Басты бет » Author Archives: admin (page 1746)

Author Archives: admin

Бұқара

Ниет Құрбан айтпен қатар келген қуаныш «Құлтас баба» мешітінің имамы Мейрамбек Құрманалин Құрбан айт мерекесі қарсаңында Белқопа орта мектебіне келіп, оқушылармен кездесіп, имандылық, адамгершілік тақырыбында әңгіме өрбітті. Айт меркесінің мән-мағынасын жан-жақты түсіндірді. — Құрбан айт — мұсылмандардың ұлық мерекесі. Дүйім мұсылмен баласы пайғамбарлардың ісін жаңғыртып, Алла жолында құрбандық шалу арқылы бір-бірін дінге беріктік танытуға шақырады. Құрбандық шалуға жағдайы жоқ кісілерге ...

Жалғасы »

Абайла, пойыз келеді!

Темір жол бойында болатын түрлі қайғылы жағдайларға жол бермеу көліктегі прокуратура, басқа да құқық қорғау, өкілетті органдар үшін маңызды жұмыс болып табылады. Өкінішке орай, жүргізіліп отырған профилактикалық шараларға, қадағалауға қарамастан, темір жол бойындағы ауыр оқиғалар, оның ішінде адам өлімі жыл сайын артып отыр. Мұндай ауыр жағдайларға жол бермеу үшін прокуратура тарапынан қадағалау өкілеттігінің барлық мүмкіндігі пайдаланылуда. Еңбек ұжымдарында, оқу орындарында ...

Жалғасы »

Әбіш

«Молодая гвардия» баспасынан шыққан «Дала балладалары» кітабына жазылған алғы сөзден Ол өзінің шығармаларында атақты тарихи тұлғалар есімін саудаға салмайды. Ол өз халқының өткен тұрмысын әспеттеу, әйтпесе мансұқ ету секілді мінезден де аулақ. Адам өмірінің әлеуметтік сыр-сипаттарын философиялық, психологиялық тұрғыдан терең көрсетуі бұл повестердің шыншылдық қасиетін ерекше көтере түскен. Әбдіжәміл НҰРПЕЙІСОВ. «Аңыздың ақыры» романы туралы Талантты қазақ прозаигі Әбіш Кекілбаев мифологиялық ...

Жалғасы »

Яго, Ленин, Григорий…

Мағзұм Бақытжанов сомдаған образдар көрермендердің айызын қандырады Ардақ Қонақбаева, «Ақтөбе» Осыдан 15 жыл бұрын Ақтөбедегі  ашылғанына не бары екі-ақ жыл болған жас қазақ драма театрына бас режиссер болып Мағзұм Сәпиұлы Бақытжанов келді. Бүгінде жұрт оны бір көргенде жазбай таниды, білмейтіндер жоқтың қасы. Т.Ахтанов атындағы драма театрдың жұмысын былай қойғанда, Ақтөбеде республикалық, облыстық, қалалық деңгейде өтіп жатқан шаралардың басы-қасында жүреді.  «Келбеті ...

Жалғасы »

Біршоғыр ма, Бершүгір ме?

Редакцияға хат келген еді «Ақтөбе» газетінің биылғы жылғы 5 қарашадағы №134-135 санындағы «Бұқара» бетінде «Біршоғыр» емес, «Бершүгір» деген хат жарияланған болатын. Онда Шалқар ауданындағы Бершүгір стансасының атауы орынсыз қателіктерге байланысты Біршоғыр болып өзгергеніне наразылық білдірілген-ді. Хат авторы Шахи Аманшин келіп зерттеймін дегендерге көмектесе алатындарын жазған.  Бардық. Көрдік. Сөйлестік. Әділетсіздікке төзбеген ауыл ақсақалдары Шахи Аманшин, Ыбырай Темірбаев, Тәпен Исмаилов және басқа ...

Жалғасы »

Балдырған

Күнделік Екі дүние есігін аштық Киелі Түркістан жеріне — Мағжан ақын айтқан  «Екі дүние есігіне» туған ұямыздан 19 бала 4 ұстазымызбен 3 күндік экскурсияға шықтық. Экскурсиямыздың мақсаты — «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша киелі жердегі бабалар кесенесінің тарихымен танысу және Құран бағыштап тағзым ету. 4.11.2009 жыл. №24 Ақтөбе-Алматы жүйрік пойызының 14-вагонына ұстаздарымызбен бірге жолсерік көрсеткен орындарымызға жайғастық. Пойыз үстінде Ақтөбе қаласындағы ...

Жалғасы »

Блютус. Ол қандай технология?

Блютус («Bluetooth»). Бұл сөз қазіргі заманның мобильді әр адамына таныс. Ұялы телефонның өзге функцияларын дұрыс пайдалана алмайтын адамның өзі келесі адамның қалтафонынан қажет ақпаратты (фото немесе музыка) осы «вluetooth» арқылы өзіне көшіріп алуды тез әрі тәп-тәуір меңгеріп алады. Өте қарапайым. Әрі арзан, ол үшін бірліктерің де кетпейді. Сондықтан да жаңадан мобильді телефон сатып алатын адам оның блютусы болғанын тәуір көреді. ...

Жалғасы »

Биліктің бір тұлғасы — Сарышоңай би

Газетіміздің биылғы жылғы 28 тамыздағы санында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сабыржан Мұхтаровтың «Сарышоңай би және оның  ұрпақтары» атты мақаласы жарық көрген болатын. Автор мақаласы «Мақсат — аталмыш  тұлғаларға көпшіліктің, әсіресе, тарихшы ғалымдардың назарын  аудару» деп аяқталған-ды. Міне, редакциямызға Орал қаласынан Сарышоңай Алыбайұлы туралы көлемді мақала келіп түсті. Материалды сәл қысқартумен жариялауды жөн көрдік. Сарышоңай Алыбайұлы ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ...

Жалғасы »

Сымбатты болғыңыз келсе…

Әлемге әйгілі йога жаттығулары денсаулықты жақсартып қана қоймай, сымбаттың дұрыс түзелуіне де үлкен әсер етеді. Йоганың жаттығулары белдегі артық майларды кетіре отырып, оның иекемділігін арттырып, қан айналымын жақсартады. Егер өзіңізді үнемі сергек сезінгіңіз келсе, төмендегі жаттығуларды жасаңыз. Тікағаш Жерге шалқалап жатып, екі аяқты бүкпей тік көтереді. Кейін екі қолмен  белді сүйеп, шынтақпен жерді тірейді де, белмен қоса екі аяқты тік ...

Жалғасы »

Сақ болыңыз: алаяқтар! «Өз үйім — өлең төсегім» деген бар. Халықтың даладан қалаға бет алған қазіргі заманында күнделікті наны мен сүтін айырып отыруға мүмкіндік беретін жұмыс іздеп, Ақтөбеге келгендердің көпшілігі баспанасыз жүр. Ауылдағы бірнеше ірі қарасы мен жандығын сатып, жиған-тергенін шүберекке түйіп, халық арасында «үкіметтің үйі» аталатын пәтерге ақшасын жеткізе алмай жүргендер аз емес. Осыдан бірнеше жыл бұрынғы әрбір аялдамада ...

Жалғасы »