САЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН САБАСЫНА ТҮСІРДІ
Тәртіптік кеңес
Нұрмұханбет ДИЯРОВ,
«Ақтөбе»
Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның талаптарын бұзғаны үшін он іс қаралды. Оның ішінде салық қызметкерлерінің қызмет бабындағы заң аясына сыймайтын әрекеттері қатаң талқыға түсті.
Ақтөбе қаласының тұрғыны М. Қоқанова 2004 жылы «№31 балалар бақшасын» сатып алып, арада бес ай өткенде жиырма есе бағасына сатады. Ол осы аралықтағы тапқан [...]











