Ата заң және біз
Нұрболат Жанаманов, күйші, қазанғаптанушы:
— Егемендіктің арқасында жеке кәсіпкерлікпен айналысып, домбырамды да қолымнан тастаған емеспін. Қазір Шалқардағы Қазанғап атындағы саз мектебінде домбыра класының балаларына дәріс берем. Әрі 2003 жылдан бері «Сары Шоқы» шаруа қожалығын ұйымдастырып отырмын, жұмысшыларым бар. Әрине, адам құқықтары да, еңбек тәртібі де заңмен қорғалады. Негізі, шаруашылықта еңбек етсең, шығармашылықпен еркін айналысасың. [...]













