Негізгі

25 оқушының қуанышы

Өткен жұмада №39 Ақтөбе орта мектебінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұжымының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Жаңа оқу жылына орай ұйымдастырылған акцияның негізгі мақсаты — аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету. Акцияда 7 және 15 жас аралығындағы 25 оқушыға мектеп киімдері мен кеңсе тауарлары үлестірілді. Шараның табысты өтуіне мамандандырылған емдеу-алдын алу кәсіпорны, [...]

Қамқорлығы мол компания

Осыдан үш жыл бұрын Байғанин ауданының Жарқамыс ауылына газ келіп, тұрғындар мәре-сәре болған еді. Бұл күнде көгілдір отынның рахатын көріп отырған жарқамыстықтар «Қазақтүрікмұнай ЛТД» ЖШС-на дән риза. Өйткені ауылға газ тартудың барлық шығындарын мойнына алған осы серіктестік еді.
— «Қазақтүрікмұнай ЛТД» ЖШС Байғанин ауданындағы Лақтыбай және Қаратөбе кенішінде мұнай өндіреді, — дейді серіктестіктің өндірістік директоры Ержан [...]

Самат Смақов рухымызды көтерді.

Біз Еуропаға өзімізді таныттық
26 тамызда сүйікті командамыз «Ақтөбе» футболдың майын ішкен Голландияның «Алкмаар» («АZ») командасын 2:1 есебімен жеңді. Бұл жеңіс бізді Еуропаның үздік командаларының топтық бәсекесіне қоса алмады. Бірақ тұрғындарының кез келгені допты ұршықша айналдыратын еуропалық стандарттағы елдің бас командасымен сырт алаңда 0:2 есебімен ғана ұтылып, өз алаңымызда 2:1 қылып еркін ұтуымыздың өзі таңғаларлық жағдай [...]

[ Толығырақ ] 2 Қыркүйек, 2010 | Пікір жоқ | Спорт

Жәрмеңке және баға

Өткен сенбіде «Табыс» коммуналдық базарында облыстық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге аудандардан және қала маңынан тоқсаннан аса  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен жеке кәсіпкерлер қатысты.
Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған облыстық жәрмеңкеге жұртшылық ерекше ықылас танытты. Таңертеңнен базар маңына жиналған халық түс ауғанға дейін тарқамады. Әсіресе, тұрғындар ауылдан келген өнімдерді әп-сәтте алып кетті. Мәселен, Алға [...]

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді егемен еліміздің мемлекеттік мерекесі — Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздер, қазақстандықтар, осыдан он бес жыл бұрын еліміздің тарихында қоғам дамуын одан әрі жетілдіруге, Отанымызды гүлдендіріп, өркендетуге ұмтылып, өз таңдауымызды жасадық. Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден-бір құжат —Негізгі Заңды бүкілхалықтық референдумда қабылдадық.
Ата Заңымыз мемлекетті жан-жақты дамытудың берік іргетасы, сонымен бірге әлеуметтік [...]

«Ақжайық — ән өлкем» — оралдықтар сыйы

Кеше облыстық Достық үйінде Батыс Қазақстан облысының өнер шеберлерінің ұсынуымен «Ақжайық — ән өлкем» атты әдемі кеш өтті.
Концертке дейін сөйлескенімізде Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония директорының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанатқали Қожақов:
— Ақтөбе өңіріне бұдан бір-екі жыл бұрын Дәулеткерей атындағы оркестрмен келгенбіз. Өткен жылдары «Жұбанов көктемі» фестиваліне Дәулеткерей атындағы оркестрді және орыс халық [...]

Балаларға сыйлықтар таратылды

Кеше облыстық әкімдікте жеке мекемелер мен мемлекеттік органдар өкілдері «Мектепке жол» акциясының аясында аз қамтылған отбасы балаларына сыйлықтар тарту етті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова қатысты.
Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары жиналғандарды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, республикалық акцияның облыста үлкен қолдауға ие болғанын жеткізді. Осы орайда жыл сайын жеке және мемлекеттік [...]

Құнды қағидаттар

Ата заңымызға Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 21 мамырдағы №254 санды Заңымен толықтырулар мен өзгертулер енгізілгені белгілі.
Конституцияда айтылғандай, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Енгізілген соңғы өзгерістер — еліміздің демократиялық мемлекет ретінде орнығуының айқын бір дәлелі. Сонымен [...]

Тәтті фестиваль

Ел экономикасы дамыған сайын, қай саланың болмасын алға басатыны анық. Біздің қаламыздағы мейрамханалар мен қонақүйлер де әлемдік стандарттарға сай қызмет көрсетуге тырысып жатыр. Соның айғағы ретінде жыл сайын мейрамхана қызметкерлерінің арасында  өткізілетін кулинар өнерінің фестивалін айтуға болады.
«Дастан» мейрамханасында өткен кешегі фестивальға қаламыздағы 12 мейрамхананың мамандары  қатысып, шетелден келген мамандармен тәжірибе алмасты. Фестивальдың бірінші [...]

Мемлекеттің өркені мен өрлеуінің негізі

Нұртаза Абдоллаев,
Ақтөбе облысы бойынша 1995 жылғы аймақтық сайлау алқасының төрағасы.

1995 жылғы 30 тамызда Бүкілхалықтық талқыдан өткен, бүгінгі қолданыстағы Ата Заң референдумда мақұлданып, қабылданды.
Жаңа Конституцияны әзірлеу үшін отандық тәжірибелі заң қызметкерелерінің күллі қуаты іске қосылып, қоғамтанудағы сабақтас салалардың білікті мамандары, мемлекет пен құқық саласының танымал майталмандары, білгір сарапшылар тартылды. Басқа мемлекеттердің Конституциялары [...]