Әр сәті қайырлы, әр сәті киелі түн
Жеті қабат аспанның әр қабатында періштелерге арналған ғибадат үйі бар. Бұл үйлер Қағбаның үстінде бір сызықпен орналасқан. Аспанның бірінші қабатындағы үй «Байтүл Изза» аталады. Рамазан айының ішіндегі Қадір түнінде Жәбірейіл періште Алла Тағаланың бұйрығымен оның құзырындағы «Лаухүл Махфуздағы» Құран Кәрімді тұтас күйінде алып, «Байтүл Иззаға» түсірген. «Байтүл Иззаға» тұтас түскен Құран аяттары Мұхаммед [...]









