Негізгі

Шәмшімен әскерде бірге болғанмын

Әбдіразақ Біртаев:

Шәмші туралы көп айтылып та, жазылып та жатыр. Сонда да болса оқырман қауым  Шәмші туралы жаңа деректерге ықыласпен үңіледі. «Әйтеке би ауданында Шәмшімен әскерде бірге болған кісі бар екен» дегенді ести сала, біз де сол адаммен жолығуға асықтық. Аудандық мәдениет үйінің директоры Серік Сағынбаевтың бастауымен  Комсомол селосында тұратын сексеннің үстіндегі ақсақал  Әбдіразақ Біртаевтың [...]

МАРАФОННЫҢ МАҚТАНЫШТАРЫ

«Ауылдың гүлденуі  —  Қазақстанның  гүлденуі»  атты   жастар  марафон-эстафетасы   қарқындылығымен  ерекше  көзге  түсті.  Бұл  шараға  қаламыздың  №31  қазақ  орта  мектебінің  8 «ә»  сыныбының  оқушылары  да  белсене  араласты.  Олар «Мега Ақтөбе», «Мега Шығыс» мекемелері аймағын  лас  қоқыстардан тазартып,  қаламыздың  экологиялық  тұрғыдан  таза  болуына  зор  үлестерін    қосты. Сонымен қатар отряд мүшелері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Жазғы   демалыс  мезгілін  еңбек  [...]

ЮВЕНАЛДЫҚ СОТ: МҮДДЕ МЕН МІНДЕТ

Қазақстандық отбасылардың бірінде тәрбиеленіп жатқан Әлішер мектептегі кейбір күрделі мәселелердің шешімін отбасы немесе мектеп қабырғасынан таба алмай дал болады. Алғашында бір-екі сабақтан қашып, кейін тіпті білім ордасының маңына жоламай кетеді. Ақыр аяғында бұның соңы жастайынан көшеден тапқанын ішіп-жеп жүрген жетім Маратпен кездестіреді. Қайыр сұрап, ұсақ-түйек ұрлықпен айналысады. Бір күні зейнетақысын қолына алып, дүкенге бет алған [...]

ЖҮРЕК АУРУЫ ЖАСАРЫП БАРАДЫ

Ілгеріде елімізде онкологиялық және құрт ауруы алдыңғы орында тұрса, қазір жүрек-қан тамыр ауруы бірінші орынды алады. Бүгінде әрбір оныншы адам осы дертке шалдыққан.
Сонымен…
Күйзеліс ауруға шалдықтырады
Жүрек-қан тамыр ауруларының холестериннен пайда болатыны рас-ақ. Дегенмен,  ілгеріде ата-бабаларымыз холестеринге бай семіз малдың майлы етін жеп, қымыз бен шұбат ішкен. Алайда оларды жүрек ауруынан үздіксіз қозғалыс пен тынымсыз [...]

ТАМЫРЛАР МЕН ТАРАУЛАР

Қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің еңбектеріне, шеберлігіне тәнті болғандар: «Сурет салуды қайдан үйрендің?» — деп сұраса, ол кісі: «Қошқардың мүйізінен, әжемнің киізінен, туған жердің тауларынан үйрендім» — деп жауап қатады екен.
Даланың ғана шәкірті болған, өзінің әр туындысымен Даланың даналығын паш еткен Әбілхан ағамыз Қазақстан суретшілерінің ұлттық рухты, ұлттық құндылықтарды ту еткен тұтас бір [...]

Бүлдіршіндерге — ән жинағы

Жас ұрпақты тәрбиелеуде музыканың, соның ішінде ән жанрының орны ерекше. Балабақшаларға, мектептерге ән сабағына арналған жақсы оқулықтар қажет-ақ. Осы орайда селт еткізер бір жаңалық — «Рахмет саған, Отаным» деген атпен композитор Мейрамгүл Жаманқұлованың балаларға арналған әндер жинағы жарық көріп отыр.
Мейрамгүл Жаманқұлова — Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. [...]

БУЫНДАРДЫ БРУЦЕЛЛЕЗ ЗАҚЫМДАЙДЫ

Бруцеллез — буындарды, репродукциялық органдарды және жүйке жүйесін зақымдайтын аса қауіпті инфекциялық ауру. Ол кейде адамды мүгедектікке душар етуі мүмкін.
Бруцеллезге шалдығушылардың 80 пайызы оңтүстік аймақта тіркелген. Мәселен, бұл Жамбыл облысында 39,6 пайыз болса, Оңтүстік Қазақстанда — 28,4, Алматыда — 27,8, Қызылорда облысында 20 пайызды көрсетеді. Ал біздің облыста бұл көрсеткіш — 27,5 пайыз.
Ауру малдан таралады. [...]

«Даму» жаңа бағдарлама ұсынады

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры аудандардағы, ауылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне бухгалтерлік қызмет және кеңес беру бағытында жаңа бағдарлама ұсынып отыр.
Кәсіпкердің жұмысы жақсы жүру үшін ақша айналымын үнемі бақылауда ұстап, кіріс-шығысты бақылап отыруы өте маңызды екені белгілі.
Өкінішке қарай, қазір шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілері, оның ішінде ауылдық жерлердегі кәсіпкерлердің басым бөлігі өз кәсіпорнының бухгалтерлік [...]

Шәмші туған күн

Өткен сенбіде ел-жұртын әнге бөлеген әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың сексен жылдық мерейтойына орай   Қобда ауданындағы Әлия Молдағұлова музейінде «Ән аға – Шәмші аға» атты облыстық конкурс ұйымдастырылды. Байқаудың соңы келесі күні Қарғалы ауданының Шәмші ауылындағы   қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналған мерекелік шараға ұласты. Қонақтарды Қарғалы аудандық Мәдениет үйінің, Желтау ауылдық округінің [...]

ҚАБЫЛДАНДЫ, БИЛЕТ ТАПСЫРЫЛДЫ

Жұма күні қаладағы халыққа қызмет көрсету орталығының 20 қызметкері «Нұр Отан» партиясының қатарына өтті.
Жиында партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі  Аманкелді Мектепбаев қызметкерлерді мүшелікке өтуімен құттықтап, партия билетін тапсырды. Сондай-ақ жарғымен таныстырып, бүгінгі күні «Нұр Отанның» арқалар жүгінің ауыр екенін айтты. Жалпы, бұл күні орталықтың облыс бойынша 148 қызметкері партия қатарына қабылданды. [...]