ДЕПУТАТ ТҰРҒЫНДАРДЫ ТЫҢДАДЫ
Қоғамдық қабылдау
Өткен жұмада «Нұр Отан» ХДП облыстық ғимаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марал Итеғұлов қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініштерін тыңдады, мәселелерге зер салды.
Мұңын шаққан Нұрила Шынғалиева Әйтеке би ауданынан келген ІІ топтағы мүгедек қайнысының дәрігер бақылауында тұруы үшін тұрғылықты мекен-жайға тіркелуіне көмектесуді сұрады және ІІІ топтағы мүгедек баласы барын, өздері он шақты адам [...]












