Негізгі

«Табыс» – ерекше тарту

Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ,
«Ақтөбе»
Ала жаздай жаумаған жаңбыр қаламызды сағынып қалғандай, кейінгі күндері жиі оралып тұр еді. Бірақ өткен сенбі күні  ашық болды. Мереке алдындағы қала халқының көңіл-күйі де сол ауа райындай жадыраңқы. Қала күндегіше сәнденіп, жасанып жатты. Көшелер мен даңғылдар абаттанып, саябақтар гүл кілемдерін төсеп, су бұрқақтары атқылап адамдарды өздеріне серуенге шақырып тұрғандай. Бірақ көпшілік  қала [...]

Стадионның сахна сәні

Мереке күні шеруден тарқаған жұрт шаңқай түсте Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион алаңына жиналды.
Бұл жердегі мерекелік думан қалалық Оқушылар сарайының жас домбырашыларының орындауындағы Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйімен басталды. «Еңлік» бишілер тобы «Тойбастар» биіне билесе, «Сиқырлы кебіс» классикалық би студиясының бишілері аяқтарының ұшымен жүріп, «Би әлемін» ұсынды. «Арлекин» қуыршақ театры қуыршақ жарғанаттарды билетіп, «сөйлетті». [...]

Ортақ келісімге келді

2 қыркүйек күні облыс әкімі Елеусін Сағындықов «Эйр Астана» АҚ әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдады. Бұл қабылдауға Ақтөбе, Астана мен Алматы арасындағы әуе бағыттарын реттеу мәселелері себеп болды.
Кездесу барысында облыс әкімі жолаушыларды Астана-Ақтөбе-Астана, Алматы-Ақтөбе-Алматы бағыттары бойынша тасымалдайтын жалғыз компания – «Эйр Астана» АҚ тарапынан жолаушылар тасымалы ережелер мен нормаларын бұзушылықтың жиі болатындығын [...]

Бүлдіршіндер билеген күн

Конституция күніне арналған мерекелік шара қаладағы Пушкин саябағында да ұйымдастырылды.
Бұл күні саябақта ұйымдастырылған «Нұрын шашты Ата Заң» атты мерекелік бағдарламаны тамашалауға халық көп жиналды. Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы өнерпаздарының орындауындағы концерттік бағдарлама көпшіліктің көңілінен шықты.
- Саябаққа анам екеуіміз келдік. Бұл мерекелік шара Ата Заңымыздың құрметіне орай ұйымдастырылып отыр. Саябақтың іші күндегіден [...]

Ата Заң күні ақшалай сыйлықтар алды

Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Ата Заң – алтын діңгегіміз» атты мерекелік бағдарлама өтті. Ақтөбе қалалық Мәдениет үйі мен қалалық саңыраулар мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен шараға келушілерді қала әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлова құттықтады.
- Айбынды Ата Заңымыздың аяғынан тік тұрғанына да 14 жыл толды. Осы жылдар ішінде еліміз саяси-экономикалық әлеуметтік бағытта көптеген тың жетістіктерге [...]

«Шаңырақ-пирамида» бой көтерді

Өткен сенбі күні қала маңындағы Кірпішті ауылында жастардың «Махаббат тауы» аталып кеткен жерінде үш жүздің ру таңбалары белгіленген «Шаңырақ-Пирамида» ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі болды. Бұл – «Нұрдәулет-Ақтөбе» компаниясының қаланың 140 жылдық мерейтойына арнаған тартуы.
Мерекелік шараға ардагерлермен қатар қаланың құрметті азаматтары, оқушылар, Кірпішті ауылының тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсімде «Нұрдәулет мешіті» қайырымдылық қорының төрағасы Мақсат [...]

Мерекемен қатар келген марапат

Ақтөбе қалалық әкімдігінде Конституциясы күні көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» тапсыру салтанаты өтті. Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы Нұрлан Сүйінбаев қуаныш иелерін қос тоймен құттықтады.
- Ата заңымыздың 14 жылдық мерейтойымен тұспа- тұс келген аналарды марапаттау рәсімін үлкен тойлардың қатарына жатқызуға болады. Бүгінгі «Алтын алқа», «Күміс алқа»  таққалы отырған аналар  келешек ұрпақты [...]

Жаңа мектеп көлік мінді, компьютер алды

Биылғы жаңа оқу жылында Шалқар ауданы Кішіқұм селолық округінің орталығы Шілікті ауылында типтік жобадағы 270 орындық орта мектеп ғимараты пайдалануға берілді.
Білім күні мерекесінде Шілікті ауылының тұрғындары тайлы-таяғымен ауыл ортасында бой көтерген еңселі де сәнді мектеп үйінің алдына жиналды. Бұл күні ұстаздар мен ата-аналардың, оқушылардың, жалпы ауыл адамдарының қуанышында шек болған жоқ. Мерекелік шарада [...]

106 үйдің үміті

Білім күніне байланысты салтанатты шара Ақтөбе қаласындағы №30 қазақ орта мектебінде де өтті. 1-сынып оқушысы Ақбота Бабажан мен 11 «а» сынып оқушысы, «Алтын белгіден» үміткер Әзім Тасқалиев қоңырау соғу рәсімін жасады.
Шараның шымылдығы еліміздің Әнұраны айтылуымен ашылды. Одан соң мектеп директоры Әлия Аяпова балаларды қос мейрам: Конституция және Білім күндерімен құттықтады. Мектеп табалдырығын аттаған [...]

45 маман қосылды

Осы жылы Мұғалжар ауданында 17  мектеп күрделі, 49 мектеп ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтті. Шалғайдағы ауыл мектептері жаһанданудың өкшесін басқан кезең талабына сәйкес мультимедиялық кабинеттермен, интерактивті тақталармен жабдықталды.
Осы жылы Мұғалжар ауданының білім саласы қызметкерлерінің қатары 45 жас маманмен толықты.
Білім күні қарсаңындағы жағымды жаңалық –  Ембі қаласындағы жаңа мектептің ашылуы болды. Іші жарық, кең сынып бөлмелері [...]

[ Толығырақ ] 3 Қыркүйек, 2009 | Пікір жоқ | Білім