Басты бет » Басты жаңалықтар (page 10)

Басты жаңалықтар

Басты міндеттер айқындалды

Облыстық әкімдікте өткен жиында ҚР Премьер-Министрінің біздің өңірге жұмыс сапары кезінде облыс басшылығы алдына қойылған міндеттер және оларды жүзеге асыру мақсатындағы істер, алыс ауылдар тұрғындарын заманауи байланыспен қамтамасыз ету мәселесі, «Туған жерге тағзым» акциясыаясында жасалып жатқан жұмыстар талқыланды. Жиын облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өтті. Жуырдағы жұмыс сапары кезінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев экономиканың түрлі салалары бойынша Ақтөбе өңірінің жетістіктерін атап ...

Жалғасы »

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта жаңғыртылды

Бүгіннен бастап облыста «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта жанданды. Облыстық әкімдікте аталмыш жобаны жүзеге асыру мәселесі жөнінде жиын өтті.  Жұмыс топтарының басшылары өңір басшысына жоспарлаған іс-шаралар туралы баяндады.  Жобаны жүзеге асыру уақыты 3-27 сәуірге дейін жалғасады.  Жергілікті мамандардан құрылған жұмыс топтары Ақтөбеде және облыстың Байғанин, Мұғалжар,  Алға,  Шалқар, Темір  секілді 5 ауданында жұмыс жүргізеді. Олар  жобаның 8 бағыты бойынша ...

Жалғасы »

Премьер-Министр облыста жасалып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік жаңғырту бағдарламасының орындалуына арналған жиынға қатысты. Басқосуға аудан әкімдері, денсаулық сақтау, білім, спорт, мәдениет саласының басшылары, қызметкерлері жиналды. Кездесу алдында Үкімет басшысы Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 шағын ауданында салынып жатқан облыстық Оқушылар сарайының құрылысымен танысты. Алдымен сөз алған Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев біздің облыста жасалып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. — Кешеден бері Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен ...

Жалғасы »

Биыл 700 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспаналы болады

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты. Құрылыс басында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрге «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тез салынатын, аз қабатты несиеге берілетін тұрғын үй құрылысының барысы мен пилоттық жобаны және оның ерекшеліктерін, ондағы пәтерлердің сапасы туралы баяндады. Бұл — республика бойынша Ақтөбеде бірінші болып жүзеге асырылып ...

Жалғасы »

Ақтөбе кәсіпорындары немесе «Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс»

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе ферроқорытпа зауытында болып, өндіріс орнының шығарған өнімдерімен және жобалармен танысты.   Зауытты аралап көрген ҚР Премьер-Министрі өндірістің жұмыс жасау технологиясымен, кәсіпорынның бұдан кейінгі жоспарларымен танысты. Сонымен қатар, ол зауытта жұмыс істеп тұрған пештерді көріп, дайын өнім тиелетін бөлімде болды. Еуразиялық топ (ERG) құрамындағы «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ-ның ферроқорытпа зауытында жылына шамамен 300 мың тонна ферроқорытпа шығарылады. ...

Жалғасы »

Экономиканы технологиялық жаңғырту — жақын болашақтағы басты басымдық

Сапар аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе рельс-арқалық зауытының мәжіліс залында облыстағы ірі өнеркәсіптік  кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өндірісті технологиялық жаңғыру мәселелері талқыланды. — Елбасының халыққа арнаған Жолдауында өндірісті модернизациялау арқылы технологиялық жаңғыру мәселесі ерекше айтылды. Егер біз технологиялық жаңғыру турасында әңгіме қозғасақ, бұл бір ғана кәсіпорынның алдындағы тапсырма емес, әкімдік пен Үкіметпен бірлесе отырып атқарылатын шаруа. Бүгін біз  ...

Жалғасы »

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ: Ақтөбе облысында жасалып жатқан жұмыстарға жаның сүйсінеді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев екі күндік арнайы жұмыс сапарымен біздің облысымызда болды. Үкімет басшысымен бірге Ақтөбеге «Атамекен» Ұлттық ұлттық кәсіпкерлер палатасының Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат ...

Жалғасы »

Сұйытылған газ тапшылығын жою шаралары алынды

Ақтөбе қаласындағы барлық газ құю стансаларында сұйытылған газды беру басталады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ сұйытылған газды жеткізіп, өткізумен шұғылданатын компаниялардың басшылары қатысуымен өткен кеңесте осындай тапсырма берді. — Энергетика министрлігі бізге қажетті мөлшерде квота бөлгеніне қарамастан, соңғы бес күнде газбен қамтамасыз етуде проблема болып тұр. Қаңтар-ақпан айларында мұндай проблема туындаған жоқ, ақпан айымен салыстырғанда ...

Жалғасы »

Ақтөбеде «ЭКСПО-2017» көрмесінің ресми кассасы ашылды

Өткен сенбі күні «Керуен» (бұрынғы «Мега Ақтөбе») сауда, ойын-сауық  кешенінде Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу рәсімі болды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау мақсатында облысқа іссапармен аталған шараның ресми әріптесі «SkyWay» туроператорының өкілдері келіп, кең мағлұмат берген. Мамандар сапар барысында облыстағы бірқатар білім және медицина мекемелері, компаниялар, т.б. жерлерді аралап, арнайы кездесулер өткізген. Басқосулар барысында негізінен көрмеге ...

Жалғасы »

Ақтөбеде құс еті өндірісі қашан дамиды? 

Былтыр облыста 174 миллион дана жұмыртқа өндірілді. Аймақ халқын жұмыртқамен 100 пайыз қамтамасыз етіп отырған «Рамазан» құс фабрикасының өзінде өткен жылы 101 миллион дана жұмыртқа сатылымға шығарылды. Қазір аталған фабрикада модернизациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңарту жұмыстарынан кейін кәсіпорын жылына 130 миллион дана жұмыртқа өндіру мүмкіндігіне қол жеткізбек.   Екі фабриканың ертеңі Қазір облыста екі құс фабрикасы бар. Оның бірі — ...

Жалғасы »