Басты бет » Author Archives: admin

Author Archives: admin

Ақтөбе мен Нөкістің арасы жақындай түсті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған Ақтөбе облысының делегациясы Өзбекстандағы Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нөкіс қаласына барды. Мақсат — өзбек еліндегі қандастарымыздың  басым көпшілігі тұратын шаһардың әлеуетімен танысып, бұрыннан бар тарихи байланысты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту. Бұндай сапар еліміз Тәуелсіздік алғалы Қарақалпақ еліне алғаш рет жасалып отыр. Достықтың тіні Биылғы жыл елімізде «Өзбекстанның Қазақстандағы жылы» болып  жарияланды. Бұл бауырлас елдердің ...

Жалғасы »

Ырыс басы — ынтымақ

Ілгеріректе халқымыздың атақты жазушысы Әбіш Кекілбаевтың Сирияға барған сапарынан жазған тамаша естелігін оқып, сүттей ұйыған елдің тірлігіне кәдімгідей сүйсінген едім. Терең тарихты елдің өткені мен сол тұстағы тіршілігін қаламгер мөлдіретіп суреттеген болатын. Иланым, сенімі  әртүрлі болғанмен, түрлі ұлттың өкілдері, әсіресе мұсылман жолын ұстанған халықтың  татулығында селкем жоқ еді. Соның арқасында елдің дамыған экономикасы мен мәдениеті, тереңде жатқан тарихы әлемнің түкпір-түкпірінен ...

Жалғасы »

Жаңа заңды Ұлттық экономика вице-министрі түсіндірді

Кеше «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің төрағалық етуімен «Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік реттелуін жетілдіру» деген тақырыпта жиын өтті. Отырысқа атқарушы органдардың өкілдері, прокуратура қызметкерлері, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бірнеше өңірдің бизнес-қауымдастықтың мамандары қатысты. Жуырда ғана Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ...

Жалғасы »

Жалған ұрандар жарға жығады

Бүгінде интернет пен әлеуметтік желілер өмірдің ажырамас бір бөлшегіне айналды. Әрине, заман жетістігінен, заман талабынан қалмау, әсіресе, жастар үшін маңызды екенін түсінеміз. Дегенмен, сол интернет пен әлеуметтік желілердің көлеңкелі жақтары да барын әлі оң-солын танып үлгермеген жастарымызға жиі айтып, түсіндіріп отыру өте қажет-ақ. Жуырда ғана еліміздің Бас прокуратурасы «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының әлеуметтік желіде арандату хабарламаларын таратқанын анықтап, қазақстандықтарды ...

Жалғасы »

Ант қабылдады, алғыс хат алды

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының 20 жылдығын атап өту қарсаңында  Ақтөбе қалалық әкімдігінде әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған екі мемлекеттік қызметшінің ант қабылдау рәсімі өтті. Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Бұл жолы антты Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Лаура Мажиева мен Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы ...

Жалғасы »

Тыныштық пен тұрақтылық — басты құндылық

Қазір барлық адамзат баласының тілегені — бейбітшілік пен тыныштық, ауызбіршілік пен ынтымақтастық. Себебі мемлекетіміздің болашағы, онда өмір сүріп жатқан әрбір ұрпақтың келешегі осындай ұлы ұғымдарға тікелей байланысты. «Бірлік бар жерде тірлік бар». Ауызбіршілігі жоқ елде ешуақытта береке мен ынтымақ орнамайды, нәтижелі көрсеткіш те, көрініс те болмайды. «Бақыт, қайда барасың?», — дейтін аңыз бар ғой. Сонда Бақыт: «Ынтымақты үйге барамын, бейбіт ...

Жалғасы »

Дін тақырыбында дәріс оқылды

Облыстық «Руханият» музейінде «Қоғамдық сананың ашықтығы және экстремизм мен терроризм мәселелері» тақырыбында дәріс оқылды. Бұл — «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ұйымдастырылған шара.  Дәріс сабағы музейдің экспозициялық залында өткізілді. «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ауқымды жобасы шеңберінде өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу,  діни экстремизмді болдырмау,  мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіру мақсатында өткен дәріс сабағында музей директоры Қыдырғали Ермұқан аталған ...

Жалғасы »

Төрт күн: 3858 адам және 72 шара

Облыста қайта жалғасын тапқан «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асырушы ақпараттық топ мүшелері өз жұмысын Ақтөбе қаласынан бастады. Жоба аясында дін істері, білім, мәдениет және спорт басқармаларының, «Аңсар» орталығы мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы өкілдігінің қызметкерлерінен құралған топ мүшелері, яғни барлығы 31 маман бүгінгі күні халыққа түсіндіру-насихаттау жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Аңсар» орталығының өкілдері мен республикалық және жергілікті діни  басқармалардың ...

Жалғасы »

Полиция қызметінің тиімділігі артады

Ақтөбеде құқықбұзушылық пен жемқорлықтың алдын алу бағытында қандай шаралар атқарылып жатыр? Жергілікті полиция қызметіне халық қандай баға береді? Қондырылған бейнебақылау камералары қылмыс ашуда қаншалықты пайдалы? Депутаттарды толғандырған осы және өзге де сұрақтар «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен кезекті фракция отырысында талқыланған басты мәселелердің бірі болды. Фракция жетекшісі Амангелді Есіркепов жүргізген отырысқа фракция мүшелерінен өзге, құқық қорғау органдарының өкілдері, партия ...

Жалғасы »

Кешенді тексеріс: 335 дерек тіркелді

Облыстағы ірі кәсіпорындарды кешенді тексеру олардың өндірістік жүктемесін реттеуге септігін тигізеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың инвестициялық климатты жақсарту, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау және өнеркәсіптік кәсіпорындарға қолдау көрсету мақсатында тексерулерді кешенді жүргізу тапсырмасының қолайлылығын кәсіпкерлер растап отыр.«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ ғимаратында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалығымен бірінші жартыжылдықта жасалған жұмыстар қорытындыланып, екінші жартыжылдыққа жоспар жасалған көшпелі кеңес өткізілді. Оған облыстың ірі өнеркәсіп ...

Жалғасы »