Басты бет » Жаңалықтар » «Ақтөбе ажары» тұрғын үй кешені: екінші үй құрылысы аяқталады

«Ақтөбе ажары» тұрғын үй кешені: екінші үй құрылысы аяқталады

Қалалық әкімдікте өткен кездесуде 11-шағын ауданда орналасқан «Ақтөбе ажары» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау мәселесі күн тәртібіне қойылды. Осы жиыннан кейін Әбілқайыр хан даңғылындағы екінші 25 қабатты зәулім үй құрылысын аяқтаудың нақты мерзіміне сенімділік пайда болды.

Бұл кездесудің алдында қалалық әкімдік үлескерлермен, «Лашын Инвест Холдинг» ЖШС құрылысшыларымен, банкпен көптеген жұмыстар жүргізді. Экономикалық дағдарысқа байланысты тұрғын үйдің екінші блогының құрылысы аяқталмай қалғаны белгілі. Мұндай жағдай еліміздің барлық қалаларында қалыптасты.

Бірақ өткен жылы қала және облыстың атқарушы органдары бастамашыл топпен, үлескерлермен, қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесіп үй құрылысын әрі қарай жалғастыруды қамтамасыз ету жөніндегі қалыптасқан қаржы және ұйымдастыру мәселелерінің тұтастай кешенін шешу үшін шаралар алды. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып, жазылды.

Алматы қаласындағы «Казкоммерцбанктің» бас офисінде құрылысшылардың қауырт жұмысы әлі де жалғасып жатқандықтан, екі апта бұрын үлескерлер жиналысында қала әкімі Архимед Мұхамбетов бүгінгі кездесу күнін белгілеген болатын. Мәселенің оң шешілуіне сенімді болу үшін әкімнің өзіне де Алматыға баруына тура келді.

«Лашын Инвест Холдинг» ЖШС президенті Асқар Сабанқұлов іс жағдайы туралы баяндады және «Казкоммерцбанктің» құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыруды қаржыландыру туралы оң шешім қабылдағанын хабарлады. Қазіргі уақытта іс жүзінде барлық құжаттарға қол қойылды.

А. Сабанқұловтың айтуы бойынша, екінші блокты мұнараға  126 пәтер кіреді, 87 пәтерді үлескерлер сатып алған, 28 пәтер, яғни 27%-ы сатылмаған. 1 мың шаршы метрден астам коммерциялық аумақтар бар.

«Казкоммерцбанк» екінші бөлікті қаржыландыруға шешім қабылдады және жұмысты аяқтауға 300 млн.теңге бөледі.

Банк «Мастер Хауз» инжинирингтік компаниясын жалдады, ол құрылыс барысын және бөлінген қаржының жұмсалуын бақылайды. Бүгінде осы компания мамандары тұрғын үй кешенінің салынып бітпеген екінші блогына, құрылыс құрастырмаларының, құрылыс материалдарының мөлшеріне, қаржы жағдайына сараптама, техникалық тексеру жүргізді. Бұл бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуын әрі қарай бақылау үшін қажет.

Сонымен бірге, «Казкоммерцбанк» кейінге қалдыратын шарттары бар құрылысты жалғастыруды қаржыландыруға шешім қабылдады. Бұл мәжіліске арнайы келген «Казкоммерцбанк» АҚ корпоративтік қатынастар департаментінің директоры Нұрлан Аппоз несиелендіру шарттарына толық тоқталды.

Банк үлестік құрылысқа қатысушы және салымшы есебінде болғандықтан және «Самұрық Қазына» СҚ түріндегі мемлекет қосымша құрылтайшы болып табылғандықтан, банк құрылысты тездетіп бітіруге мүдделі. Олардың Астана және Алматы қалаларында осындай жұмыс тәжірибесі бар. Құрылысшы жүргізушілерге қойылған көптеген талаптар орындалды. Дегенмен, барлық үлескерлердің келісімімен шешуге болатын мәселелер де бар. Пәтерлер иелері шартқа қосымша келісімге қол қоюлары керек. Шартта құрылыс мерзімін 2011 жылдың екінші тоқсанына дейін ұзарту келісімі қарастырылған.

Кездесу кезінде 87 үлескердің 47-сі ғана шартқа қол қойды. Кейбір үлескерлерді шартқа қосымша келісімнің жекелеген тармақтары алаңдатты.

А. Мұхамбетовтің «құрылысшы есебіне алғашқы банк қаражаты қашан түседі?» деген сауалына Н. Аппоз «осы келісімге барлық үлескерлер қол қойғаннан соң ғана» деп жауап берді.

Сонымен, банк құрылысты аяқтауға қажет қаражатты бөлуге дайын, мердігер ұйым «Промресурс» ЖШС басшысының сендіруі бойынша жұмысты бастауға және жақын күндері үш құрылыс бригадасын шығаруға әзір екенін айтты. Сонымен қатар, бүгінгі күні құрылыс материалдарын дер кезінде жеткізу мәселелері де шешімін тапты.

«Ендігі басты мәселе қысқа мерзімде қалған үлескерлердің шартқа қосымшаға қол қоюы», — деп қорытындылады қала әкімі.

Кездесу барысында А. Мұхамбетов бірқатар тапсырмалар берді. Мәселен, бастамашыл топ құрылысшылар және банктер арасында қол қойылған құжаттармен, қаржыландыру шарттарымен танысуы тиіс. Таяудағы бес күн ішінде бастамашыл топ, құрылысшылар және қалалық сәулет бөлімінің қызметкерлері әрбір пәтер иесімен жұмыс істеп, қосымша келісімге қол қоюды қамтамасыз етуі қажет.

Одан әрі қала әкімі құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты және қатаң кестесін әзірлеп беруді тапсырды.

Жұмыстарды екінші тоқсанда аяқтау – бұл белгіленген мерзім, бірақ құрылысты және ішкі әрлеуді 2011 жылғы сәуірдің соңы мен мамырдың басында аяқтауға күш жұмылдыру керек.

Қорытынды шығара отырып, әкім бүгінгі шешім ұзаққа созылған құрылыстың аяқталуына нүкте қоятынына сенім білдіріп, қатысушыларға жұмысты тездету жөнінде бірқатар ұсыныстар жасады.

Кездесуге барлық қатысушылар, ал олар құрылысқа үлестік қатысушылардың жалпы санының үштен екісі болатын, созылып кеткен мәселені тез арада шешу қажеттігімен өздерінің келісетіндерін білдірді.

Сонымен, «Казкоммерцбанк» құрылысты және тұрғын үй кешенінің үшінші блогын 900 млн.теңге сомасында қаржыландыруға тілек білдіріп, құжаттарды рәсімдеу бойынша қала әкіміне өтініш жасады. Осы мұнара құрылысы басқа сызба бойынша жүргізілетін болады. Алдымен бөлінген ақшаға үй салып, одан кейін пәтерлерді тілек білдірушілерге сату көзделінген.

Қала әкімі айтқандай, құжаттарды рәсімдеуге билік көмектеседі, бірақ қазіргі сәтте екінші мұнара құрылысын аяқтау басым міндет болып табылады.

Қала әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*