Басты бет » Редакция » Жазылу және тарату бөлімі

Жазылу және тарату бөлімі

 

 

 

 

Ағила Тұрмағанбетова

 

19 пікір

  1. Курметти редакция ужымы сиздерден мына олен шумактарын газет бетине жариялауынызды отинем.
    Кыста
    Кысты жаксы коремин,
    Музда коньки тебемин.
    Шанаменен сырганап,
    Конилди боп журемин.
    Идирис Ургенишбаев орта мектеби 1б сынып окушысы Оразгали Айназ Айбаткызы
    Актобе обл. Шалкар каласы, Жамбыл кошеси 32уй

  2. Ташкараева Гүлжайна

    Мына өлең шумағын газет бетіне жариялаңызшы!
    Айтарым оған шалғай күн!

    Махаббат,достық құруға
    Кімде болса тең емес
    Өтірік сезім құруға
    Бес күндік ғашық мен емес
    Сезімді өтірік арбайтын
    Мені қуыршақтай алдайтын
    Әрбір жігіт балаға
    Айтарым оған шалғай күн!
    Ташкараева Гүлжайна Ақтөбе қаласы №13 орта мектебі 9 “В” сынып оқушысы)

  3. Құттыбай Данияр

    Құрметті редакция ,сізден өтініш менің мақаламды газет бетіне жарияланызшы!
    …КӨНЕ СУРЕТ МАҒАН ЫСТЫҚ КӨРІНГЕН
    Ақ батасын алып туған елінен,
    Отан үшін аттанғанда сеніммен.
    Мақтанышпен пір тұтатын бабалар,
    Жүректердің орын алған төрінен.
    Сөз маржаны сіздерге арнап өрілген,
    Көне сурет маған ыстық көрінген.
    ОТАН. ҚАЗАҚСТАН. АТАМЕКЕН. Осы киелі үш сөздің қасиетін жете түсініп,ойға батсам, көз алдыма туған жерім,өскен өлкем келеді. Бабаларымның, аталарымның Отан үшін қан майданға аттанып, жеңіспен елге оралып,оны көркейту мақсатында нелер қиыншылықты бастарынан кешкендері кейінгі ұрпақ, біз үшін үлкен үлгі- өнеге. Екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы кезеңінде фашизм өз қасіретін талай отбасына әкелген. Оны ұмыту, еске алмау мүмкін емес.Біздің отбасылық альбомда Ұлы Отан соғысының ардагері, атамыз Абдуллин Османғали Бисенұлының 1945 жылы өзінің майдандас достарымен түскен суреті бар. Ол 18- жасында Мәскеу қаласы ,Киев аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылған. 1941 жылы әскери борышын өтеп жүрген кезінде қараша айында атқыштар дивизиясының қатарында болып,жаумен айқасуға майдан даласына аттанған. Әскери жорықтарда , тар окоптарда , партизан отрядтарында талай неміс басқыншыларымен бетпе- бет келіп, жаралы болып, әскери госпитальдарда емделген. Подздам, Польша, Украина майдандарында болып, 1945 жылғы жеңіс күнін Одер өзенінің жағасында қарсы алған.
    “Қызыл ту”,”Ұлы Отан соғысы” ордендері,”Берлин үшін шайқас”,”Германияны жеңгені үшін” және жеңіс мерекелеріне арналған төсбелгілер соның айғағы.
    Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталған соң, Берлин қаласында қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев атамыздың Рейхстах төбесіне ілген жеңіс туының суреті жас ұлан біздердің жүректерімізге патриоттық сезім ұялатса, сол қан майданда 1418 күн мен түн бел шешпей от пен оқтың ортасында біздің болашағымыз үшін өмірлерін қиған талай боздақтар мәңгі ұмытылмақ емес.
    Күндер , айлар, жылдар тіпті ғасырлар өтсе де , олар сол жас күйінде өздерінің батырлық, ерлік істерімен есте қалды. Сарғайған суреттерімен әр үйдің төрінде портрет болып ілініп, семьялық альбомдардағы жансыз суреттері кейінгі ұрпақтарына мақтаныш. Менің атам және талай майдангерлер Отанына, Қазақстанға, Атамекеніне ұлы жеңіспен майданнан аман- есен оралды. Ардагер атанды. Бейбіт өмірге араласып өмірдің гүлденуіне зор үлестерін қосып, біздей ұрпақ жалғастырды. Бүгінде атамыздың өмірден озғанына 35 жыл өтсе де, оның бейнесі ұмытылмақ емес. Майдангер аталарымыздың жансыз суреттерін ардақтай отырып,ұлы жеңістің 70 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында сағынышпен еске аламыз. Біз үшін үлкен мақтаныш. Ал әскери билеттері мен жеңіс үшін марапатталған орден медальдары, майдан даласынан бірге оралған әскери жол қапшықтары мен әскери құтылары мұражайлардың төрінен қымбат жәдігер болып орын алды.Сол қиын кезеңдерде жастық жалынымен,ерлік істерімен ұлы жеңіске қол жеткізді. Олардын аттары тарихта, естелік кітаптарында алтын әріппен жазылып қалды.

    Жүрегімнің алған менің төрінен,
    Көне сурет маған ыстық көрінген.
    Құттыбай Данияр,11сынып оқушысы Благодар орта мектебі,Ақтөбе қаласы

  4. Жұмахан Пакизат

    Құрметті редакция ,сіздерден өтініш менің мақаламды газет бетіне жариялаңызшы!
    Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды…
    Біз бақытты жандармыз,себебі Отанымыздың бейбіт аспаны астында дүниеге келдік, ешқашан зеңбіректер мен жаудырған оқтардың, жарылған бомбалардың даусын естіген жоқпыз.Біз аштық пен суықты білмей , өз жақындарымыздың тағдырына алаңдамай өстік.Бізге, бейбіт өмірдегі балаларға, сол бір зұлмат соғыс жылдарындағы ауыртпалықты сезіну мүмкін емес.Сұрапыл сол соғысқа , өз Отанын қорғауға ,жүрегі елім деп соққан әр азамат аттанды.Сондай жандардың бірі менің атам – Қадірқұлов Зайдұлла Сафуанұлы. Ол 1916 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.Атам екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі – Сталинград түбіндегі шайқаста болды.1942 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбіне жетеді. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберіледі.Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынады.1943 жылы Рокоссовскийдің қолбасшылығымен кеңес әскерлері дұшпанның Сталинград түбінде қоршауда қалған тобын жоюға кіріседі.Сол қантөгісте атамның аяғына оқ тиіп, жарақаттанып, госпитальға жіберіледі. Жаралы жауынгер сауыққаннан кейін майданға жарамағандықтан елге оралады.Майдангер ақсақал соғыс салған дерттің зардабын өмірінің аяғына дейін көреді.Денсаулығының жоқтығына қарамастан ел ішінде еңбекке араласып, әуелі аудандық білім бөлімінде, кейін қалалық №2 орта мектепте шаруашылық меңгерушісі болып қызмет етеді.
    Атам – еңбекқор, ақкөңіл, жайдары, қонақжай жан болған.Оның үйі әрдайым алыстан шаршап-шалдығып келетін құдайы қонақтарға толы болатын.Атам мен Әзиза әжем үш ұл,төрт қызына жақсы тәлім-тәрбие берген.Соғыс өртін өз көзімен көріп, жеңіске жетуге өзіндік үлесін қосқан әкесі туралы менің атам Жұмахан отбасында үнемі әңгімелеп ,ерлік істерін мақтан ететін.
    Кейіннен бейбіт өмірде майдангердің екі бірдей ұлының әскери қызмет атқаруына әке ерлігі ықпал еткендей.Қазіргі таңда ата батасын алып бауырына басқан немересінің әскери шендегі қызмет атқаруын қанындағы қайсарлық пен өршілдіктің көрінісі деп білеміз.
    Тылдағы өмір де өте ауыр болды.Ер-азаматтар қанқұйлы соғыста ел үшін жанын берсе, әйелдер мен балалардың иығына ауыр еңбектің жүгі артылды.Соғыс әскерін тамақтандыру, ішім-жеммен қамтамасыз ету, қолдарына қару асындыру керек болды.Соғыс басталғанда менің әжем Сейітжанова Әзиза небары он жеті жаста еді.Ол сол бір ауыр кезеңдерді есіне түсіргенде көздеріне жас алып:”Сол кезде жағдай өте ауыр болды.Таң білінер-білінбестен алагеуімде егістік алқабына баратынбыз.Мұзбел өңірінде тары ектік, оны ордық.Дайын болған өнімдерді майдан алаңына аттандыратын.Қанша шаршап-шалдықсақ та ел басына күн туғанда өз үлесімізді қосқанымыз көңілімізге қуаныш ұялататын.Сөйтіп қажырлы еңбек пен ауызбіршіліктің арқасында біз жеңісті жақындаттық.
    Мен тек қана соғыс азабын тартқан, зұлмат заманның құрбанына ұшыраған өзіме жақын екі жанды ғана әңгімеледім.Ал өмірде ондай адамдар қаншама , ал көбі қазір біздің арамызда жоқ. Бізге осындай жарқын да бейбіт өмірді сыйлаған жандарды ұмытпауымыз керек.Олардың есімдерін ғасырлар бойы келешек ұрпақ мақтанышпен еске алатындай ардақтайық! Өмір бір орнында тұрмайды,сондықтан да біз Отанымыздың тағдыры үшін жауапты екенімізді ұмытпайық!
    Жұмахан Пакизат Русланқызы,№2 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы, Шалқар қаласы.

    • Гульнара

      Хромтау ауданы , Абай ауылының соғыс ардагері , атамыз Нұрғалиев Молдағали туралы.
      1941 жылы 22 мауысымда гитлерлік Германия ҚСРО-ға опасыздық пен шабуыл жасады.Сол күні кенес үкіметті халықты отан қорғауға шақырды.Үкіметтің елге арналған үндеуі :”Біздің ісіміз әділ.Жау талқандалады.Біз жеңіп шығамыз!”-деген сөздермен аяқталды. 1941 жылы жаумен соғысу үшін қазақ азаматтары аттанды. Жауынгерлердің құрамында біздің атамыз Нұрғалиев МС

  5. Гульнара

    Жауынгерлердің құрамында біздің атамыз Нұрғалиев Молдағали да болды. 1941 жылдың 10 маусымында майдан қатарына қосылып, 1945 жылы қазан айының 10 жұлдызында Жеңіспен елге оралды. Соғыс кезінде сол жақ беліне оқ тиіп ,Калинин қаласында екі ай ем алып , майдан қатарына қайтып қосылған. Майдан кезінде Бауыржан Момышұлының қарамағында болған. Жауынгерлік батылдығына сай “Ерлігі үшін ” медалімен, Ұлы Отан соғысының 10,20,30,40,50 жылғы төсбелгілерімен, “Молодой Гвардеец пятилетки”,”Отечественная война II степени”, “70 лет Вооруженный сил СССР”, 1916 жылғы ұлт азаттық соғыстың 60,70,80 жылдығына арналған төсбелгілермен марапатталды. Жеңістің 40 жылдығына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау хатымен марапатталды.1990 жылдың 26 сәуірдегі Қазақстан Президентінің бұйрығымен Ұлы Отан соғысы ардагерінің құрметіне және Жеңістің 45 жылдығына арнап атамызға тұрғын үй салып берді. 1946 жылы 32 жасында әжеміз Айтенқызы Даметкенге үйленіп, 4 ұл мен 3 қызға әке атанып , бейбіт елде бақытты өмір сүрді.Ұзақ жылдар бойы Сухиновка селосында (

  6. Гульнара

    қазіргі Абай ауылы) ауыл шаруашылығы с аласында еңбек етті. Қазір Молдағали атамыздың Төрехан, Болат, Әділхан есімді ұлдары Абай ауылында, Ақзер,Алмагүл есімді қыздары Хромтау қаласында тұрып жатыр. Атай тұрған шанырақта балалары, немерелері тұрып жатыр. 1995 жылы 81 жасында қан майданда қан кешкен халық жауынгері , асыл әке, ардақты атамыз дүниеден өтті.Биыл Жеңістің 70 жылдығына орай атамызды сағынышпен еске алып жатырмыз.Бұл мереке барша Қазақстандықтардын мерекесі деп санаймыз. Осындай бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыз қан майданда жан берген барша жауынгерлердің арқасы деп білеміз .

    (Саламатсыз ба ! Осы мақаланы газет бетіне шығаруынызды сураймыз. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай , атамыз туралы жазып едік)

  7. Гульнара

    Хромтау ауданы , Абай ауылының соғыс ардагері , атамыз Нұрғалиев Молдағали туралы.
    1941 жылы 22 мауысымда гитлерлік Германия ҚСРО-ға опасыздық пен шабуыл жасады.Сол күні кенес үкіметті халықты отан қорғауға шақырды.Үкіметтің елге арналған үндеуі :”Біздің ісіміз әділ.Жау талқандалады.Біз жеңіп шығамыз!”-деген сөздермен аяқталды. 1941 жылы жаумен соғысу үшін қазақ азаматтары аттанды. Жауынгерлердің құрамында біздің атамыз Нұрғалиев Молдағали да болды. 1941 жылдың 10 маусымында майдан қатарына қосылып, 1945 жылы қазан айының 10 жұлдызында Жеңіспен елге оралды. Соғыс кезінде сол жақ беліне оқ тиіп ,Калинин қаласында екі ай ем алып , майдан қатарына қайтып қосылған. Майдан кезінде Бауыржан Момышұлының қарамағында болған. Жауынгерлік батылдығына сай “Ерлігі үшін ” медалімен, Ұлы Отан соғысының 10,20,30,40,50 жылғы төсбелгілерімен, “Молодой Гвардеец пятилетки”,”Отечественная война II степени”, “70 лет Вооруженный сил СССР”, 1916 жылғы ұлт азаттық соғыстың 60,70,80 жылдығына арналған төсбелгілермен марапатталды. Жеңістің 40 жылдығына Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау хатымен марапатталды.1990 жылдың 26 сәуірдегі Қазақстан Президентінің бұйрығымен Ұлы Отан соғысы ардагерінің құрметіне және Жеңістің 45 жылдығына арнап атамызға тұрғын үй салып берді. 1946 жылы 32 жасында әжеміз Айтенқызы Даметкенге үйленіп, 4 ұл мен 3 қызға әке атанып , бейбіт елде бақытты өмір сүрді.Ұзақ жылдар бойы Сухиновка селосында (қазіргі Абай ауылы) ауыл шаруашылығы с аласында еңбек етті. Қазір Молдағали атамыздың Төрехан, Болат, Әділхан есімді ұлдары Абай ауылында, Ақзер,Алмагүл есімді қыздары Хромтау қаласында тұрып жатыр. Атай тұрған шанырақта балалары, немерелері тұрып жатыр. 1995 жылы 81 жасында қан майданда қан кешкен халық жауынгері , асыл әке, ардақты атамыз дүниеден өтті.Биыл Жеңістің 70 жылдығына орай атамызды сағынышпен еске алып жатырмыз.Бұл мереке барша Қазақстандықтардын мерекесі деп санаймыз. Осындай бейбіт елде өмір сүріп жатқанымыз қан майданда жан берген барша жауынгерлердің арқасы деп білеміз .
    (Саламатсыз ба ! Осы мақаланы газет бетіне шығаруынызды сураймыз. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай , атамыз туралы жазып едік)

  8. ГулмираДияшева

    салеметсизбе макала жиберуге бола ма,

  9. Аймұхан Гүлмереке

    Cәлеметсіздер ме?Мен осы Ақтөбе газетіне өз өлеңімді шығарғым келеді.Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған!өтінемін!

    Мұзбалақ Мұқағали

    Қазағымның біртурар азаматы
    Ой салады қазаққа жазған хаты
    Ешқашан өлмейтін ұлы тұлға
    Мұзбалақ деп ел-жұртым қойған атты

    Жаулап алар жырларың Ой-сананы
    Барша халық өзіңнен үлгі алады
    Сан ғасырлар жалғасқан жыр шумағың
    Бүгіннен болашаққа жалғасады

    Елі үшін мәртебесі биік ақын
    Өлеңменен поэзияға жаны жақын
    Із қалдырған тарихқа Мұқағали
    Еске алады үнемі мына халқың

    Жүректі тулатады әр жырларың
    Бір параққа шерткен мұң мен сырларын
    Қиындыққа қарсы тұрып,мойымай
    Көзге ілмей қатал тағдыр сындарын

    Өлеңдерің жаттаулы жүрек төрінде
    Үйреткен әркез мойымай өмір сүруге
    Барша халық еске алып,тойлап жатыр
    Сексен бес жыл туылған күніңізге

    Мұзбалақ Мұқағали пірім менің
    Ізін жалғар ақын болам мына сенің
    Бағасын халық берер шын жүректен
    Сиясы кеппей тұрған осы өлеңнің

    Аймұхан Гүлмереке.Мұғалжар ауданы.Ембі қаласы.№4 мектеп.9 сынып оқушысы

    • Сәлеметсізбе! Өлеңдеріңізді газеттің электронды поштасына (aktobegazeti@mail.ru) балдырған бетіне деп жазып жіберіңіз

  10. Ана
    Қарлығыштай су берген
    Қаршығадай жем берген
    Қалжыраған кезімде
    Қанатымен дем берген
    Аманғосов Әділет
    Шалқар ауданы
    №7 орта мектебінің
    2-сынып оқушысы

  11. Әже

    Менің әжем мейірбан
    Мені жақсы көреді.
    Қажетіне жарасам,
    Жас балаша күледі.
    Едіге Әмина
    Шалқар ауданы
    №7 орта мектебінің
    2-сынып оқушысы

  12. Анашым
    Анам,анам,анашым
    Қамқоршымсың панамсың
    Жүрегімде мәңгілік
    Мейірімді боп қаласың

    Анам менің алтындайсың
    Көкте күндей жарқылдайсың
    Аман болып әрқашанда
    Нұр секілді шалқығайсың
    Мұхамбетқалиев Наурыз
    Шалқар ауданы
    №7 орта мектебінің
    2-сынып оқушысы

  13. Сагындыкова А.Е

    Мамандығым-мақтанышым!
    (ЭССЕ)

    Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», – деп халқымыздың ұлы ақыны, ойшылы, сазгері, қара сөздің қас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» деген атты дүнеде өз орнын табуға тырысады, яғни өседі,көреді, өнеді,тәрбиленеді. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, қалаған мамандықтарының қызығын көреді. Балалық шақта кішкене сәби жүрек қиялшыл, жақсыға құмар еліктегіш болып келеді. Бала кезден мен армандаған мамандық-ұстаз болу еді. Қазіргі таңда сол мамандықтың иесі болып табыламын.
    Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
    Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
    Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
    Ұстаз болу – адамның асылдығы,-
    деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғанымды мақтан етемін. Себебі ұстаз болу-жай мамандық емес. Ұстаздық-қызық та бейнеті көп мамандық.Осы орайда менің мақсатым: тек білім қағидаларын меңгерту ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі тануға, дамытуға ұмтылатын,ақылды да алғыр, қабілетті, өз көзқарасын ашық айта алатын балаларды тәрбиелеу. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. Мұғалім үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, үйренсем, білсем, таныссам деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл ұстаз, мұғалім мамандығына арнап айтылған мақал.
    Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, өз еңбегімнің жемісін көріп, мектеп деген үлкен өзенде жүзіп келе жатқаны – өз мамандығымды шексіз сүюден болар. Біріншіден – өз мамандығымды сүйдім, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз істеріме сүйсіндіре білдім. Бұл мұғалім үшін үлкен қуаныш.
    Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Менің ойымша, ұстаз болу – кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек.
    Ұстаз сөзінің ұғымы мен үшін кең дүние. Оның ең негізгі мәні – жақсылыққа тәрбиелеу, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдіреді. Ұстаз бен шәкірт сүйіспеншілігі – адам баласының қатынастарының ең бір абзалы, әрі мағыналы, мәнді түрі.
    Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы.. тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

    К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім – ол өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім.Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды» деп бекер айтпаған.Сол үшін де ұстаздықтың қыр-сырын жетік меңгеріп, игеру жолында тынбай еңбек етуді мақсат етуде. Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, құрметті ұстаздар, өз мамандығын, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйе отырып, осы іске деген қызығушылықпен, әрбір ізденіс, әрбір іс- қимылымыз тек оқушыға, оның біліміне, оның болашағына ғана арналса, шәкірттеріміз сол білімді жоғары дәрежеде көрсетіп, ақылды да алғыр, қабілетті, өз көзқарасын ашық айта алатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелейтініміз күмәнсіз.

    Өзін-өзі тану пән мұғалімі: Сагындыкова А.Е

  14. Жұмасейтова Ағима

    Сәлеметсіздер ме, “Ақтөбе” газетінің ұжымы. Мен Сіздің газетінізді үнемі оқимын, яғни тұрақты оқырмандардың бірімін. Кішкентай қызымның әжесі туралы жазған мақаласын газет бетіне жариялауларыңызды өтінемін!

    Менің әжем
    Менің әжемнің аты – Амангүл. Биыл жетпіс бір жасқа толады. Әжем өте жақсы адам. Ол айналасындағы адамдарға жамандық ойламайды. Мен әжемнің мені демеп отыратын қасиетін жақсы көремін. Ол үнемі бастаған ісін аяқтамай қоймайды. Оның жақсы көп қасиеті бар. Оны сөзбен жеткізе алмаймын. Менің әжем өте мейірімді. Сондықтан да мен әжемді өте қатты жақсы көремін. Әжеме ұзақ ғұмыр тілеймін!
    Ақтөбе қаласы,
    Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектеп ,
    1 «В» класс оқушысы Мұрат Лаура Ғаниқызы

  15. Кәрібай Ғазиза Берікқызы

    Саламатсыздарма! Мен, Кәрібай Ғазиза Берікқызы Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Қазіргі таңда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің Баспа ісі мамандығының 2 крус студентімін. Сіздерге өз мақаламды жіберсем, жариялай аласыздар ма,

  16. Саламатсыздарма!

    5 тамыз 2004 жылы “Ажибай би-шешен” атты макала шыккын. Аймагамбетов.
    онын электрондык тури Сизде бар ма?

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>