Басты бет » Басты жаңалықтар (page 4)

Басты жаңалықтар

Ақтөбеге алты елден травматологтар келді

Конференция А.Досжанова атындағы конференц-холда «Политравма диагностикасы және кешенді емнің заманауи концепциясы»  атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия, Ресей, Қытай, Түркия және өзіміздің ел аумағынан травматолог-ортопедтер мен хирургтер келді. Шараның мақсаты — Ақтөбедегі травматология бағытын дамыту, озық елдердің тәжірибесін меңгеру. Конференцияда облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысушылардың қадамына сәттілік тілеп, облыс медицинасының дамуын баяндады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан ...

Жалғасы »

Ырғыз ауданында көптен күткен банк филиалы ашылады

9 маусымда ауданда тұңғыш банк операциясы жасалады. Бұдан былай, аудан тұрғындары 400 шақырым қашықтықта орналасқан Ақтөбеге келмей, тұрғылықты жерде несие алады. Жұма күні облыс әкімі Шалқар ауданынан бірден Ырғыз ауданына барды. Өңір басшысы ауданда бірінші рет ашылғалы тұрған «Халық банк» филиалының ғимаратына кіріп, құрылыс жұмыстарымен танысты. — Егер біз кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасасақ қана, ол дамиды. Үлкен ауданда өзінің банк ...

Жалғасы »

«Күзеттің» орнына балабақша ашылды

«Күзет» ұйымына тиесілі болған ғимаратта «Райгүл» балабақшасы өз есігін айқара ашты. 1 маусым күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Рысқұлов көшесіндегі жаңа балабақшаның ашылу салтанатына барды. Аталған балабақша мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы аясында ашылды. Мектепке дейін білім беру мекемесінде 300 бала тәрбие алады және 25 адам жұмыс істейді. Қалалық білім бөлімінің басшысы Индира Бексұлтанованың айтуынша, бұл ауданға балабақша өте қажетті болған. Сондықтан ...

Жалғасы »

Ақтөбеде алғаш рет балалардың шеруі өтті

Шеруге 2 мыңнан астам талантты жас музыканттар мен әртістер қатысты. 1 маусымда балаларды қорғау мерекесіне орай облыс әкімдігінің алдында шеру басталды. Аталған шараға Ақтөбе қаласындағы 20-дан астам білім беру мекемесінің оқушылары атсалысты. Сондай-ақ, Қарғалы, Мәртөк және Алға аудандарының оқушылары өнер көрсетті. Шеруді ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мектептің үздік оқушылары, түрлі халықаралық, республикалық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері атанған 20 балаға ...

Жалғасы »

Ақтөбеліктер репрессия құрбандарын еске алды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Түйетөбе басында болып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған митингіге қатысты. Алдымен Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актерлері мен актрисалары қаралы шежіреден сыр шертетін қойылым көрсетті. Бұдан соң облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан жазықсыз жапа шеккендердің рухына бағыштап Құран оқыды. Түйетөбе басына жиналған жұрт зұлмат жылдары қуғынға ұшырап, құрбан болғандарды бір минут үнсіз тұрып, ...

Жалғасы »

«Жедел жәрдемнің» бір күні

Ақтөбе қалалық  жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті күніне 500-ге жуық шақырту қабылдайды. Ауырып, жаны қысылған адамға алғашқы болып көмекке келетін ақ халаттылардың бір күндік жұмысы қалай өтеді? Сонымен… АЛҒЫС АЗ, ЖҰМЫС ҚИЫН Жедел жәрдем қызметінің түнгі жұмысының қалай өрбитінін көру үшін кешкі сағат сегізде «Долана» қосалқы бекетіне бардық. Себебі Ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан негізгі бекет Маресьев көшесіне уақытша көшіріліпті. ...

Жалғасы »

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерімен сұхбаты

Хабар 24: — Ахметжан Смағұлұлы, сіз осы жұмысты енді бастаған сәтте өзіңізді оптимист ретінде таныттыңыз. Сіз топ-менеджментті оңтайландырып, қосымша инвестицияларды тартуды және туристік әлеуетті дамыту жоспарлаған болатынсыз.  Ал қазіргі уақытта, «ЭКСПО-2017» көрмесінің басталуына 13 күн қалған кезде, нені іске асыра алдық, неге қол жеткіздік, мүмкін, іске асырылмай қалған ойларыңыз бар ма? Солар туралы айтып кетсеңіз? — Президенттің мені ұлттық компанияның ...

Жалғасы »

Ақтөбе қаласы 148 жылдығын атап өтті

Кеше ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық демалыс және мәдениет саябағында Ақтөбе қаласының 148 жылдығына орай «Сүйікті қалам, Ақтөбе!» атты шоу-бағдарламасы ұйымдастырылды. Қолайсыз ауа райына қарамастан, шараны көрем деушілер аз болмады. Жиналғандарды қала күнімен құттықтаған  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев толассыз жауған жауын-шашынды Алланың нұрына балап, бұның ауыл шаруашылығы саласы үшін пайдалы екенін атап өтті: — Менің ойымша, бүгін саябаққа Ақтөбенің ...

Жалғасы »

Ғалымовтар отбасы — жеңімпаз!

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттауға арналған шара өтті. Бас жүлдені иеленген Ғалымовтар отбасы республикалық байқауда облысымыздың намысын қорғайтын болады. Салтанатты жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова қатысты. Отбасылық құндылықтарды сақтауды, өнегелі құндылықтарды жаңғыртуды, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыра түсуді мақсат еткен «Мерейлі отбасы» ...

Жалғасы »

Соңғы қоңырау: 432 мектеп. 131 мың оқушы, 6582 түлек

Облыстағы 432 мектептің 131 мыңнан астам оқушысы үшін оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар ұйымдастырылды. 285 мектепте 6582 түлекке арналып соңғы қоңырау рәсімі өтті. 12 733 оқушы бастауыш сыныппен қоштасып, орта буынға көшті. Биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын аттап, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша білім алған 1-сыныптың 15 502 оқушысы алғаш рет соңғы қоңырау ...

Жалғасы »