Басты бет » Басты жаңалықтар (page 3)

Басты жаңалықтар

Ардагерлер ұйымы: отыз жылдық белес

Елімізде ардагерлер ұйымының отыз жылдық мерекесі кеңінен аталып өтілуде. Өткен жұма күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында ұйымдастырылған конференцияда ардагерлерге құрмет көрсетілді, марапаттар тапсырылды. — Қоғамда, күнделікті өмірде сіздердің алатын орындарыңыз бөлек. Еліміз тәуелсіздікке ие болғалы бері мемлекетіміз ардагерлерге айрықша көңіл бөліп, мүмкіндігінше қамқорлық жасап келеді. Сіздер де қоғам өміріне белсене араласып, елдік істерге үнемі қолдау-көмек жасап жүресіздер. ...

Жалғасы »

«Экспо-2017» көрмесі ашылды!

93 күнге созылатын халықаралық шараның келушілерге ұсынатын қызығы көп Өткен жұма күні елордада көптен күткен халықаралық  мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Дүниежүзілік көрмеге 115 ел мен 22 халықаралық ұйым өкілдері қатысады. Ал бірқатар мемлекет басшылары, жер-жерден келген жоғары мәртебелі қонақтар қатысқан ашылу рәсіміндегі сән-салтанат һәм шоу-бағдарламаны қазірдің өзінде жылдың ең айтулы оқиғасына балап жатқандар аз емес. Әлқисса… Осыдан бес ...

Жалғасы »

Темірліктер Ақтөбеге келді

Өткен жылы аудандардың Ақтөбе қаласында өткен күндерінің қорытындысы бойынша темірліктер көш бастаған еді. Сондықтан да биылғы маусымның шымылдығын ашу да олардың еншісіне тиді. «Туған жерім — нұрлы елім» мерекелік іс-шарасы аясында бірқатар мәдени-әлеуметтік маңызды бағдарламалар жүзеге асты. Темір ауданының мерекесіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, мұндай шараның елдік пен бірлік, жас ұрпақ тәрбиесі тұрғысындағы ықпалы зор екенін атап көрсетті.  Темір ...

Жалғасы »

Мектеп бітірушілердің кеші өтті

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында «Еркін сахна» атты мерекелік шара өтті. Ақтөбе қаласындағы мектеп түлектерінің мектеп бітіру кеші осындай жаңа әрі қызықты форматта алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Кеш барысында түлектер өздерінің өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Жарасымды әзіл айтып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, мектеп бітірушілер ата-аналарға, мұғалімдерге және сыныптастарына ыстық ықылас, ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Билік пен халық бірігіп жұмыс істемей, ешқандай нәтиже болмайды

  Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс бабымен Темір ауданына барды. Ауданның Шығырлы, Ақсай, Шұбарқұдық ауылдарын аралап, әлеуметтік мекемелердің жұмысын көрді, тұрғындармен кездесті.                 ҚҰЛАҒАН КӨПІР ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Облыс басшысы Богословка-Шұбарқұдық тасжолы арқылы облыс орталығынан 125 шақырым жердегі Шығырлы ауылына барды. Жолай Алға ауданы Сарықобда ауылының кіреберісіндегі құлаған көпірді көрді. Көпірді қайта салып жатқан ...

Жалғасы »

Қазақстанда теңдесі жоқ бейімдеу орталығы ашылды

Белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев пен оның зайыбы Әсел Тасмағамбетова Ақтөбеде «Мейірім» орталығын ашты. Олар әлеуметтік мекемені ашу үшін отбасылық бюджеттен 1,5 млрд теңге жұмсаған. Сәрсенбі күні Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Кеңес Рақышев және «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова Ақтөбе қаласына келді. Олардың қаржылай қолдауымен қаладағы Кірпішті ауданында «Мейірім» бейімдеу орталығы ашылды. Аталған мекеме жетімдер үйінен шыққан жастарға арналған. Бұл ...

Жалғасы »

Өндірісті өңір: оң өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер

Туған жерім — нұрлы елім Темір — болашағы айқын, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудан. Ауданда өндіріс пен ауыл шаруашылығы саласы қатар дамыған.  Өңірдегі 26 елді мекенде 37 мың 700 тұрғын бар. Орталығы — Шұбарқұдық  ауылы. Халықтың әл-ауқатын арттыру — басты мақсат. Бұл бағыттағы міндеттер де Темірде өз деңгейінде орындалып жатыр. Ауданда  орташа айлық атаулы жалақы — 119 377 теңге. 2002 ...

Жалғасы »

Лаңкестік әрекеттің құрбандары еске алынды

Былтыр 5 маусымда лаңкестік шабуылдан қаза болған сарбаздарды еске алуға олардың туған-туыстар мен жақындары Ақтөбеге келді. Осыдан тура бір жыл бұрын лаңкестік топ №6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған еді. Соның салдарынан бөлімнің үш әскери қызметкері қаза болды. Олар — майор Даниэль Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев, қатардағы сарбаз Досбол Сапар. Сейсенбі күні Отан үшін жан тапсырған батырларды еске алуға арналған ...

Жалғасы »

Ақтөбе Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтті

Мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына тура 25 жыл толды. Мерейлі мерекені облыс жұртшылығы кең көлемде тойлады.  4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара облыс әкімдігі алаңынан бастау алды. Шаһарымыздың бас алаңынан авто-вело-мото шерушілер және атты әскерлер тобы қолдарына мемлекеттік нышан — көк Байрағымызды алып, сап түзеді. Егемен еліміздің ең қастерлі нышанын ұстаған топ қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, ...

Жалғасы »

Шалқар-Ырғыз тасжолы жөнделеді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Шалқар ауданында болды. Шалқар қаласынан Ырғыз ауылына дейін көлікпен барған өңір басшысы алдағы уақытта жол мәселесі шешіледі деп уәде етті. Пайданың көзі — кооперация Жұма күні Бердібек Сапарбаев Шалқар ауданының екі ауылы — Бегімбет пен Байқадамға барды. Онда облыс басшысы әлеуметтік маңызы бар мекемелерді аралады, солардың жұмысымен танысты. Бегімбет ауылы — Шалқар ауданындағы Айшуақ ...

Жалғасы »