Басты бет » Author Archives: admin (page 10)

Author Archives: admin

Университеттегі жылы жүздесу

Байланыс және бұқаралық  ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті маркетинг орталығы және баспасөз қызметі бөлімінің ұйымдастыруымен «Бұқаралық ақпарат құралдарының білім беру саласын дамытудағы рөлі» атты шара ұйымдастырылды.  Бұл жиынға университет басшылығы, «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС, «Қазақстан» РТРК АҚ облыстық филиалы, «РикаТВ» телекомпаниясының өкілдері, БАҚ өкілдері және университеттің филология, педагогика факультетінің профессор-оқытушылары құрамы қатысты. Журналистермен өткен жиында университет ...

Жалғасы »

Облыстық соттың төрағасы журналистерді құттықтады

Облыстық сот ғимаратында Байланыс және бұқаралық  ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орайластырылып өткізілген шарада облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өз ұжымындағы жаңалықтар мен жетістіктер туралы кеңінен баяндап берді. Қазіргі уақытта мұнда заманауи озық ақпараттық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Олардың қатарында «Төрелік» жүйесі, сот жүйесінің интернет-ресурсы, «Сот шақыруы», «Сот құжаттарымен танысу», «SMS-хабарлау», аудиобейне тіркеу жүйесі, басқа соттармен байланысты ...

Жалғасы »

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті

Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті. Құрылтайға 800 адам қатысты, олардың 350-і — шетелдерден келген қазақтар. Құрылтайға шетелдік қандастарымыз алты құрлықтың әр түкпірінен, 39 мемлекеттен жиналды. Барлық делегаттар мен қонақтардың 80 пайызы Дүниежүзі қазақтары Құрылтайына тұңғыш рет қатысып отыр. Құрылтайға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. — Қайда жүрсе де қазақтың тарихи отаны біреу-ақ. Ол — Қазақстан. Атамекеніміз жалғыз, ол ...

Жалғасы »

Жаңадан тағайындалған төрағалар мен судьялар таныстырылды

Облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай Мұғалжар аудандық сотында болып, жұртшылықпен, аудан активімен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен №2 Мұғалжар аудандық сотының төрағасы қызметіне жаңадан тағайындалған Аслан Мұқановты таныстырды. Ол еңбек жолын Мұғалжар аудандық сотының судьясы қызметінен бастаған, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьясы және төрағасы қызметтерін атқарған. Мұратғали Әкетай №2 Мұғалжар аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған Алтынбек Сабыровтың ...

Жалғасы »

«Туған жерім — нұрлы елім!» акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы Ойыл ауданының күндерінің бағдарламасы

30 маусым 2017 жыл 11.00 — Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік жерлестерге «Асар» қолдау акциясы (Қурайлы ауылы).   19.00 — Т.Ахтанов атындағы драма театрында Ойыл халық театрының Н.Птушинаның «Свет» әңгімесінің желісі бойынша «Жарық дүние» қойылымы және «Ойылым менің — ойдағы елім!» атты мерекелік концерттік бағдарламасы.   1 шілде 2017 жыл 9.00 — «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі. — ...

Жалғасы »

1 шілдеден бастап міндетті әлеуметік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі

31 маусымға дейін тұрғындар емханаларға тіркеліп болуы тиіс. Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап жұмыс беруші мен өзін-өзі қамтып отырған тұрғындар медициналық сақтандыру қорына салым аударып тұруы қажет. Ал 2019 жылы жұмысшының өзі салым сомасын қорға аудара бастайды. Дүйсенбі күні Ақтөбе қаласы әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен өткен жиында осы мәселелер сөз болып, жарнаның мөлшері айтылды.  Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне үш күн ...

Жалғасы »

Ұлыбританияға жолдама алды

Облыстық білім басқармасының атсалысуымен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Ұлттық зияткерлік меншік институты ұйымдастырған көлік саласындағы үздік жоба байқауының іріктеу кезеңі өткен болатын. Байқау оқушы балалар арасында ұйымдастырылып отыр. Іріктеу кезеңіне ағылшын тілін және физика пәнін терең меңгерген, техникалық шығармашылыққа бейім 8 оқушы қатысып, төртеуі жоғары нәтиже көрсеткен еді. Олар — дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының, Ақтөбедегі №21 мектеп-гимназияның оқушылары. ...

Жалғасы »

«Нұрлы жол» — әлемдік өлшемдермен өмір сүрудің формуласы

Мемлекеттік бағдарлама Елбасы  2015  жылдың басында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын ұсынғаны мәлім. Содан бері  екі жылдан асып барады. Тұсауын Мемлекет басшысының өзі кескен «Нұрлы жолдың» бірінші кезекте ел өңірлеріне тигізген тиімділігіне ешқандай баға жетпейді. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Бағлан Баймағамбетовпен біздің әңгімеміз осы бағытта өрбіді.   — Көлік және жол саласының тәжірибелі ұйымдастырушыларының бірі ...

Жалғасы »

Елбасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады. «Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрам күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Ежелден исламға тән құндылықтар — бейбітсүйгіштік, жанашырлық пен бауырмалдықтың терең мән-мағынасы осы шуақты күндерде айқын сезіледі. Ораза айтта шын жүректен ақ тілек айтылып, әр адам адами қарым-қатынастың жылылығы мен айналасындағылардың қамқорлығын сезіну ...

Жалғасы »

Ақтөбе мен Жамбыл арасындағы байланыс беки түсті

Өңіраралық кооперацияны дамыту мақсатында 23-24 маусымда Жамбылда Ақтөбе облысының күндері өтті. Тараз қаласында екі өңірдің жергілікті билік өкілдері мен іскер азаматтары тәжірибе алмасып, өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.  Бес бағыт бойынша байланыс орнады Облысымыздың Жамбыл облысындағы күндері аясындағы шаралар бес бағыт, яғни ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім, мәдениет, спорт салалары бойынша жалғасын тапты. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев бастаған ақтөбелік  делегацияны тараздықтар  ...

Жалғасы »