Басты бет » Author Archives: admin (page 20)

Author Archives: admin

И.Білтабанов көшесі

Есте қалар есімдер Ақтөбе қаласының Мәскеу ауданындағы ескі көшенің бірі — Иманғали Білтабанов көшесі. Ілгеріде бұл көше Веерная аталған. Оренбург-Ташкент теміржол құрылысын салуға Мәскеуден келген теміржолшылар осы аймаққа қоныстанып, кейін аудан «Москва» аталып кетеді. Еліміз тәуелсіздік алған тұста бұл аудандағы көшелердің атауы өзгерді. Веерная көшесіне  Кеңес Одағының Батыры Иманғали Білтабановтың есімі беріледі. Иманғали Білтабанов Қобда ауданы Қосөткел ауылында туған. 1943 ...

Жалғасы »

Рухани жаңғыру жолы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков 8 күн қатарынан түрлі факультеттер студенттеріне дәріс оқыды. Дәрістер «Экономикалық бәсекелестікті дамытудағы жастардың рөлі»,  «Ұлттық сананы жаңғыртудың тамыры төл тарихымыздан нәр алады», «Болашақ ұстаз болмысы», «Ағылшын тілін үйрену — бүгінгі күннің талабы»,  «Білімді студент — білікті маман», «Туған жер — ...

Жалғасы »

Медициналық қызметтің сапасы қандай?

Тұрақты комиссия Облыстық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, департамент басшылары, қоғамдық кеңес пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиында облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық, фармацевтикалық қызметтердің сапасы және дәрі бағасына қатысты мәселе көтерілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев медициналық көмектің қолжетімділігін, сапасын арттыру және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды ...

Жалғасы »

Барлық ауданда дін істерімен айналысатын орталық ашылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барлық ауданда дін істерімен айналысатын орталық ашуды тапсырды. Өңір басшысы Бердібек Машбекұлы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижесі қаралды. Отырысқа қатысушылар аймақта діни ахуалдың тұрақты екенін айтты. Іс-шаралар жоспарына сәйкес, ақпараттық-түсіндіру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған, ...

Жалғасы »

Ғимараттарды мүгедек жандарға бейімдеу керек

Сәрсенбі күні Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалық етуімен қала әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі бойынша кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы, облыстық басқармалар, өндірістік палаталар, қалалық емханалар, жолаушылар тасымалдаушы компаниялар, ірі сауда үйлері, қоғамдық ұйымдар басшылары қатысты. Шара барысында Елбасы Жолдаулары және Үкімет қаулысымен негізделген нақты тапсырмалардың шаһарда қандай дәрежеде орындалып жатқаны, соның ішінде әлеуметтік, көлік инфрақұрылым нысандарының ...

Жалғасы »

Бригада және сәбилер

Деректерге сүйенсек, жыл сайын әлемде 15 миллионнан астам  бала ай-күні толмай өмірге келеді. Олардың ішінде шетінеп кететіндері көп. Дамыған елдер шала туған нәрестелердің 90 пайызын аман алып қалады екен. Біздің елімізде де  сәбилер өлімін азайтудың түрлі жолдары қарастырылған. ШАЛА ТУҒАН СӘБИЛЕРДІҢ 96 ПАЙЫЗЫ ТІРІ ҚАЛАДЫ 1970 жылы бірқатар елдерде, оның ішінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания мемлекеттерінде  аса қауіпті жүктілік кезінде  перинаталдық ...

Жалғасы »

Сақтандыру жүйесінің кәсіпкерге пайдасы қандай?

Келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Жаңа жүйенің ережесін халыққа түсіндіру үшін ақпараттық жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр. Алайда тұрғындар тарапынан сұрақ көп. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев көпшілік көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап береді.  — Жаңа жүйенің енгізілетінінен жұртшылық хабардар. Бірақ түсінбейтін тұсымыз көп. Неліктен  жұмыс беруші  сақтандыру жүйесіне ...

Жалғасы »

Елордадағы жәрмеңкеге Ақтөбеден 300 тонна өнім жөнелтілді

17-18 маусым күндері Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде Ақтөбе облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Елордадағы жәрмеңкеге облыстан 300 тонна өнім жөнелтілді. — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезеңінде облыстан 1800 тонна өнім жеткізілу керек. Соның 1200 тоннасын осындай жәрмеңке түрінде ұйымдастырылатын шараға жеткіземіз. Облыстағы тауар өндірушілердің қатысуымен 17-18 маусым күндері Астанада алғашқы жәрмеңкені ...

Жалғасы »

Бағыт — жасыл белдеуді молайту

Брифинг Табиғат тазалығы, жұтар ауа мен ішер судың мәселесі күн тәртібінде бекем тұрған бүгінгі сәтте айналаны көгалдандырудың маңызы зор. Облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұл «Ақтөбе ақпарат» орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бетпе-бет әңгімесінде осы жайға көбірек назар аударды. Ақтөбенің басты экологиялық проблемалары қатарында атмосфералық ауаның ластануы, қалдықтарды басқару мәселесі мен көгалдандырудың жеткіліксіздігі алдыңғы қатарда ...

Жалғасы »

Театр маусымы аяқталды

 Т.Ахтанов атындағы драма театрдың орыс труппасы өзінің 52-ші, қазақ труппасы 25-ші, «Екі езу» труппасы 19-шы  театр маусымдарын аяқтады. 13 маусым күні «Екі езу» труппасы 19-шы театр маусымын «Командос» (Авторы Н.Жұбатқан)  комедиясымен жапты. Қойылымнан кейін Ахтанов театрының директоры жыл қорытындысы бойынша Гүлзат Ермағанбетованы «Үздік актриса», Құралбек Құрманғалиевті «Ертегі үздігі» номинацияларымен марапаттап, ақшалай сыйақы тапсырды. 14 маусым күні орыс труппасы театр маусымының ...

Жалғасы »