Басты бет » Author Archives: admin (page 30)

Author Archives: admin

Бас сүйегінен жарақат алып көз жұмған жігіттің бүйрегі екі науқасқа салынды

Облыстық көпсалалы ауруханада бас сүйегінен жарақат алып көз жұмған жігіттің екі бүйрегі екі науқасқа салынды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Ерлан Сұлтангереевтің айтуынша, 27 мамыр күні 1994 жылы туған жігіт бас сүйек және ми жарақатымен Байғанин аудандық ауруханасына түседі. Жігіттің жағдайы ауыр болғандықтан дәрігерлер 1 маусым күні Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасына алып келеді. Алайда көрсетілген медициналық көмектің барлығы нәтижесін ...

Жалғасы »

Табиғатты аялады, сыйлықтармен марапатталды

Атаулы күн 5 маусым — Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай облыстық экология департаменті Ақтөбе қаласындағы Ақжар-2 ауылының маңында сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Шараға қаладағы жоғары оқу орнының студенттері, «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары және департамент мамандарынан 200-ге жуық адам қатысты. Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Асхат Муфтаковтың айтуынша, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар наурыз айында бастау алған. — Дүниежүзілік қоршаған ...

Жалғасы »

Полицейлер велосипедтің сериялық нөмірін тексереді

Ақтөбе қаласында велосипед ұрлығы көбейген. Қала бойынша мамыр айында 70-тен астам велосипед ұрланды. Маусым айынан бастап «Велосипед» жедел-алдын алу шаралары жүзеге асуда. Ақтөбелік полицейлер велосипед теуіп бара жатқан тұрғынды тоқтатып, велосипедтің сериялық нөмірін тексереді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қалада велосипед ұрлығы өршіп тұр. — Мамыр айында 73 велосипед ұрланды. Соның ішінде ұрылар 26 велосипедті подъезден, 11-ін жеке тұрғын үйдің ауласынан жымқырған. ...

Жалғасы »

Колония қызметкерлері сотталушыны ұрып-жыққан

Үш қызметкердің біреуі кінәсін мойындады. Қазір оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды. Биыл наурыз айында КА-168/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Н. колония қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағым түсірді. Облыстық прокуратураның тексерісінен кейін арызданушының дәлелдемелері расталды. Тергеу барысында анықталғандай, УКА-168/3 бақылау қызметі бөлімінің бастығы міндетін атқарушы, мекеменің жедел уәкілі және аға бақылаушы сотталған ...

Жалғасы »

Астанадағы Ақтөбе облысының күндері

Маусымның 10-ы күні «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өз жұмысын бастайды. Көрменің тақырыбы — «Болашақ энергиясы». Кең ауқымды шараны өткізуде біздің облыстың үлесі қандай болмақ? Бұл туралы облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлымен тілдескен едік. — 10 маусымда Астана қаласындағы көрмені тамашалауға жолдама алған 2 мыңнан астам ақтөбелік дарынды оқушылар мен жастар барады. Астаналық жаттықтырушылардан арнайы дәріс алған ақтөбелік ...

Жалғасы »

Дәстүр мен сана

Елбасының соңғы еңбегі талайларға ізгі ой салуда. Президент сол еңбегінің «Прагматизм» деп аталатын тарауында: «Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді» депті. Осыған орай жасы үлкен ақсақалдардың бірі ретінде өз ойымды айтсам деймін. Бала кезде үлкендерден алған тәрбиеміздің, көргеніміздің, сол шақта білгеніміздің жақсы жақтарын айтсақ, ...

Жалғасы »

Елдікті қозғаған екі еңбек

Белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанұлының екі кітабы Алматыдағы саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық бағыттағы әдебиеттер баспаларынан шықты. Оның бірі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы, «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша ...

Жалғасы »

Әбіштану кабинеті ашылды

Руханият Ақтөбе гуманитарлық колледжінде  Әбіш Кекілбаев атындағы оқу кабинеті ашылды.  Мақсат —  халық жазушысының өмірін, әдеби мұраларын насихаттау. Әбіштану кабинетінің ашылу салтанатына арналып «Туған жер — киесі, дархан дарын — иесі» атты әдеби кеш өтті.  Шарада колледж директоры Е.Нұрғалиев жазушының мол мұрасы кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас қазына екенін айтып, оқушылар мен ұжымды құттықтады. Бұл оқу кабинетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу-әдістемелік ...

Жалғасы »

Көрменің ашылуына 17 мемлекет пен үкімет басшысы қатысады

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне 17 мемлекет пен үкімет басшысы қатысады. Оған дейін Шанxай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті өтеді. — Шанxай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысында бірқатар құжаттар қабылданады. Ұйымға кіретін елдердің президенттері Астана декларациясын рәсімдейді. Сондай-ақ, терроризм мен экстремизмге қарсы Шанxай ынтымақтастық ұйымының конвенциясы қабылданады. Ал отырыстың бағдарламасына келер болсақ, 8 маусым күні шетелдік делегацияларға ...

Жалғасы »