінің қатерлі ісігі — әйелдер арасында кең таралған қатерлі ауру. Аталған дертпен байланысты  аурушаңдық пен өлім көрсеткіші әлі күнге дейін азаймай отыр. Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша сүт безі қатерлі ісігі гормонға байланысты пайда болады. Аурудың негізгі себептері:  қалқанша безінің ауруы (гипотиреоз), менструальді циклдің кеш келуі, аналық бездің қабыну аурулары, аборт жасау, , сәбиді емшектен ерте айыру. Осындай жағдайлар кезінде ...

Жалғасы »

Ақтөбеде ғана тегін жүргізілетін ем

                  Қазіргі таңда облыста 2383 мүгедек бала бар. Оның ішінде 678 бала сал ауруына шалдыққан. Сондай-ақ соңғы жылдары аутизм және Даун синдромына ұшыраған балалар саны өсіп барады. Бұндай мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру жұмысы облыста әр түрлі бағытта жүргізіледі. Соның бірі — иппотерапия. Бүгінгі күні облыста осы ем түріне мұқтаж 112 бала тіркеуде ...

Жалғасы »

«Жасанды тері» қолданыла бастады Бұл — «Лабмедсервистің» көмегі

Ақтөбелік дәрігерлер күйік пен ашық жарақаттардың тез жазылуы үшін «жасанды тері», яғни арнайы таңғыш пайдалана бастады. Облыстық жедел жәрдем ауруханасында соңғы бір ай ішінде денесін күйік шалған он адамға осындай таңғыш қолданылыпты. Қазір науқастардың жағдайы жақсы, алды ауруханадан шығарылған. Бұндай уақытша таңғышты жергілікті «Лабмедсервис» ЖШС «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауруханаға тегін беріп отыр. Аурухананың травмотология бөлімінің меңгерушісі, травмотолог-ортопед Нұрлан ...

Жалғасы »

Вирустық гепатиттің алдын ал!

Айлық Республика аймағында 28 шілде мен 28 тамыз аралығында  Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күніне арналған айлық өткізіліп жатыр. Вирустық гепатиттер —  вирустық этиологияның жоғары топтарына жататын ауру. Ол бауырды зақымдайды. В және С вирустық гепатиттері созылмалы циррозға немесе бауыр обырына алып келеді. Дүниежүзінде әрбір үшінші адам (шамамен 2 миллиард) вирустық В гепатитімен ауырады, ал әрбір он екінші адам созылмалы  инфекциялық ...

Жалғасы »

«Ешкім көмектен тыс қалмайды…»

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Келер жылы енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі  қарапайым халықты ойландырып тастады. Жұртшылық жүйенің қалай жүргізілетінінен әлі бейхабар. Әсіресе жұмысы жоқ ауыл тұрғындары ай сайынғы жарнаны қалай төлеуді ойласа,  аяқтан енді тұрып келе жатқан немесе  ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге де  оңай болмасы анық. Осы ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтан сақтандыру жүйесі туралы жан-жақты сұрап ...

Жалғасы »

Асқазан мен ішек жарасы неден пайда болады?

Денсаулық Жара ауруы — асқазан мен он екі ішектің кілегей қабатында пайда болып, маусымға байланысты, әсіресе көктем және күз айларында өршіп отыратын созылмалы, қайталамалы ауру. Ауру пайда болатын себептер: Helicobacter pylori – ауа тамшылы, сілекеймен, лас қолдармен, жуылмаған көкөністермен ас қорыту жолдарына енетін қатерлі ісік тудырушы микроағза. Жас адамдарда көбінесе жеке бас гигиенасын сақтамаудан, яғни, кеселерден, бір шөлмектің аузынан сусындарды ...

Жалғасы »

Ақтөбеде 24 жастағы жігіттің бүйрегі ауыстырылды

Сенбі күні облыстық ауруханада Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының трансплантологы Ғани Құттымұратов бастаған ақтөбелік хирургтер  24 жастағы жігіттің бүйрегін ауыстырды.   24 жастағы ақтөбелік жігіт осыдан бір жыл бұрын емханаға тексерілуге келіп, өзінің созылмалы гломерулонефрит дертіне шалдыққанын біледі. — Қан құрамындағы кератин мөлшерін тексерткен кезде мыңнан асып кеткен. Қалыпты жағдайда оның мөлшері жүзге жетпейді. Ал бұл жігітте креатин шамадан ...

Жалғасы »