Басты бет » Басты жаңалықтар (page 20)

Басты жаңалықтар

Облыс әкімі ақтөбеліктерді жаңа жылмен құттықтады

Ауа райының қолайсыздығына, қарлы боранға қарамастан Жаңа жылды ақтөбеліктер мен қала қонақтары Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта қарсы алды. Халықтың қуанышымен бөлісуге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов келді. Облыс басшысы жиналған жұртшылықпен бірге қаланың және облыстың шығармашылық ұжымдарының мерекелік шоу-бағдарламасын, «Қош келдің, Жаңа жылым!» театрландырылған қойылымын тамашалап, үлкен экраннан Мемлекет басшысы ...

Жалғасы »

Шөжелер төрге шықты

Ақтөбеліктер Тауық жылын ерекше көңіл күймен қарсы алды. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық саябақта ұйымдастырылған «Қош келдің, Жаңа жылым!» атты мерекелік шоу-концерт төрт сағатқа созылды. Саябақта 31 желтоқсан күні түнгі сағат 22.00-ден басталған мерекелік думанды кешті тамашалауға халық көп жиналды. Әсіресе, жастардың қарасы көп болды. Сол түнгі ауа райының қолайсыздығына қарамастан, саябақтағы салтанатты тамашалауға келген ақтөбеліктердің көпшілігі Жаңа жылды ...

Жалғасы »

Ассамблея Елбасы тапсырмаларын талқылады

Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XХ сессиясы өтті. Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының  XXIII сессиясындағы тапсырмаларынан туындайтын міндеттердің орындалу барысы талқыланды. Сессияға облыстық, аудандық мәслихаттар хатшылары мен депутаттар, облыстық басқармалар, ірі кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдар басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ...

Жалғасы »

Бодандық пен бостандық

2016 жыл ерекше жыл болды: ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өттік. 1991-дің 16 желтоқсанында қазақ жұрты үшін азаттық таңы атты. Төрт тараптан да жау анталаған, ер-азамат қан майданда қыршын кетіп, кең жайлау жетім-жесірдің ащы зарына толған әрідегі ғасырлар мен қазақты бар игі жақсысынан, тілінен, дінінен айырған кешегі кеңестік заман артта қалып, жаңа дәуір басталды. Бодандық қамытынан құтылған тұста экономикамыз әлсіз, ...

Жалғасы »

Жыл оқиғалары

Жыл сапары  Наурыз айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына екі күндік сапармен келді. Іссапар аясында Елбасы «Ақтөбе-жылыжай» ЖШС жылыжай кешенінің жұмысымен танысып, ауыл шаруашылығы саласының өнімділігін арттыруда ғылыми тәсілдерді қолданудың маңыздылығына айрықша тоқталды. Бұл ретте Мемлекет басшысы планета халқының көбейіп келе жатқанына байланысты аграрлық сала өнімдеріне ұдайы сұраныс болатынын атап көрсетіп, сондықтан да ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді ...

Жалғасы »

Сәбинаның волейбол мектебін ашу туралы ұсынысы қолдау тапты

Сейсенбі күні денешынықтыру-сауықтыру кешенінде жыл қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ақтөбелік 12 спортшы марапатталды. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Кездесудің құрметті қонағы жерлесіміз, танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова болды. Сондай-ақ ақтөбелік спорт шеберлері мен  жаттықтырушылар, облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері қатысты. Кездесу барысында 2016 жылдағы денешынықтыру және аймақтағы спортты дамытудың жұмыс қорытындылары, ...

Жалғасы »

Президент шыршасына 400 бала қатысты

«Алтын сарай» мейрамханасында «ЭКСПО-ның жаңажылдық алауы» атты Президент шыршасы өтті. Мерекелік шараға облыстан барлығы 400 бала қатысты. Ерекше безендірілген алып шыршаның маңына топтасқан балалар мерекелік шарада Алдар көсені қошеметпен қарсы алды. Көңілді топқа қосылған Алдар көсе басқа да ертегі кейіпкерлерін ортаға шақырып, балалармен би биледі. Бұдан кейін балалар жыл жаңалығы — «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі туралы дайындалған тосын сыйды тамашалап, көрме туралы ...

Жалғасы »

Ақтөбеде алғашқы монтессори орталығы ашылды

Тұсаукесер  Өткен сенбіде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Ақтөбедегі алғашқы монтессори орталығының ашылу салтанаты өтті. Италия қызы Мария Монтессори мамандығы дәрігер болғасын баланың дамуына биологиялық тұрғыдан қарап, сәбиді қауіпсіздендіріп, табиғи қабілеттерін дамыту үшін оны жаттықтыру қажеттігін, ол үшін арнайы ортаны қалыптастыру керектігін ұсынған болатын. 100 жылдан астам уақыт өтсе де, содан бері бұл ерекше педагогикалық жүйе өз күшін жоймай, керісінше, ...

Жалғасы »

Тұрғындар тілегін тыңдады

Ақтөбедегі №8 мектепте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев,  облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Махамбет Абисатов қаланың ескі бөлігі тұрғындарымен кездесті. Жиынға қала әкімі Ілияс Испанов, облыстық соттың, ҚР ҰҚК облыстық департаментінің, басқа да мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері қатысты. Облыс басшысы жиынның мақсаты жөнінде: — Өмір болғаннан кейін, сан қилы жағдайлар болады. Азаматтар құқық қорғау, салық, басқа да ...

Жалғасы »

Бердібек Сапарбаев: Ақтөбенің өз «Артегі» болады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық соттың төрағасы Мұратқали Әкетай, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Махамбет Абисатов Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында өтті. Кездесуде жиналғандарды әуелі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, ширек ғасырлық мерекенің елімізде лайықты аталып өткенін айтты. Өз сөзінде облыс басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмалары аймақта тиімді жүзеге асырылып жатқанын ...

Жалғасы »