Басты бет » Author Archives: admin (page 5)

Author Archives: admin

Қыздың бұрымы — қорғаны

Тәрбие Ерте кезде ата-бабаларымыз қыз баланы қорғап, періштедей аялаған. Кішкентайынан әдептілік пен ибалылыққа тәрбиелеген. Қыз баланың қасиетін биіктетіп, сұлулықтың бастауына көтерілуіне жол ашқан. Бұған бір мысал: өне бойында еркелігі мен биязылығы қатар ұштасқан, қос бұрымы арқасында тулаған  Жібек қыз бен Баян сұлу. Қазақ xалқының дүниетанымында бұрым — сұлулықтың белгісі, қыз-келіншектердің ары мен абыройы. Әрбір қыз баласын белінен төгілген бұрымы мен ...

Жалғасы »

Бір жылдағы жетістік

Елбасымыздың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан мақаласы ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігінің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. ХХІ ғасырдағы адамзаттың басты, негізгі құндылықтарының бірі — білім. Осыған орай бүгінде жастары­мызды осы бағытта тәрбиелеп, әлемдік білім ошақтарынан тереңдетілген білім алып, халқымыздың игілігіне жұмыс істеуге баулу жолында еңбек етудеміз. Қазіргі таңда мектебімізде осы ...

Жалғасы »

Курс: мол мүмкіндік, зор тәжірибе

Бүгінгі күні мұғалімдер оқытудың тиімді стратегияларын меңгеріп, түрлі педагогикалық тәсілдерді үйлесіммен қолдануға мүмкіндік алып отыр. Оқушыға сапалы білім беру үшін ұжымның әрбір мүшесін ортақ мақсатқа жұмылдыру, ұжымды басқару үлкен шеберлікті, терең білімді қажет етеді. Осыған орай биыл 26 маусым-5 шілде аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институттың ұйымдастыруымен ...

Жалғасы »

Колледж мұражайы — тағылым орталығы

Елбасы тапсырмасына сәйкес білікті жұмысшы кадрларын даярлауда жетпіс жылдық тарихы бар Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің ұжымы бірқатар оңды жұмыстар атқарып келеді. Жақында жетпіс жылдық тарихтың шежіресін жинақтаған мұражайдың ашылуы бұл оқу орнының әр кезеңдердегі қадамдарын тануға мүмкіндік беріп отыр. Мұражайдың ресми ашылуына өңірге іссапармен келген ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР ректорлар кеңесінің төрағасы Тілектес Есполовтың қатысуы біз үшін ...

Жалғасы »

1 шілдеден бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі өсті

1 шілдеден бастап елімізде зейнетақы мен бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы көлемі 20 %-ға, әскери қызметшілердің жалақысы 25 %-ға өсті. Биылғы жылы бірінші кезеңде, яғни 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылар мөлшері 9 пайызға, базалық зейнетақы 7 пайызға артты. Ал екінші кезеңде, яғни биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 11 пайызға, базалық зейнетақы мөлшері 13 пайызға көбейеді. Нәтижесінде, ...

Жалғасы »

30 отбасыға көмек берілді

Қызыл Ай қоғамы Ақтөбе облыстық филиалы аз қамтылған 30 отбасыға гуманитарлық көмек берді. Біріккен Араб Әмірлігінің Қызыл Ай қоғамы бұл мақсатқа 220  мың теңге қаржы бөлді. Ораза айында  20 отбасыға  азық-түлік пакеті таратылса, 10 балаға мектепке киетін спорттық киімдер берілді. — Балалардың тізімі қала мектептеріндегі әлеуметтік педагогтардан алынды. Айта кету керек, Ақтөбе облысында  150 бала  Біріккен Араб Әмірлігінің Қызыл Ай ...

Жалғасы »

Облыс әкімі өзге аудандарды Мұғалжардан үлгі алуға шақырды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған Ақтөбе қаласының және 12 ауданның  әкімдері, бірқатар  басқарма басшылары Мұғалжар ауданына жұмыс сапарымен келді. Ондағы мақсат — Мұғалжар ауданындағы, соның ішінде Қандыағаш қаласындағы  соңғы уақытта атқарылып жатқан жұмыстармен танысу, өзара  тәжірибе алмасу және аудандар арасындағы байланысты нығайту. Сапар барысында облыс әкімі атқарылған жұмыстармен танысып, бірқатар нысандарды аралады. Көшпелі жиын түріндегі жұмыс сапары өзге аудандарда алдағы ...

Жалғасы »

Жылжымалы көрме ашылды

Астанадағы Ақтөбе облысының күндері Ақтөбе облысының Астанадағы күндеріне орай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери-тарихи музейінде «Дулығалы дала перзенттері» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті. Шараның ашылуына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеология департаменті бастығының орынбасары, полковник Қайсар Мұғалов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы Айдос Серікбаев, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғали, тағы басқа сала мамандары, тарихшылар, ...

Жалғасы »

Қарауылкелдіге дейінгі 16 шақырым жол биыл жаңарады

Ақтөбе-Атырау-Астрахань жолының 220-236-шы шақырымы жөнделуде. Қазіргі таңда жұмыстың жартысынан астамы орындалған. «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту бағытындағы комиссиясының отырысы өтті. Комиссия «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылап отыр. Осыған орай, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның өкілі облыстық мәслихат депутаттарының алдында есеп берді. — 2020 жылға дейін Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолы жөндеуден өту керек. Соның 16 шақырымына ...

Жалғасы »

Мемлекеттік қызметкер және міндет

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаеваның төрағалық етуімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  мәселесі бойынша кеңес өтті. Жиында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Қалалық әкімдіктің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Н.Күнтуов бес айда жүзеге асырылған жұмысты баяндады.  Қазіргі күні қаладағы 12 мемлекеттік мекеме мен 5 ауылдық округ халыққа 102 мемлекеттік ...

Жалғасы »